Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет177/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы 
 
Рахымтай М.Ш., Базартай Ж.Н.
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға, қазақ халқының кемеңгер ойшылы 
Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім»,- деген 
болатын. Дамыған елу елдің қатарына кіру мақсатын ұстанған жас мемлекет үшін қазіргі 
таңда сапалы білімнен асқан мықты қару жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру 
саласына көптеген стратегиялық маңызы бар міндеттер жүктеді. Ең басты маңыздысы - 
білім берудің барлық саласында сапалы білім беру. Өйткені дамыған елдердің қатарына 
енудегі басты мақсат сапалы бірігей білім беру жүйесін құру болып табылады. Ұрпақ 
бойына құзыреттілікті қалыптастыру арқылы Мәңгілік елдің интеллектуалды тұлғасын 
қалыптастырудағы негізгі мақсат, қазіргі заманның озық ойлы жоғары технологияларын 
жетiк меңгерген, білімді, әрi қабiлеттi, көзқарасы дұрыс, дiнi мен дiлi және рухы жоғары, 
дағдыларды жылдам меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс 
істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға 
қалыптастыру. 
Ең бірінші интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін төл тарихымызды жақсы 
білуіміз керек. Сонда ғана интеллектуалды ұлт тарихи санамен қалыптасады. 
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің ертеңі болатын 
жастардың әлеуетті күшке айналуына мүмкіндіктер беруде. Бәсекеге қабілетті 
интеллектуалды элита қалыптастыру күн тәртібінде тұр. Қазақстанды бәсекеге қабілетті 
ел қатарына қосуда адам капиталын дамыту – басты мақсат. Сондықтан интеллектуалды 
ұлт құрудағы негізгі қозғаушы күш – жастар. Ал бүгінгі жастар деп отырғанымыз да 
тәуелсіздік жылдардан бері қарайғы толқынмен қарасаң, бүгінгі аға буындар, оларға 
ілескен жиырманы белуарлап отызға ойысқан қазақ жастары. Отыздың өзі аз жас емес, 
қазақтың «отызыңда орда бұзбасаң, қырығыңда қамал алмассың» дегені біраз нәрсені 
аңдатады. Бүгінде интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізгі іргетасы ақпарат зама-


383 
нындағы өзіне қажетті дүниеге тез қол жеткізе алатын, коммуникативті, тапқыр жастар 
екені белгілі. Шетелде әсіресе, дамыған елдерде білім-ғылым мен руханияттан ақшаны 
аямайды. Ең көп қаржы бөлінетін сала да – осылар. Сондықтан дамып, өскіміз келсе, 
ақыл-ой, интеллектіге көп көңіл бөлуіміз керек. «Жастардың және еліміздің басты 
капиталы – сапалы білімі», – деп бұрынғы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастардың 
болашағының біліммен ғана көркейетінін меңзегендей. Яғни жастардың интеллекті 
жоғары болса, мемлекеттің «иммунитеті» де жоғары. Жастардың интеллекті дегенде көңіл 
көншітетіні, жалпы, бар. Бұл – жақсы. Келесісі, қандай дәрежеде? Бұл сұрақ ойландырады. 
Интеллект дегеннің өзі үлкен мағынаға ие: ғылымды меңгерген, ой-өрісі кең, өзіндік 
көзқарасы бар, жан-жақты кемеліне келген тұлғаны интеллектуалды тұлға дейді. Адамның 
бәрі интеллектуалды дәрежеге жете бермейді. Тіпті, оны жастардан талап етуде көбіне 
«әлі жас» деген тәмсілге сүйеніп жатамыз. Интеллектуалдылыққа қол созудан дәл бұл 
заманда қорқудың қажеті шамалы. Себебі, дәл қазіргі мезет жастар арасында жаңаша 
дамыған өмірге: білім алуға, қаражат көзін дұрыс табуға, тұлға ретінде сенімділікке және 
тәуекелділікке бастайтын «Көшбасшылық» бәсекеге қабілеттілік керек болып тұр. Оған 
қызмет ететін тағы да – интеллектуалдылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет