Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАНДА ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ



Pdf көрінісі
бет166/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ҚАЗАҚСТАНДА ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ 
Оспанова Ж.С., Умирзакова М.А. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазіргі уақытта сандық экономика белсенді дамып келеді және инновациялардың, 
бәсекеге қабілеттіліктің және экономикалық өсудің маңызды қозғаушы күші болып 
табылады. Бұл оның мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді қолжетімді етуге, 
тауарлар мен өнімдерді жылжытуға арналған шығындардың төмендеуін қамтамасыз етуге, 
төлемдерді жүргізу уақытын қысқартуға және табыстың жаңа көздерін ашуға 
мүмкідігімен сипатталады. 
Экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және 
оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық 
инфрақұрылымды дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Сондай-ақ Қазақстан цифрландырудың қазіргі деңгейі тұрғысынан The Boston Consulting 
Group халықаралық консалтингтік компанияның e-intensity рейтингінде де қуып жетуші ел 
болып отыр. Қуып жету мәртебесін еңсеру үшін Бағдарламада әлемдегі мемлекеттердің 
күн тәртібінде тұрған цифрландырудың барлық бағыттары бойынша революциялық, 
серпілісті іс-шаралардың болуы талап етіледі. 
Бұл бағыттар экономиканың дәстүрлі салаларының цифрлық трансформациялануын, 
адами капиталдың дамуын, мемлекеттік органдар қызметінің цифрландырылуын, 
цифрлық инфрақұрылымның дамуын, сондай-ақ цифрлық технологиялар аясында 
кәсіпкерлік экожүйені дамыту саласында серпілісті қамтиды, нәтижесінде экономиканың 
нақты секторында өндіріс модельдерін өзгерту және қосылған құнды құру.
Сонымен бірге Қазақстан «нөлден» бастамайды. 90-шы жылдары үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, «Болашақ» халықаралық білім 
беру бағдарламасы бастау алды, 2005 жылы «электрондық үкіметтің» қалыптасуы 
басталды. Сондай-ақ Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері 
құрылды, Алатау «ИТП» АЭА, «Назарбаев университеті» АҚБ жұмыс істеуде, Astana hub 
халықаралық технопаркі іске қосылуда. Еліміздегі ересектердің ¾ цифрлық 
сауаттылықтың базалық деңгейіне ие, ¾ астамында интернетке қолжетімділік бар. Бұл 
Бағдарламаны іске асыруда біздің басты назарымызда болатындай айтарлықтай база.
2013 жылы бекітілген "Ақпаратты Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы 
ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдай жасаудағы қадамдардың бірі болды [1].
Цифрлық экономиканың артықшылықтары көп. Ол төлемдердің құнын төмендетеді және 
табыстың жаңа көздерін ашады. Онлайн қызмет құны дәстүрлі экономикадан төмен (ең 
алдымен жылжыту шығындарынының аз болуы есебінен),ал мемлекеттік және 
коммерциялық қызметтер қолжетімді. Бұдан басқа, цифрлық әлемдегі тауарлар мен 
қызметтер жаһандық нарыққа тез шығып, әлемнің кез келген нүктесінде адамдарға 
қолжетімді әрі ыңғайлы бола алады. 
Бүгінгі күні ақпараттық-технологиялық инфрақұрылым экономикалық дамудың 
маңызды элементі болып қалыптасуда. Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық 
инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікте 
орнығуы мүмкін емес. 
2017 жылғы 12 желтоқсанда Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды 
қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды 
кешенді бағдарлама.Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
«Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және 
капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді 
пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын 
түрлендіру бағыты. 


367 
«Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске 
қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты. 
«Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының 
транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің 
жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты. 
«Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз 
ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты. 
«Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы 
орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту 
үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге 
және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді [2]. 
Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын 
құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға 
мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен 
оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады. 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» 
мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны 
құрылды. 
Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд 
теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, 
көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде 
айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.Цифрлық технологиялардың одан әрі 
интеграциялануы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына енуі 
үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды. 
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру тұрғысынан электронды еңбек биржасы сәтті 
жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде жұмысқа орналастыру процесі екі есеге қысқарды, 
ал жалпы процедураның өзі айқындана түсті. 
2019 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші 
жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 350 мың адам тұрақты жұмыс орындарына 
орналасты [3]. 
2018 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық мемлекетке көшу» бағыты бойынша 
атқарылған жұмыстар — бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және мемлекеттік 
қызметтерді автоматтандыру. Жалпы, электрондық еңбек биржасы арқылы 533 мыңнан 
астам адам жұмысқа орналасты. 100%-ға қағазсыз медициналық құжатарға көшу 
орындалды. Ал 64%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда, балабақшаларға өтініш қабылдау 
электронды түрде жүзеге асырылуда. Есептік кезеңде 752-ден 506 мемлекеттік қызмет 
автоматтандырылды (67,3%), бұл қызмет көрсету мерзімін 12-ден 7 күнге дейін, яғни 
40%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. 2020-шы жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу 
жоспарда бар. 
2018 жылы ұлттық ақпараттық технологиялардағы ақпараттық жүйеге қолжетімділік 
индексі 99%-ды құрады. eGov.kz порталында қолданушылар 18,5 млрд теңгеге 
транзакцияларды жүзеге асырды. 2018-ші жылдың 1-ші сәуірінде «АСТАНА-1» деп 
аталатын ақпараттық жүйе өз жұмысын бастады. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің 
арқасында кеден декларацияларын шығару бірнеше күннен 1 минутқа дейін қысқарды. 
Осы арқылы 680 мың электронды кеден декларациясы рәсімделген.«Smart Aqkol» жобасы 
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге 
асырылды [4].
Мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру бойынша өршіл мақсаттар қойылды. 
Осы мақсаттарды іске асыру үшін бейінделген заңнама, бизнесті, білім мен ғылымды 
қолдау шаралары, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету, мемлекетпен өзара әрекеттесу 
кезінде транзакциялық шығындарды қысқарту түрінде қолдау инфрақұрылымы 
жасалынатын болады. Сонымен қатар, мемлекет еңбек өнімділігіне уақытты барынша 


368 
босату мен экономикалық белсенді мінез-құлықты ынталандыру үшін өз азаматтарының 
қызмет алудағы қажеттіліктерін болжап қояды.
Алдағы 
онжылдықта 
әлеуетті 
экономикалық 
құны 19 
трлн 
доллар болатын 
цифрландырудың елге ЖІӨ өсімін, жұмыс орындарын және инновацияларды жасауға 
мүмкіндік беретін күші бар. Біз қазірдің өзінде цифрландыруды өздерінің экономикалық 
стратегияларының негізгі драйвері ретінде ұстанған елдерде оның терең әсерін көріп 
жатырмыз [5]. 
Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан 
өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Нарықта осы ірі цифрлық алпауыттардың үстем жағдайынының жылдам нығаюы бірқатар 
факторлармен түсіндіріледі. Бірінші фактор желілік әсермен байланысты (яғни 
платформаны пайдаланушылар көп болса, 
оның барлығы үшін құндылығы артады). Екінші фактор платформалардың деректерді алу, 
бақылау және талдау қабілетіне қатысты. Пайдаланушылар санының артуы деректер 
көлемінің ұлғаюын білдіреді, бұл өз кезегінде әлеуетті бәсекелестерді басып озуға және 
алғашқы өтушінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.Үшінші фактор 
платформа ауқымын арттырып, әртүрлі кешенді қызметтерді ұсына бастағанда,басқа 
қызмет желілеріне көшуіне байланысты пайдаланушылардың санының өсуі [6]. 
Менің ойымша, келесі бір факторы- ағымдағы жылы елімізде жарияланған төтенше 
жағдайға байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты 
коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттеді. ҚР Президентінің 
тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда. 
Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық 
платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес 
онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», 
«MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жақсы жүйелер бар. 
Сондай-ақ, "Coursera” өз курстарын тегін ұсынды және «ZOOM» оқыту барысында 
сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады [7]. Мұның өзі кез-келген салада 
цифрландыруды дамыту қажеттілігін дәлелдеді.
Қазақстанда цифрландыру шеңберінде іске асырылған барлық іс-шаралар мен жобалар 
мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық 
ахуалды жақсартуды, еңбек өнімділігі мен ІЖӨ құрылымында кіші және орта 
бизнестердің үлесін артыруды мүмкін етеді. 
Әдебиеттер тізімі 

Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
2013 
жылғы 

қаңтардағы 
№ 
464 
Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН 
«Ақпаратты 
Қазақстан 
– 
2020» 
мемлекттік бағдарламасы//http:// http://shu.zhambyl.kz/kk/informacionnyj-kazaxstan-2020 
2 "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы. // 
http://adilet.zan.kz  
3 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 8 мың 
жұмыс орны құрылды//https://primeminister.kz/k 
4 «Цифрлық Қазақстан»: 2018 жылдың қорытындысы// https://7kun.kz/cifrly  
5 https://7kun.kz/sandy-tehnologiyalar 
6 А. Карипова, А. Сейфолла. Цифрлық экономика жаһанданудың жаңа даму бағыты 
ретінде: шетелдік тәжірибе//Экономика и статистика №4.Нур-Султан 2019.- 42 б. 
7 Пандемия кезінде оқушыларға, студенттерге педагогтар мен ата-аналарға арналған 
ақпарат. http://www.gov.kz/memleket 


369 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет