Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ЫМ-ИШАРА ТІЛІ: ӘМБЕБАП ТІЛДІҢ ДӘЛЕЛІ



Pdf көрінісі
бет167/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ЫМ-ИШАРА ТІЛІ: ӘМБЕБАП ТІЛДІҢ ДӘЛЕЛІ 
Отарова Г.С., Есембекова Ш.Т. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті 
Менің жұмысымның тақырыбы «Ым- ишара тілі: әмбебап тілдің дәлелі». Мен бұл 
тақырыпқа бала кезімнен қызығамын. Себебі, бала кезімде менің ағам тілінен кішкене 
мүкіс болып қалған еді,сол ағамның тілін түсіну үшін осы ым- ишара тілін зерттеуге ойым 
кетті.Зерттеу барысында ым тілі тек саңырау немесе мылқау адамдар қолданабайтын 
сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері бар тіл екеніне көзім жетті. Осылайша мен ым тілін 
ағылшын тілі мен байлансытыра отырып зерттедім. 
Саңыраулар қолданатын тілдік белгілер, ым ишара – барлық тілдің белгілі бір әмбебап 
қағидатқа бағынатынының бұлтартпас дәлелі. Тілдік белгілер оның қолданысының 
биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің маңызды екенін көрсетеді. Құрама Штаттардағы 
саңыраулар қоғамының негізгі тілі америкалық ым тілі. (ASL). ASL- Францияда 
қолданылатын ым тілінің дамыған нұсқасы, оны 1817 жылы Құрама Штаттарда ұлы 
ағартушы Томас Хоппкинс Галлаудет дамытты. ASL немесе басқа да ым тілінде ойды 
білдіру үшін дыбысты қолданбайды. Оның орнына ым тілі жүреді, яғни қол, басқа дене 
мүшелері немесе бет қозғалысы арқылы сөздер мен грамматикалық құрылымдарды 
білдіреді. Ым тілі дамыған тіл және ымдаушылар ауызша тілде қарым-қатынас жасауда 
толып жатқан жаңа сөйлемдер қолданады. Ым тілінің өзіндік белгілері мен менталды 
сөздері ишара жүйесі мен ауызша тілдің эквиваленттері арқылы жүзеге асырылады.Ым 
ишара тілін қолданушылар тіл мен ауыздың орнына қолымен оқыс қимыл арқылы ымдап 
білдіруді пайдаланады. Finger Fumblers динамикасы арқылы тілдік қатынас жүзеге асады. 
Осындай басқа тілдік ойындар ауызша және жазбаша тілдің «дыбыстау» жүйесін құрайды. 
Саңырау балалар ым тілін үйрену барысында сау балалардың ауызша тілді қабылдау 
кезеңінен өткеніндей , ым тілін тез үйренеді. Сау балалар ауыз арқылы буындап үйренсе , 
саңырау балалар қолдарымен дыбыстарды буындап үйренеді.Неврологиялық зерттеулер 
бойынша , көру мүмкіндігі болмаса да , ым тілі ми қабатында ауызша тіл сияқты 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет