341
мен патшаның жергілікті шенеуніктерінің халықты басынған озбырлық әрекеттері
болғаны туралы жазды. Жастық шағының студенттік кезеңі империяның саяси
орталықтарының
бірі
Санк-Петербургте
өткен
Мұстафаның
саяси-қоғамдық
көзқарасының қалыптасуына университетте оқып жүрген кезінде түрлі ағымдармен таныс
болуы, түркі жастарының азаттық шерулеріне қатысуы, Мемлекеттік думаның мұсылман
фракциясы жанындағы кеңесші бюро жұмысына араласуы да әсер етті [2,92б]
Мұстафа өзінің бүкіл ғұмырын
туған халқының ғана емес, тұтас Түркістан
аумағындағы түбі бір түркі жұртының бірлігі мен тәуелсіздігі, өз алдына дербес мемлекет
болуы жолындағы күреске арнады, соңғы демі біткенше: «Түркістан үшін өлу, Түркістан
үшін жан беру бәрімізге бір мақсат, бір мухаббәт уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек!» –
деп өтті. Мұстафа Шоқай көксеген Түркістан автономиясы, тарихшы ғалым Мәмбет
Қойгелдінің пікірінше, «...жай бір қалалық, тұйық саяси құбылыс емес еді. Бірақ кеңестік
тарихнама оның тарихи маңызын төмендетіп көрсету үшін сондай мағына беруге
тырысты».
Ұлттық тұтастыққа, қазақ елін тәуелсіз, іргелі ел етуге деген ұмтылыс өткен ғасырдың
басындағы Алаш зиялыларына ортақ мақсат болды. Тек оны жүзеге асыру мәселесіне
келгенде, әрқайсысы әртүрлі жолды таңдады. Мысалы, 1917 жылы алаш қайраткерлері,
интеллигенциясы арасында қазақ облыстарының Түркістанмен бірігу мүмкіндігіне
байланысты қарама-қарсы екі пікір болды. М.Шоқай идеясын қолдаушылар «орыстың
отаршылдығынан құтылу үшін Орта Азия елдері болып бірігуіміз керек» десе, «автономия
құру – өз алдына мемлекет болу, мемлекет болып, іс атқару оңай емес,
біздің қазақ іс
атқаратын азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы болса, Түркістан
халықтарының қараңғылығы һәм шебер адамның жоқтығы бізден он есе артық» деп
білген Әлихан Бөкейханов «Орта Азия болып бірігуге болмайды» деп есептеді. Алайда
күллі қазақ мемлекетінің тағдыры барлық қазақ ұлтының қолдауына тәуелді екендігін
Алашорда басшылары да, Мұстафа Шоқай да түсінді. Алашорда өкіметі құрылған бетте
Түркістан өлкесі құрамындағы қазақ жұртымен бірігу жолдарын қарастыруға кірісті.
Өкінішке қарай, түркі жұртының тұтастыққа, азаттыққа бағытталған талпынысы
тұншықтырылып, Алашорда үкіметі де, Түркістан автономиясы да күшпен талқандалды.
Сөйтіп, Мұстафаның өмірінің соңына дейін ұласқан эмиграциялық қызметі басталды.
Мұстафа Шоқай Түркістанның тарихында саяси эмиграцияны алғаш бастаған тұлға. Оған
дейін біздің тарихымызда шет елдерге шыққан адамдар болғанымен,саналы түрде, күрес
жүргізу үшін эмиграцияға кеткен тұлғалар болған емес. Сонымен қатар Мұстафа қазақ
эмиграциялық журналистикасының негізін қалаушы десек артық болмайды. Мұстафа
Шоқай шетелге саяси эмиграцияға кеткен күндерінен бастап өмірінің соңғы сәттеріне
дейін Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық-саяси
өмірін терең зерттеп, осы мәселелер
жөнінде мол ғылыми-саяси, публистикалық еңбектер қалдырды. «1917 жыл туралы
естеліктер», «Кеңестер қоластындағы Түркістан» кітаптары және басқа да ғылыми-
зерттеу, көсемсөздік шығармалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Мұстафа
Шоқай артында қалдырған бай мұрасының ішінде, оның «Яш Түркістан» журналында
жарияланған еңбектерінің алатын орны ерекше. Мұстафа Шоқай журналда жариялаған
еңбектерінде ең алдымен кеңестік Ресей,бұрынғы патшалық Ресейдің тікелей мұрагері
екенін дәлелдеді. Оның отаршылдық, шовинистік, тоталитарлық сипатын әшкереледі.
Өзінің
«Шовинизм»
атты
мақаласында:
«Патшалық
Ресей
бізді
тұншықтырып,атамекенімізді қанға бояуда. Міне, сол үшін де біз
орыс билігінің барлық
түріне кектене қараймыз»[3,16б], деп ашына жазып, Мәскеу диктатурасын
қолдамайтынын ашық айтады. Мұстафа Шоқай деректерге негізделген терең де,
мазмұнды еңбектерінде Кеңес өкіметінің 20-30 жылдардағы білім беру саласында жүргізіп
отырған отаршылдық саясатын батыл түрде сынға алады. «Кеңестер билеген Түркістан»
деп аталатын еңбегінде қазақ мектептерінің мүшкіл хәлімен қатар, білім беру ісіндегі
теңсіздікті де көре білген. М.Шоқай «Ұлттық зиялы жөнінде» деген мақаласында:
«Адаспау үшін, адаса қалса дұрыс жолды табу үшін де білім керек» дей келе Европада
342
білім алып жүрген жас Түркістандықтар туралы «Батыста білім алған жастарымыз ұлттық
рухпен сусындап қана қоймай, бұл рухиты халқымыздың игілігіне жарату жолдарында
білген» - деп баға береді [4,180б]. Білім беруді насихаттай отырып, М.Шоқай ана
тіліміздің болашағына алаңдаушылық білдіреді. Сол кезде жариялаған мақалаларында
Ресей отаршылдығының басты сипаттарының бірі жергілікті халықты орыстандыру
екендігіне әрдайым тоқталып отырады. М.Шоқай «Түркістандағы жергіліктендіру қандай
мазмұндарды қамтыды?» деген мақаласында ол жергіліктендіру
науқанының оқу-ағарту
саласындағы көріністеріне арнайы тоқталып, оның отарлық үстемдікті бүркемелеудің бір
амалы екендігін ашына жазады.
М.Шоқай еңбектерінен 20-30 жылдардағы Қазақстан мен Түркістанның оқу-
ағарту, тіл, мәдени өмірі туралы шындыққа толы дәйектерді таба аламыз. Өзінің "Ақ-
қызыл" деген мақаласында: рухани өмірде орныға бастаған түрі ұлттық, мазмұны
социалистік мәдениеттің шынайы мәнің былайша түсіндіреді: "Көне Ресейдің
орыстандыру саясатынан іс жүзінде ешқандай ерекшелігі жоқ қулық-сұмдықтарын
Лениннің
"социализм",
"интернационализм"
кезеңдерінде
сәйкестендіру
үшін
большевиктер бір жаңа формула ойлап шығарды. Олар енді «түрі-ұлттық, мазмұны
пролетарлық болсын» - деді. Асылында халықтың рухани дүниесі біртұтас нәрсе. Оны
«мазмұнға» және «формаға» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің
мазмұнымен айқындалады деп Кеңес үкіметінің мәдени саладағы отаршылдық саясатын
сынға алды. [5.134б] әлдеде талдау керек, білім туралы, ғылым туралы.
М.Шоқай өзінің шығармаларында ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық рухты жеке-
жеке емес, бір-бірінен ажырамас ұжымдар ретінде түсіндіреді: «Ұлт азаттығы-ұлттық
рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп
дамиды, жеміс береді[3,85б]. Мұнан М.Шоқайдың тарих, әдебиет пен өнердің қоғам
өмірінде қаншалықты орын алатындығының бағалағандығының куәсі боламыз.
Тарих дегеніміз – ол
азаттық, бостандық, тәуелсіздік үшін күрестің тарихы.
Ұлттық сана-ұлт руханиятының негізі.Ұлттық рух халықтың өзін-өзі танумен
айқындалатын, өскелең арман- мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен
негізделетін өміршеңдік күш-қуаты деп танимыз. Ал ұлттық намыс, ар-ожданнан бастау
алатын, отансүйгіштікпен ұштасып жатқан рухани – құндылық сезім. Ұлттық намыстың
негізгі көрінісі адамның туған еліне сүйіспеншілігінен, төл мәдениетіне деген құрметінен
байқалады.Ұлттық намыс, ұлттың өзіндік мәнін, өткен тарих тағлымын ұмытпай: ар-
ожданын таптатпауы үшін керек.
Ұлт қайраткерінің ұлт тарихы, ұлттық рух, ұлттық сана туралы идеялары бүгінгі
таңда ерекше мәнге ие болуда. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап ұлттық тарихи сананы,
ұлттық рухты қалыптастыру біздің мемлекеттік саясатымыздың басты бағыты болып
отыр. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың білім, ғылым туралы
еңбектеріне терең талдау
жасаудың, өткен тарихымыздың шындығын тануға, рухани мұраларымызды саралауға,
өзіміздің кім екенімізді тануға, дүниетанымымызды байытуға тигізер пайдасы өте мол.
Қайраткердің кеңес шындығына құрылған еңбектерін оқи отырып, қорытар ой да, алар
тағылым да зор. Бұл әсіресе бүгін тәуелсіз еліміздің шаңырағын көтеріп келешегін
кемелдендіре түсетін жастарымыз үшін маңызырақ.
Достарыңызбен бөлісу: