Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Геофилалар  топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыс- 36 4



Pdf көрінісі
бет238/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Геофилалар 
топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыс-
36 4


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тарында мекендейді, сондықтан денелері ұзын, жіңішке, лента тәрізді. 
Жүру аяқтарының саны 31-ден 177-ге дейін. Мұртшаларының буыны 
14, көздері жоқ, соңғы жұп аяқтары құрылысымен, атқаратын 
қызметімен мұртшаларға ұқсас. Геофилалар жыртқыштар, насеком- 
дармен қоректенеді, кейде жауын құртына шабуыл жасайды. Өсімдік 
қоректілері де бар. Үрықтану кезінде аталықтары топырақтың 
жарықшақтарына өрмек жіптерін керіп, соған сперматофораларын 
жапсырады. Аналықтары гоноподия аяқтарымен сперматофораларды 
іліп алып, жыныс тесігіне енгізіп, жұмыртқаларын ұрықтандырады. 
Шығарған жұмыртқаларын денесімен орап алып, ұрықтары 
шыққанша қоректенбей жатады. Негізгі өкілдері: Escaryus retusidens, 
Pachymerium ferrugineum, Mixophilus indicus. Орталық Азияда 
геофилалардың ұсақ (3-4 см-ге дейін) түрлері жиі кездеседі (Geophi- 
lus туысынан).
Сколопендралар 
ең ірі ерінаяқтылар, мысалы, алып сколопен- 
драның (Scolopendra gigantea) ұзындығы 26 см. Бұлар тропиктік және 
субтропиктік аймақтарда мекендейді. Оңтүстікте аздаған түрлері 
бар. Тропикалық түрлерінің түсі сары, сарғыш-жасыл, ашық-жасыл, 
көк. Біреулерінің арқасындағы сарғыш фонында ұзынынан көк 
немесе қара жолақтары болады. Сколопендралар жыртқыштар, үсақ 
омыртқасыздармен (насекомдар, өрмекшілер, моллюскалар) қоректе- 
неді және де кесіртке, бақа, құрбақа, кішірек құстарға шабуыл 
жасайды. Өсімдік қоректерінен де бас тартпайды. Сколопендралар- 
дың уы адамдарға да эсер етеді, кейде сколопендраның жүріп өткен 
тері бетінде, оның тырнақтарының іздері қалады (қызыл дақтар 
катары). Кариб теңізінің жағалауында және Оңтүстік Американың 
солтүстік батысында кең тараған алып сколопендраның шағуы адамға 
өте қауіпті.
Сколопендралар түнгі жануарлар, күндіз ылғалды, қараңғы 
тасаларда, тастың астында жасырынып жатады. Кейбіреулері тастың 
астында тереңдігі 2,5 см-дей, диаметрі 10 см-ге дейін тұрғын каме- 
расын қазады. Сколопендралардың 21 жұп жүру аяқтары бар, ең 
соңғы жұбы ерекше қорғаныш және шабуыл құралына айналған, бұ- 
лар ұзарған, ұшы иілген, үшкірленіп бітеді, қылтәрізді аяқтар деп 
аталады.
Көбеюі кезінде едәуір ұзақ неке ойындары орындалады. Хорст 
Фюллердің айтуы бойынша неке ойыны үш фазада жүреді, әрбір 
фазасы сағаттар бойы созылады. Ойынның соңғы фазасында аталығы 
жолдың қабырғасына немесе іннің бір жеріне өрмек жіптерінен өрмек
365


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
шеңберін түзейді де, оның астына ұзындығы 2 мм-дей спермато- 
фораларын салады. Аталығы аналығын соңынан ертіп шеңбер арқылы 
өтеді, сол кезде аналығы денесінің артқы ұшындағы ерекше жыныс 
мүшелерімен сперматофораларды жинайды. ¥рықтанған соң аналығы 
інге немесе басқа бір ыңғайлы жерге 15-20, кейде 33-ке дейін 
жұмыртқаларын салады, оларды бөліп шығаратын сұйықтықпен 
біріктіріп орайды да, өзінің ұзын денесімен жабады. Осы күйінде 
аналығы ештеңе жеместен бірнеше апта бойы жатады, тек анда-санда 
жұмыртқаларына саңырауқұлақ немесе бактерия инфекциялары 
жұқпау үшін, оларды жалайды. Жұмыртқадан шыққан “қырықаяқ- 
тар” аналығына өте ұқсас, тек әлі аппақ және қозғалмайды, үшінші 
түлеуден кейін қозғалғыш болып, аналықты тастап, әрқайсысы өз 
жолымен кетеді.
Сколопендралардың кейбір түрлері партеногенез жолымен 
көбейеді. Мысалы, Солтүстік Кавказда, Оңтүстік Украинада сколо- 
пендралардың тек аналықтары ғана кездеседі.
Сколопендралар отрядына екі тұқымдасы жатады: нағыз сколо- 
пендралар 
Scolopendridae және соқыр сколопендралар 
Cryptopi- 
dae, 900-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілдері: алып сколопендра (Scol- 
opendra gigantea), сақиналы сколопендра (Scolopendra cingulata), 
калифорния сколопендрасы (Scolopendra heros), ризида (Rhysida 
afra), жапырақаяқты сколопендра (Alipes), дала соқыр сколопендрасы 
(Cryptops anomalans). Соңғысы біздің елімізде жиі кездеседі, ұзын- 
дығы 4 см, сарғыш түсті, шапшаң қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет