Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ҚОСЖҮПАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ немесе



Pdf көрінісі
бет240/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ҚОСЖҮПАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ немесе
КИВСЯКТАР - DIPLOPODA
50000-ға жуық түрі бар. Антарктидадан басқа барлық конти- 
ненттерде таралған ылғалды, жабық жерлерде мекендейді. Шіріген 
органикалық қалдықтармен және детритпен қоректенеді, орманның 
топырақ түзілісі мен минерализациясына қатысады. Кейбіреулері 
өсімдіктердің зиянкестері (тамырды зақымдайды).
Цилиндр тәрізді, дөңес-шығыңқы немесе шар тәрізді денесі қа- 
лың хитинді кутикуламен қапталынған. Басы денесінен айқын (мойын 
арқылы) бөлінген, мұртшалары қысқа, қарапайым құрылысты, ауыз 
қуысында тек жұп жоғарғы жақ мандибула және жұпсыз гнато- 
хилярий бар. Мойын сегментінің аяқтары жоқ. Тұлға бөлімі біршама
367


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ұзын және бірдей сегменттелген. Аяғы 12 жұптан (шыбыққұйрық- 
тыларда) 375 жұпқа дейін (тропикалық кивсяктарда). Алдыңғы I, 2, 
4-ші сегменттерінде аяқтары бір жұптан, ал қалғандарында 2 жұптан 
(осыдан да атауы қосжұпаяқтылар), тек соңғы 1-3 сегменттері аяқсыз 
(129-сурет).
Сегменттерінің әрқайсысында екі жұп аяқтарының болуы, екі 
сегменттің бір-бірімен қосылғандығын көрсетеді, яғни денесінің 
төменгі жағында әрбір сегментінің екі стерниті айқын көрінеді, 
осылармен бірге екі жұп аяқтары бар. Көпшілігінде денесінің әрбір 
сегментінде 1-2 улы қорғаныш бездері бар, шығарған секреттерінің 
сұйықтығында синиль қышқылы көп. Дамуы анаморфоз немесе 
гемианаморфоз жолымен өтеді. 13 отряды бар. Соның ішінде кивсяк- 
тар - Juliformia, шыбыққұйрықтылар Pselaphognatha, көпбайланыс- 
тылар 
Polydesmoidea, сауытты көпаяқтылар - Oniscomorpha.
Кивсяктар 
үш отрядының біріктірілген атауы (Julida, Spirobolida, 
Spirostreptida). Үзындығы 1-30 см. Қорғаныш бездерінен шығатын 
секреті улы болып келеді.
Дамуы анаморфозды, кейбір түрлеріне периодоморфозы тән, яғни 
ересек аталық түрі түлеудің нәтижесінде личинкаға айналады, ол 
одан кейін тағы да түлеп ересек түріне айналуы немесе солай личинка 
түрінде қалып қоюы мүмкін.
30000-нан аса түрі бар, негізінен тропикалық және субтропикалық 
және қоңыржай белдеулерде кездеседі. Негізгі өкілдері: құм кивсягі 
(Schizophyllum sabulosum), сұр кивсягі (Sannatoiulus kessleri), теңбіл 
кивсягі (Blaniulus guttulatus), қрым кивсягі (Pachyiulus flavipes), бұлар 
ормандар 
мен 
далаларда 
мекендейді, 
топырақтүзушілер, 
кейбіреулері өсімдікке зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет