Қазақ даласындағы рухани-адамгершілік туралы ойлар
255
Ш.Құдайбердиевтің «Үш анық» философиялық трактаты ұлттық мәдениетіміздің асыл
қазынасы болып табылады. Ақынның педагогикалық, психологиялық, философиялық ойлары
бүгінгі таңда да өзінің құндылығымен ерекшеленеді. Шәкәрімнің «арлы азаматы» – жақсы мен
жаманның жігін ажыратып қана қоймай, сөз бен істе түзу, әділ жолдан ауытқымайтын,
орынсызды айыптайтын, намысшыл жігіт. Шәкәрім адамды басты құндылық деп білді. Ол
басқаның еркіндігін мойындау арқылы адамды адам ретінде бағалау дегенді білдіретініне сенімді
болды. Адамшылық арқылы ғана адамдар бақытқа жете алады. Сондықтан, Шәкәрімнің ойынша,
әрбір адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту керек. Ол үшін адам өзін-өзі тануы
қажет. Сонда ол ақиқатты таниды. Сөйтіп, ақын адамды ақиқатты тануға шақыра отырп,
адамдыққа тәрбиелейді. Ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Халықтың әні кетсе, әдебиеті
жесір қалады, сәні кетеді. Сәні кетсе, жөні кетеді» деп тегіннен тегін айтпаған. Ақынның көтерген
тәлімдік мәселенің бірі – рухани даму, рухани тәрбиенің өзегі ана тілін құрметтеу, тілге деген
сүйіспеншілік. Ұлттық тіл арқылы жастарымыздың сана-сезімі, ой-өрісі кеңейіп, әдет-ғұрпын
қадірлеуге деген көзқарастары қалыптасады деген ой түйеді ол.
А. Байтұрсынов тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан да қазіргі күн талап-тілегімен ұштасатын
тың идеяларды кездестіреміз. Ол өнер ғылым арқылы жасалады дей келе, адамның рухани
сұраныстарын өтеуге қызмет ететін өнердің түрлерін талдап көрсетеді. Сәулет өнері, кескін өнері,
музыка өнері, сөз өнері адамды әсемдікті көре білуге, табиғат сырларын танып білуге
тәрбиелейтіндігін ашып айтады. Педагогика ғылымының тарихында өзіндік орны бар ағартушы-
педагог М. Жұмабаев өз еңбектерінде ежелгі Шығыс ғұламаларының ой-пікірімен үндестіре, Абай
тұжырымдарымен байланыстыра отырып сана-сезімі мол, мінезге бай толық адам тәрбиелеу
мәселелерін көтереді. Балалардың рухани жан дүниесін қалыптастырып, эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеу туралы өзіндік ойлары «Педагогика» еңбегінде айқын көрінеді. Қазақ әдебиеті мен
мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытовтың да бүгінгі ұрпаққа беретін тәлім-
тәрбиелік ойлары жетерлік. Жастардың рухани тәрбиесінің қайнар көзі – білімді өте жоғары
бағалайды. Білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айтады. Халық қазынасын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізетін халықтың тілі деп, оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-
мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екенін көрсетеді. Тарихи дамуға көз жіберсек,
халқымыз бала тәрбиелеуде адамгершілікке мән беріп мұны ұрпаққа, халық
шығармашылығы арқылы жалғастырып отырған. Мәселен, халқымыздың мақал –
мәтелдер, жай ғана айтылған ұқсас сөздер емес, олардың тәрбиесінің негізгі ұстанымы –
адамгершілік мәні болған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Заманына
қарай адамы», «Әдептілік ар-ұят адамдықтың белгісі» т.б.кісілік қасиеттерді
парасаттылықты арқау еткен мысалдар дәлел бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әл-Фараби. Избранные трактаты. - Алматы: Ғылым, 1994. - 446с.
256
2. Баласағұн Ж. Құтты білік /ауд. А. Егеубаев // Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. -
Астана: аударма. 2005. Т.5. Б.230-264.
3. Ясави К.А. Диуани Хикмет. Казан 1901.
4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралар. – Алматы: Рауан, 1991. – 200 б.
5. Абай. Шығармаларының 2 томдық жинағы. – Алматы: Жазушы, 1995. – 335б.
6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері. -
Алматы: Ана тілі, 1992.-448б.
7. Кудайбердиев Ш. Отражение казахской жизни. Семипалатинск, 1972. - 124б.
8. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995 - 463б.
Достарыңызбен бөлісу: |