331
мамандар мен қызметкерлерді шақырып, «Шығыс Түркістанның экономикалық дамуы»
үшін олардан несие ала бастағанын мойындап отыр. Демек, Шың Шұрын (Изинь Шу-
Жэнь) тәрізді бүгінгі Үрімші Үкіметі де Мәскеудің уысына түскені көрініп отыр. Олай
дейтін себебіміз Мәскеу қызметкерлері, Мәскеу мамандары, Мәскеу қаржысы тек
Мәскеудің мүддесі үшін ғана қызмет ететін болады. Оның үстіне Шығыс Түркістандағы
Қытай Үкіметі Мәскеуге ешқандай бір шарт қоя алатын халде емес. Оған шамасы
жетпейді. Шығыс Түркістандағы «Мәскеу мүддесі» дегеніміз, бұл өлке сөз жүзінде
Қытайдікі, іс жүзінде Мәскеудікі дегеннен басқа ештеңе емес» [8].
Шығыс Түркістан халқының ұлт-азаттық күресіне Мұстафа Шоқай барлық түркі
тектес халықтар мен әлемнің кез-келген халықтарының да қолдауын қалайды. Ол «Шығыс
Түркістан халқы да әлемнің басқа еркін, азат халықтары сияқты өз тағдырын өзі
айқындауын қалайды.
Мұстафа Шоқай сол заманның қитұрқы саясатына сәйкес, ұлттық тәуелсіздік
жолындағы күрестерге отаршыл мемлекеттердің қолданатын сан қилы арандатушылық
әрекеттерін, ұлттық қозғалыс күштерінің арасына іріткі салу, ұлт көсемдері туралы түрлі
жалалы қауесет тарату сияқты әрекеттердің болып тұратынын ескерте келе былай дейді:
«Ұлттық күрестің мүддесі осы күреске белсене қатысқан әрбір жеке адамның мүддесіне
немқұрайлы қаралмауын талап етеді… Ұлттық қозғалыстың жаулары оның басшылары
мен қосшылары хақында алуан түрлі өсек-аян таратады. Қазіргі жағдайда ұлттық
қозғалыстарды басқарып, жетекшілік ететін жеке тұлғаларды қорғап қана қоймай олардың
беделін арттыруға да күш салуымыз керек. Жауларымыздың оларға қастандық жасауына
жол бермеуіміз тиіс. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басшылары мен
өкілдеріне сыртқы әлемнің назарын аудару, оларға халықаралық жұртшылықтың
симпатиясын тудыру қазіргі кездегі біздің ең маңызды міндетіміз болып табылады.
Ұлттық мүдделеріміз осы міндеттің толық орындалуын талап етеді»[9].
Мұстафа Шоқай Қытайға барлық жағынан жан-жақты көмектесіп отырған Кеңес
Одағы туралы, өзіне ата жау санаған Кеңестік өкіметке деген жек көрінішті көзқарасын
былайша көрсетеді: «Қытайдың тағы бір төртінші жан ашыры – Кеңестік Ресейге келсек,
ол Моғолстан мен Шығыс Түркістанды Қытайдан бөліп алып өзіне тәуелді етуді көздейді.
Кеңестік Ресей коммунизм идеяларын таратып, Қытай ұлттық төңкерісінің партиясы
Гоминданды іштен ірітуге тырысты. Ол-ол ма, Кеңестік Ресей мұнымен де тынған жоқ.
Қытайдың 20 млн тұрғыны бар аумағында Кеңес өкіметін құрып, бұл елді ұшы-қиыры
көрінбейтін азамат соғысына сүйреп түсірді. Орыс большевиктері Қытай коммунизмінің
орталығы – Кантон қаласын екінші Мәскеу деп атайды. Олар Қытай коммунистерімен
бірге жүргізе отырып, Америка мен Еуропа капиталдарын Қытайдан, жалпы Азиядан
ығыстыруда. Қытайға болысып жатқан достарының жай-күйі, міне, осындай».
Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістан» журналында жарық көрген «Қытайлар мен
Кеңес өкіметінің Шығыс Түркістандағы достығы», «Шығыс Түркістан мәселесі
төңірегінде», «Шығыс Түркістан, сыртқы дүние және біздің міндеттеріміз», «Шығыс
Түркістанда» деген мақалалары халықаралық қауымдастықта түркі халықтарының ұлттық
бостандық үшін күресі төңірегінде оң пікір қалыптастыруға көмектесті деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: