АБАЙ ЖӘНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ
АДАМГЕРШІЛІК ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
А. САҒАТОВА, ОМАРОВ Д.К.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Абай
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани - адамгершілікке
тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа
кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру.
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі», - деп Ы. Алтынсарин
атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың
туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін
жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi.
Бұлқасиетадамдымейірімділікке, Отанын, елін, отбасынсүюгеүйретеді. Адамгершiлiгi мол
адам-басқаларғақашан
да
үлгi-өнеге.
Рухани-адамгершілікбілім
беру
–
жасұрпақтыңбойынаөмірдіңмәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік,
төзімділіксындықұндылықтардыдарытуарқылыбаланыңқоғамдаөзорнынтабуына, қабілет-
392
дарыныныңашылатүсуіне,
ақыл-парасатындамытуына,
яғнисәнді
де
мәндіөмірсүруінеқызмететеді.
Қазақ қоғамында «ар», «ұят», «адамгершілік», «азаматтық» мәселелері тереңінен
қолданылған. Адамның тұлғалық қасиеттеріне кіретін бұл ұғымдармен ел ертеден таныс.
Оны біз Абай, Әл-Фараби шығармаларынан да көре аламыз.
Фараби мұрасының ішінде этнопедагогика үлкен орын алады. Ол этниканы
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қараса
этнопедагогиканы халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізетін ілім деп
санады. Бұған оқу, білім алу, тәрбие беруді жатқызды. Ұлы ғалымның осындай этникалық
ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі
атаулының биік шоқтығы деп түсінді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам
баласы игі мұратына жетеді деп қорытынды жасайды.
Сонымен, Фараби туындыларының оның ішінде еңбек пен еңбек тәрбиесі,
адамгершілік, игілік туралы тағылымдарының маңызы әлі күнге дейін өз маңызын жойған
жоқ. Қайта оны тағылымдарының мазмұны қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында қайта
түлеп, заман талабына сай жаңа көрініс алуда. Ол жаңа теориялық мазмұн алары хақ.
Әл Фарабидің ілімі Шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының
педагогикалық ой-пікірінің дамуында революциялық төңкеріс болып есептелді. Демек, ол
Шығыс халықтарының салт-санасының, әдет-ғұрпының ағартушылық тәлім-тәрбиелік, ой-
пікірінің, ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашып, халықтық педагогиканың
негізін қалауы дейміз.
Әл Фараби трактаттарында қолданылған бұл ой-пікірлерді бірнеше ғасыр салып,
Абай шығармаларынан да байқаймыз.
Абай ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан
құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман
қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға,
яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу
сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос
жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып,
байыған би – болыстарды өлеңмен шенеген.
Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!»
деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара
бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып»,
«надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай
қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты
тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.
Абайша айтқанда еңбек сүйгіштік — адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы
келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді,
материалдық молшылық жасайды, рухани қайрат береді.
"Адалдыққа, адамгершілікке тырысушылық, — деп жазады Абай, — биік дәрежедегі
сананы туғызады, сана адамның адамшылығын, ақыл-ойын және ғалымға деген
қызығушылығын туғызады.
Қорытындылай келе, Абай шығармаларындағы да, Әл Фараби шығармаларындағы
да «адамгершілік» мәселелері – бүгінгі күнгі жас ұрпаққа рухани азық. Ұлттық
болмысымызды сақтауда осы ой-пікірлерді ескері, кемел келешекке аттануымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Әл-Фараби. Избранные трактаты. - Алматы: Ғылым, 1994. - 446с.
2.
Абай. Шығармаларының 2 томдық жинағы. – Алматы: Жазушы, 1995. – 335б.
3.
Елемесова А.С. Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары;
Автореферат-пед. ғыл. кандидаттық диссертация/ –Қарағанды: Е.А. Бөкетов
393
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім беру академиясы 2000. – 25 б,
4.
Г.И.Төретаева Абай өлендерiндегi дидактикалык тұжырымдар //Қазақстан мектебi.
- 2004. - №12. - С. Б.23-25
5.
Дәуренбек С. Тәжібаева С. «Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастыруда
рухани-адамгершілікке тәрбиелеу «Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогика,
психология,
этнопсихологияның
өзекті
мәселелері»
тақырыбындағы
республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары 16 қаңтар 2015
жыл Алматы.- 210-213 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |