Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет170/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Ым тілінің морфологиясы:
Ымдау тілінің морфологиясы өте бай. Оларда түбір және 
аффикс морфемалар , негізгі және туынды морфемалар, лексикалық мазмұн және 
грамматикалық морфемалар, сөзжасам және флективті морфкмалар мен морфологиялық 
күрделі белгілерді байланыстыратын морфологиялық ережелер бар. Аффикстеу барлық 
тілдердегі сияқты жолмен жүреді, яғни аффикс қызметіндегі ым нақты ымдық белгінің 
алдында немесе одан кейін тұрады.
Кері мағынаны білдіру үшін(un-,dis-,немесе non- префикстері сияқты) түбір белгіні 
көрсеткен соң,артынан қолды айналдырып жібереді.Мысалы, «қалау» сөзін алақандарды 
ашып жоғары қарату арқылы білдірсе,«қаламау» сөзін сөзін білдіру үшін алақандарды 
айналдырып,төмен қарату қажет.Бұл іс өрекет өзгертулерге ұшырап,қандай да бір түбір 
белгіні білдіруі мүмкін. 
Ымдау тілінде көптеген морфологиялық үдеріс бірізді есем.Себебі, бірнеше 
ым,қозғалыс бір уақытта орындалуы мүмкін және сөйлеу тілінде орындалуы мүмкін емес. 
Түбір белгілердің флективті өзгеруі америкалық ымдау тілінде және басқа да барлық 
ымдау тілдерінде кездеседі.Ол қолдардың қимылы және басқа да ымдау белгілерінің 
дененің айналысында өзгеруіне немесе бірігуіне алып келеді.Мысалы,«спикердің» іс 
әрекеті өзін« тыңдаушыға» қарай бағытталса, етістік мен сені көріп тұрмын деп 
өзгереді,ал егер керісінше, қимылды тыңдаушыдан бастап,өзіне қарай бағыттаса, сен мені 
көріп тұрсың деген мағына береді. 
Ым тілінің фонетикасы.
Алдыңғы бөлімдерде айтып өткендей, басқа да тілдер сияқты 
ым тілдері синтаксистік және морфологиялық ережелер қамтылған грамматикалық 
жүйемен басқарылады.Ым тілдері басқа жағынан сөйлеу тіліне ұқсақ;осы тарауда 
талқыланған фонетикалық қасиеттерге сәйкес ымдау белгілері де кішкентай бірліктерге 
бөлінеді.Сөйлеу тілінде дыбыстар артикуляция орны мен тәртібіне байланысты 
ажыратылады,ал артикулация орны қолдар.Америкалық ым тілінде белгілер үш негізгі 
қасиетіне байланысты бөлінеді: 
1.Қолдың пішіні 
2.Қолдың ымдау алаңында қимылдасуы 
3.Қолдың ымдау алаңында орналасуы 
«Ымдау алаңы» дегеніміз- белден маңдайға дейінгі кеңістік.Америкалық ым тілінде 
«ана» сөзін білдіру үшін барлық саусақты ашып (жайып),бас бармақты иекке тигізу 
керек.Бұл жердегі үш қасиет: 5-қол пішіні,тигізу қозғалысы,иектің орналасуы. 
Америкалық ым тілінде 30-дан астам қол конфигурациясы бар.Бірақ,сөйлеу тілдерінде 
артикулация орындарындағы айырмашылықтар сияқты (мысалы,француз тілінде 
интерденталды үзілмелі дауыссыздар жоқ,ал ағылышн тілінде увулярлы діріл жоқ) ым 
тілдерінің де барлығында қол конфигурацииялары бірдей емес.Мысалы америкалық ым 
тіліндегі Т қол конфигурациясы еуропалық ым тілінде кездеспейді.Соған ұқсас,қытай ым 


373 
тілінде ортаңғы саусақтан басқа барлық саусақ ашылатын қол когфигурациясы 
бар,Американың ым тілінде ондай жоқ. 
Қолдыңқимылдауы тіке немесе қиғаш болуы мүмкін.Қосымша қозғалыстарға 
саусақтарды ию және теңселту кіреді.Таңбалар бір бағыты (тек бір бағытта қозғалу) және 
екі бағытты (бір бағытта қозғалу және кері қайту) болады.Таңбалардың бағыты 
«спикердің»денесіне қатысты анықталады. 
Сөйлеу тілдеріндегі сияқты, осы көрсеткіштерді өзгеруіне алып келуі мүмкін.Сөйлеу 
тілінде дыбыстаудың ұзақтығы немесе екпіні сөздерді қалай өзгертсе,қолдардың 
орналасуы,конфигурациясы және қозғалуы сөздерді дәл солай өзгертеді.Мысалы, «әке» 
сөзі мен «тамаша» сөздерін таңбалауда тек артикулация орнында ғана айырмашылық 
бар.Екі сөзде саусақ конфигурайиясы арқылы таңбаланады, бірақ «әке» сөзін айтуда бас 
бармақ маңдайға тигізілсе, «тамаша» сөзінде бас бармақ иекке тигізіледі. 
Таңбалар екі қолдық және бір қолдық болып бөлінеді.Бір қолдық таңбалар «спикердің» 
негізгі қолы арқылы жасалады,оңқай немесе солақай.Ым тілінде екі қол ешқашан бір 
уақытты әртүрлі қызмет атқармайды.Олар әрқашан бірге жұмыс істейді,бұл да дыбыс 
шығаратын сөйлеу мүшелерінің бірге жұмыс атқаратыны сияқты.Және сөйлеу 
тілдеріндегі сөздің мағынасын өзгертпейтін қасиеттері секілді (мысалы, ағылшын тілінде 
дауыссыз дыбыстың созуы), екі қолдың қайсысын қолдансақ та,ол сөздің мағынасын 
өзгертпейді. 
Сөйлеу тілдері мен ым тілдеріндегі дыбыстар мен таңбалардың жасалу ұқсастықтары 
таңғаларлық емес,себебі олардың когнитивті жүйелері ұқсас. 
Сөйлеу дыбыстарын зерттейтін ғылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет