Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha



Pdf көрінісі
бет41/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Денесінде кірпік- 
шелері жоғалған, тек ауыз айналасында оң жаққа бұралған мембра- 
нелласы бар. Тинтиноидтер Tintinnoidae тұқымдастарының денесі 
жұқа қоймалжың қабыршақтың ішінде орналасқан, өкілдері теңіз- 
дерде планктон қабатында қалқып жүзіп жүреді.
СОРҒЫШ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - SUCTORIA
Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа 
сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі,
жұтқыншағы жоқ, тек дамуының алғашқы кезеңдерінде ғана 
кірпікшелері болады, кейін олар жойылып кетеді.
Денесінде сорғыш таяқша-
лары немесе қармалауыштары 
болады, бұлар ұзын, жиырыл- 
ғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқ- 
шалары арқылы басқа кірпік- 
шелі инфузорияларды ұстап 
қоректенеді. Таяқшалары өте
2 4 -с у р е т .
Бауыр кірп ікш елілер 
(Hypotricha): A 
Stylonichia mytilus 
бауыр жағынан; Б 
сол түрі бүйір 
жағынан; 1 
алдыңғы цирралар, 

ауыз мембранелла, 3 
перистом, 

артқы цирралар, 5 
ас қорыту 
вакуолі, 6 - макронуклеус, 7 микро­
нуклеус, 8 - арка қылтандары, 9 - жиы- 
рылғыш вакуолі
70


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
25-cypem .
Сорғыш инфузориялар (Suctoria): A - Sphaerophrya sp. - кірпікшелі 
инфузорияларымен қоректену кезі; Б - Dendrocometes paradoxum; В - Ephelota 
gemmipara - сыртгай бүршіктенуі; Г-Д - Tokophrya cyclopum - іштей бүршіктенуі;
1 - сорғыш таяқшалары, 2 - ұсталынған кірпікшелі инфузория, 3 - жиырылғыш вакуолі,
4 - макронуклеус
сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар 
сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқша- 
лардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын 
ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады (25-сурет).
Таяқшалары денесінде радиальды түрінде (Sphaerophrya) 
шоғырланып немесе арнайы өсінділерінде “қолдарында” тарамдалып 
орналасқан (Dendrocometes) ұзын немесе қысқа. Таяқшаларының 
осындай құрылысты болуына байланысты оларды сорғыш және 
ұстағыш таяқшалар деп атайды. Сорғыш таяқшалар қоректену, ал 
ұстағыш таяқшалар жемді ұстау және өлтіру қызметін атқарады.
Сорғыш инфузориялардың 500-ге жуық түрі бар. Субстратқа 
ұзын немесе қысқа сабақшасымен бекініп тіршілік етеді. Дене пішіні
71


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
сопақша, шартәрізді немесе бұтақталған. Ядросы екеу: вегетативті- 
макронуклеус, көбеюден баска денедегі барлық зат алмасу қызмет- 
терін реттейтін және генеративті-микронуклеус тек қана көбею 
қызметін атқаратын. Тұщы суда тіршілік ететін сорғыш инфузория- 
ларда жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған және ол зәр шығару, 
осмос қысымын реттеу, тыныс алу қызметін атқарады.
Сорғыш инфузориялар жыртқыштар, кірпікшелі инфузория- 
лармен қоректенеді. Кейбіреулері эктокомменсалдар, айрықша 
дамыған аяқшалары немесе табаншасымен басқа жануарларға, 
әсіресе шаянтәрізділерге жабысып тіршілік етеді, мысалы Тосорһгуа 
cyclopum. Кейбір түрлері инфузориялардың паразиттері, мысалы 
Sphaerophrya stentor және S.sol.
Сорғыш инфузорияларды кірпікшелілер типіне жатқызу себебі 
бұлардың макронуклеусінің, микронуклеусінің болуы, жынысты 
конъюгация жолымен көбеюі және дамуының алғашқы кезеңінде 
кірпікшелерінің болуы.
Сорғыш инфузориялардың жыныссыз көбеюі сыртқы немесе ішкі 
бүршіктену арқылы өтеді. Пайда болған бүршіктер анасының 
денесінен үзіліп, біраз уақыт кірпікшелері арқылы суда еркін жүзіп, 
содан кейін кірпікшелерін жойып, сабақша арқылы судың түбіне 
бекініп, сорғыш қармалауыштарын шығарып ересек түріне айналады. 
Жынысты көбеюі конъюгация жолымен өтеді, бірак конъюгация 
процесі жақсы зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет