ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
солтүстіктегі ормансыз мүк басқан даладан басқа) кездеседі. Негізгі
өкілі
кәдімгі костянка (Lithobius forficatus) ұзындығы 25 мм,
бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында, тұрғын үйлерде
де кездеседі (ылғалды жерлерде). Үсақ насекомдармен, кішірек
жауын құрттарымен қоректенеді. Шаққан уы омыртқасыз жануар-
ларға өте қауіпті (130-сурет).
Скутигера немесе шыбынұстагыштар
отрядының өкілдерінің
мекені көп жағдайда құрлықта, құрғақ жерлерде. Үзындығы
15 мм-
ден 35 мм-ге дейін. 15 жұп жүру аяқтары ұзын, жіңішке, табаны
көпбуынды болып келеді. Құрғақ жерлерде тіршілік етуіне байла-
нысты олардың эпикутикула қабаты жақсы дамыған және трахея
жүйесіне ауа қапшықтары жалғасады. Көздері көптеген майда
көзшелерден құралып, насекомдардың фасеттік көздеріне ұқсас. 300-
ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі
Scutigera coleoptrata, ұзындығы 16-
26 мм, Кавказда, Қырымда, Жерорта теңіз аймақтарында кең тараған,
біздің елімізде де кездеседі. Жапырақтардың арасында, тастардың
астында, тұрғын үйлерде мекендейді. Кешкірім шыбындарды,
масаларды ұстауға шығады (осыдан да шыбынұстағыш деп атаған).
Көбею
кезінде
аталықтары сперматофораларын жерге жабыстырады,
аналықтары оларды жыныс тесігімен жинап жұмыртқаларын
ұрықтандырады да, бір-бірден сыртқа шығарады. Личинкалары ере-
сек формаларына ұқсас, тек соңғы сегменттері (аяқтарымен) жетіс-
пеген. Бірнеше түлеу арқылы сегменттерін жетілдіріп, ересек
түрлеріне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: