254
қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа
шақырады. Абайдың көтерген мәселелері – рухани-адамгершілік, ынтымақтастық, татулық,
әділдік, еңбексүйгіштік, адалдық, талапкерлік, т.б. Сонымен қатар
ойшыл өз шығармаларында
тұлға бойындағы рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің
қалыптасуына көңіл бөлген. Бұл мәселелерді ол жеке, жалаң түрде алмай, мақалдарды талдау
барысында
зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылдық тәрізді мінез-құлықтарға қарсы
қоя отырып қарастырады. Ақын шығармаларының негізі – рухани-адамгершілік және
имандылыққа тәрбиелеу. Абайдың рухани әлемі, оның зерттеу нысаны – адам. Абай өзінің барлық
шығармашылығын жастарға «адам бол», «азамат бол» «қатарыңнан қалма» деген философиялық
қағидаға негізделген философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарасында «адамгершілігі
мол адам – қоғамға ең пайдалы адам» деп тұжырымдаған. Абайдың ойынша «адамгершілік –
махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және бәрін шешеді», яғни рухани тәрбие –
адамдарды адамгершілікке, білімге,
еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан
дүниелерінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Абайдың «толық адам» ілімі – адам, адамилық,
адамгершілік принциптеріне негізделген.
Ағартушы Ы. Алтынсариннің ұрпағын адамгершілікке уағыздаған өсиет-уағыздары, үгіт-
насихаты, адамды жақсы мінез-құлыққа дағдыландыруға үндейтін құнды еңбектерінің бірі –
«Мұсылмандықтың тұтқасы». Кітаптағы «Ахлақ яғни, адамдарға тиісті, тиіссіз мінездер
турасында» деген бөлім атының өзі-ақ мазмұнын айқындап тұр.
Кітапта адам мінезіндегі,
ойындағы, пейіліндегі нелер жамандық, зорлықшыл, зұлымдық, қиянатшыл, өтірік, күншілдік,
ешкімді менсінбейтін тәкаппарлық, «сырттан жақсы көрінген болып жүріп,
ішкі көңілі
бұзықтықта яки, дүниеге пайдасына ғана керекті пиғылда болу...», арамдық, ақымақтық,
парақорлық, екіжүзділік, сараңдық, ұрысқақтық, ысырапшылдық, тағы басқа келеңсіздіктердің
мазмұны мен түрлері толық талданады. Сондай-ақ, Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы»
еңбегінен оның рухани-адамгершілік тәрбиені бірінші орынға қойғанын айқын байқаймыз.
Оқулықта балаларды қазақтың әдеби мұраларымен
ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті
үлгілерімен де сусындатқан. Ағартушы хрестоматия мазмұнына қазақтың төл әңгіме, аңыз,
ертегілеріне зор мән берген және олардың бәрінің рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеуін
басты назарда ұстаған. Яғни оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат етіп
біршама жүзеге асырған деген тұжырымға келеміз. Өйткені ол жеткіншектерге ұлттық және және
жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре отырып үйрете білді.
Достарыңызбен бөлісу: