ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Parazoa
төменгі сатыдағы көп клеткалылар. Бұлардың дене
құрылысында тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары болмайды.
Осыларға губкалар Spongia типі жатады.
Eumetazoa нағыз көп клеткалылар. Олардың тканьдері, мүшелері,
нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa қатарындағы
жануарлар мүшелерінің белгілі ретімен орналасуына немесе дене
симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі
(радиальды) - Radiata және билатеральды (екі жақты)
Bilaterata
симметриялы жануарлар.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі эктодерма, энтодерма
қабаттарынан тұратыңцықтан оларды қос қабаттылар - Diploblastica
деп те атайды. Бұларға ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер
- Ctenophora типтері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: