АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нысаналиева П.А., Умирзакова М.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазіргі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамыту
аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті
тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке,
мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың
талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол
350
себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-
экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды.
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға
ендіру “Қазақстан-2030” стратегиясына және бірқатар заңнамалар негіздерінде Үкімет
бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді [1].
Қазіргі жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымын оптималдау
мәселесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы арта түседі. Бүгінгі күні
ақпараттық технологияларды қолданудың басым үлесі өндірісті басқару, құжат айналымы
мәселелерін шешуге тиесілі. АӨК сияқты күрделі, көптеген табиғи факторларға тәуелді
болатын жүйені басқаруда, оның дамып, өркендеуін болжап-бағдарлауда ақпараттық
жүйелердің берер көмегі зор.
Бүгіндері ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан
айтарлықтай көмектер көрсетіліп жатыр. Бұл сала үлкен бағдарламалар негізінде, кешенді
түрде жүргізілуде. Өйткені, тұрмыс пен халықтың әлеуметтік жай-күйі тікелей осы салаға
қатысты екені белгілі.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты,
тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың
материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады.
Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз
байланысты екi саладан — өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың
арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының
көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады [2].
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің
іс-қимылы екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі – азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және
экспортты әртараптандыру.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Қазақстан
Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін
қажетті буын
.
Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген экономикалы
елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын түпкілікті қайта құру –
қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың өзекті мәселелерінің негізіне айналып отыр.
Сондықтан да, агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік
және озық идеяларын жүзеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол
арқылы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген
кәсіпкерлік субъектілері өндіріс шығындарын мейілінше азайтуға, тұтынушы сұранысын
максималды қанағаттандыруға тырысады (Сурет 1).
351
Сурет 1
–
Агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орны
Ескерту -[2] әдебиет негізінде автордың құрастыруы
Ауыл шаруашылығы өндірісі тұтастай және аграрлық кәсіпкерлікте кез- келген
табиғи-климаттық жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы
ортаны қалыптастыруы қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауыл
шаруашылығында кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде
жер (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта) оптималды үйлесуін
көрсетеді.
Аграрлық кәсіпкерліктің дамуының ішкі жағдайына жекешелендіру, жер
реформасы, материалдық-техникалық база, өндірістің концентрациясы және мамандану,
еңбек потенциалы (еңбекке ынтасы, мамандығы, тәжірибесі, саны) жатады. Осының
барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі өндірушілері болып табылатын
субъектілердің нарықтық қатынастарға дайын еместігіне әкеледі.
Шағын бизнес - рыноктік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бизнес –
талап, рыноктік ұсыныс, сұраныс және бәсеке арқылы рыноктік механизмнің әрекеттерін
толықтырады және жетілдіреді, яғни монополизмді залалсыздандыра отырып, рыноктік
механизмнің әрекет етуіне ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің әсерінен
рыноктік механизм экономикалық қатынастардың дамуына үлесін қосады. Мұнда өндірістік
қызмет экономикалық жағынан әлсіз, әрекет етуге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады,
оның орнына олардың тиімді қызмет ететін болашағынан үміт күттіретіндеріне қолайлы
жағдай жасайды.
Біздің елімізде шаруа(фермер) қожалықтары Қазақстан Республикасының «Шаруа
(фермер) қожалығы туралы» (1998ж.) және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік
туралы» (2006) заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерліктің бip түpi болып танылды. Шаруа
(фермер) қожалықтарының жіктемесі 1 - Кестеде берілген.
Кесте 1 - Шаруа (фермер) қожалықтарының жіктемесі
-
жаңа жұмыс орындарын ашу;
-
халықтың ақшалай табысының
өсуі;
-
тұтынушы сұранысын
максималды қанағаттандыру;
-
жұмыскерлердің әлеуметтік
қорғалуы деңгейінің өсуін
ынталандыру;
-
жұмыскерлердің және олардың
отбасы мүшелерінің тұрмыс
деңгейінің өсуі;
-
кедейшілікті азайту.
-
-
өздерінің іскерлік және идеяларын
жүзеге асыру;
-
қаржы, өндірістік және еңбек
ресурстарын тарту және оларды
тиімді пайдалану;
-
өндірістік шығындарды
минималдауға тырысу;
-
сапалы ауыл шаруашылығы
өнімдерімен қамтамасыз ету;
-
халық тұтыну тауарлары
өндірісінің жандануы;
Әлеуметтік сипаты
Экономикалық сипаты
Агрокәсіпкерлік субъектілерінің
экономикадағы орны
352
Жіктелу көздері
Шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық типі
1.Құқықтық-ұйымдастыру
нысаны
Шаруа қожалығы
Фермер шаруашылығы
Қарапайым серіктестік
2. Мүлікке меншік нысаны
Бірлескен ортақ меншіктегі
Ортақ үлестік меншіктегі
Жеке меншіктегі
3. Отбасы саны
Бір отбасылық
Екі отбасылық
Көп отбасылық
4. Жерді қолдану нысаны
Жеке меншік негізінде
Тұрақты жер пайдалану құқығында
Уақытша жер пайдалану құқығында
Жалға алынған жерлерді пайдалану құқығында
5. Өндіріс бағыты
Мамандандырылған
Көп салалы
6. Өндірілетін өнімнің көлемі
Ірі
Орта
Шағын
Ескерту - Нормативті актілер негізінде құрастырылған
Қазіргі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамыту
аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елімізде мемлекеттің ауылшаруашылық
кәсіпорындарын жекешелендіру негізінде шаруашылықтардың әртүрлі ұйымдық-
құқықтық құрылымдары құрылған.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ның
пайдалылығы мен рентабельділігі артып келеді (кесте 2).
Кесте 2 – Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдасы (зияны)
және рентабельділік деңгейі
Көрсеткіштер
2013 ж
2014 ж
2015 ж
2016 ж
2017 ж
Пайда (зиян), млн. тг
3592,7
3648,6
4861,5
3912,3
4552,7
Барлық
өткізілген
өнімнің
рентабельділік деңгейі, %
23,5
25,7
24,2
23,8
24,6
Шаруашылықтардың жалпы
санындағы пайдалы
шаруашылықтардың үлесі, %
68,5
64,4
58,0
54,6
61,9
Шаруашылықтардың жалпы
санындағы зиянды
шаруашылықтардың үлесі, %
31,5
35,6
42,0
45,4
38,1
Ескерту- [3]әдебиет негізінде құрастырылған
Қызылорда облысы бойынша 2013-2017 жылдары ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары
қызметінің
экономикалық
тиімділігі
жоғарылауда
және
шаруашылықтардың жалпы санындағы зиянды шаруашылықтар үлесі азаюда. Дегенмен,
ауыл шаруашылығы құрылымдарын экономикалық тиімді дамыту үшін тәжірибиеде
мемлекеттік қолдау жүйесін қолдану, ауыл шаруашылылық өнімдердің шағын көтерме
353
саудасына маманданған желіні құру және қалыптастыру, жерге қатысты салық пен
несиелік саясатты жетілдіру қажет.
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, оның
ішінде «Агробизнес — 2020» бағдарламасы [4] отандық ауыл шаруашылығы өнімінің
бәсекеге қабілеттілігін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар жиынтығын қамтиды.
Елбасымыз 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында «Аграрлық
сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Сонымен қатар, астық өнімдері
бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы
өңделген өнім шығаруға көшу қажет.... » [5] - деп атап өтті.
Біздің ойымызша, АӨК-дегі шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында
келесідей шараларды қарастыру қажет:
1)
ауыл территорияларында шағын бизнес субъектілеріне қарыз беру бойынша
қызметті жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтеріне қаржылық көмек қорын
қалыптастырып, толықтыру үшін берілген қарыздарының 25 %-ы мөлшерінде
субсидияларды қарастыру;
2)
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өндіру, өткізу, шағын бизнес
субъектілеріне ветеринарлық, өнімді тасымалдау бойынша қызмет көрсететін
кооперативтердің шығындарының 40%-ын субсидиялауды қарастыру;
3) Республикалық және облыстық бюджет қаражаттарынан шағын бизнес
субъектілеріне коммерциялық банктерден немесе ауылдық тұтыну несиелік
кооперативтерінен берілген несиелердің пайыздық ставкаларын толық көлемде
субсидиялау.
4) аудандарға ауылдық тұтыну кооперативтерін дамытуға субвенциялар бөлу.
Шағын несиелеуді дамыту бойынша мемлекеттің саясатының бір бағыты болып
шағын қаржылық ұйымдардың (ШҚҰ) қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді
жетілдіру болып табылады.
XXI ғасыр – интеграция ғасыры. Интеграциялық үрдістің өзара бағыныштылығын
сезіну адамға әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы саласын дамытуда елдермен интеграциялық
қатынас құрудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан басқа мемлекеттермен Қазақстан
арасындағы сыртқы сауданы өзара алмасу, көршілес өлкелер арасындағы тура
байланыстарды қайта жаңарту жолдарын айқындау маңызды мәселелердің бірі болуда.
АӨК-дегі интеграциялық бірігудің маңыздылығы тәуелсіз мемлекеттер достастық елдері
шеңберінде, интеграциялық қатынаста біртұтас экономикалық кеңістікте өнімдерді
айырбастаудың маңыздылығы зор екендігі белгілі. Маңызды және күрделі міндеттердің
бірі, бұл жоғары өнімділігі техника мен ресурстарды үнемдейтін технологияларды,
маркетинг және басқарудың алдыңғы қатардағы жүйелерін пайдалану үшін, әлемдік
шаруашылыққа кіру. Тек әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен ынтымақтастық және
олармен ашық есік саясатын жүргізу республиканың шынайы экономикалық тәуелсіздігін
қамтамасыз етеді. Себебі, абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар заңын есепке
алсақ ішкі мемлекеттік кеңістікте интеграциялық бірігу және кооперациялық қауымдасу
байланыстарын күшейтудің рөлдері мен маңыздылығын құру көтеріледі.
Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың концепциясын іске асыру жөніндегі
бірінші кезектегі шаралардың аймақтық бағдарламасының орындауда басты міндеттердің
бірі ауыл шаруашылығы саласының бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін кешенді шаралар
жүйесін қарастыру. Бұл міндетті орындауда агроөөнеркәсіп кешенде маркетингтік
қызметті жетілдіру бүгінгі күнде басты орынға шығып отыр. Осы мақсатта маркетингтік
қызметті жетілдірудің бастысы ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық
354
тартымдылығын арттыру, сонымен бірге сала ішіндегі сфераларда кластерлік желіні
қолдауды күшейту арқылы шарушылық субьектілерінің қызметін ұйымдастыруға
мүмкіндік артады
Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мәселесін шешу агромаркетингті қолданусыз мүмкін еместігі болып табылады.
Агромаркетингті дамытудың обьективті түрде өзектілігі халықаралық ауыл
шаруашылығы
нарықтарына
шығу,
агромаркетингтің
халықаралық
жүйесін
қалыптастыру, сыртқы экономикалық байланыстардың тиімді формасын таңдау, әлемдік
ауыл шаруашылығы нарығын терең зерттеу қажеттілігінің туындауына байланысты артып
отыр.
Агромаркетинг жүйесінің тиісті дәрежеде ілімдік негіздемесінің болмауы, аграрлық
секторда оны ендіру бойынша тәжірибелік әдістемелердің өте аз болуы жағдайын ескере
отырып агромаркетингтің келешектегі дамуын ғылыми қамтамасыз етілу деңгейін көтеру
қажеттігін бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардағы жағдай дәлелдейді.
Агроөнеркәсіп кешенінде агромаркетингтің тұтас икемді жүйесін құру, маркетинг бөлімін
ұйымдастыру, агромаркетингті ұйымдастыру механизмін жетілдіру, агромаркетинг
қызметі сферасында кадрлық саясатты жақсарту, ірі агроөндірістерді, агрохолдингтар
және т.б. құру, басқарудың автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру, агромаркетингті
басқаруды жетілдіруді жатқыза аламыз [6 ].
Бүгінгі заманның фермерлері өздері өндірген өнімнің нарықта бәсекеге қабілетті
болуы, оның қаншалықты сұранысқа ие болатыны туралы дұрыс болжам жасай білуі
ақылды технологияларды игеру арқылы іске асырады.
Біз ауыл шаруашылық саласын цифрлы технологиялар арқылы дамытпай үлкен
көрсеткіштерге жете алмаймыз. Мысалы, дамыған елдер цифрлік жүйелерді қолдану
арқылы экономикалық өсімді 80-85 пайызға арттырып отыр. IТ-технологияны өндіріске
енгізу шығындарды 20 пайызға азайтады. Қазақстандық фермерлер GPS-жүйелері,
мобильді қосымшалар, жоғары технологиялық датчиктер, алгоритмдер, спутниктік
бақылау сияқты цифрлық технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуі қажет. Бұл үшін
заманауи талап пен мақсаттарға сай келетіндей үздіксіз білім беру жүйесі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |