ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН
ЖЕТІЛДІРУ
Рүстем А.М., Абдимомынова А.Ш.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазіргі кезеңде табиғи ресурстарды қорғау қызметін басқарудың экономикалық
тетігі ретінде қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ретінде және оған зиянды өзге де
әсер ету, табиғат қорғау шараларын қаржыландыру және салық және өзге де жеңілдіктерді
қолдану жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілерді экономикалық ынталандыру
үшін түсетін ақша қаражатын шоғырландырудың шарттары мен тәртібін реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын экономикалық-құқықтық институт
түсіндіріледі [1].
Табиғат пайдаланудың экономикалық тетігінің маңызды құрамдас бөлігі табиғи
ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер жүйесі болып
табылады. Экономикалық тетіктің негізгі элементтері:
-
табиғатты пайдаланудың шекті лимиттері мен нормативтері;
-
табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің ұзақ мерзімді
экономикалық нормативтері;
-
бақылау сандары мен табиғат қорғау объектілері мен құрылыстарын іске қосуға
мемлекеттік тапсырыстарды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлы
көрсеткіштер;
-
тұтыну салалары өнімдерінің бағасы және т.б. болуы тиіс.
Сондықтан да, экономикалық механизмнің рөлі табиғи объектілерді қалпына
келтіру, ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету (экономикалық шаралар көмегімен) болып
табылады.
Қоршаған ортаның табиғатты қорғау қызметін мемлекеттік басқарудың
экономикалық тетігі ретінде қоғамдық маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында
табиғат пайдаланушылар үшін жағдайлар мен ынталандыруларды қалыптастыру арқылы
іске асырылатын белгіленген өкілеттіктер мен әкімшілік-басқару функциялары
шеңберінде мемлекеттік атқарушы билік органдарының нарықтық құралдарды
қолдануының институционалдық белгілі бір тәртібін айтуға болады [2].
Экономикалық механизмнің негізгі элементтері ретінде төмендегілерді жатқызуға
болады:
-
табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару құралдары;
-
атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының өкілеттіктері; мемлекеттік
органдардың әкімшілік-басқару функциялары.
Табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқарудың экономикалық
механизімінің қызметін бағалауда нәтижелілік өлшемдер мен көрсеткіштер қолданылады.
Табиғат қорғау қызметін мемлекеттік басқарудың экономикалық механизмі басты
төрт міндетті шешуге бағытталған:
-
табиғатты пайдалануды институционалдық реттеу;
387
-
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруды қамтамасыз ету;
-
табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану нәтижелері үшін жауапкершілікке
тарту және шығындарды өтеу;
-
бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ету.
Бұл міндеттердің әрқайсысы бір-бірімен өзара байланысты нақты механизмдер
жиынтығының қалыптасуы мен қызмет етуі арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік
басқарудың тоғыз негізгі экономикалық механизмдері анықталды:
- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру механизмі;
- табиғат пайдаланушылардың экономикалық жауапкершілігінің механизмі;
- қоршаған ортаны қорғауға жеке инвестицияларды тарту механизмі;
- кәсіпкерлік қызметті қолдау механизмі;
- бағдарламалау механизмі;
- бәсекелестікті қорғау механизмі;
- пайдалануға беру механизмі;
- бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ету механизмі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету механизмі.
Экономикалық механизмдер «мемлекеттік биліктің атқарушы органдары -табиғат
пайдалану субъектісі - табиғат пайдалану объектісі (табиғи ресурстар және қоршаған
орта)» жүйесіндегі қатынастарды қамтиды [3].
Біздің пікірімізше, экономикалық механизмдер құрылымының негізінде табиғат
қорғау қызметін мемлекеттік басқарудың экономикалық тетіктері мен құралдарының
өзара байланысы қалыптасады. Құралдар табиғат пайдаланудың тиісті саласындағы
заңнама шеңберімен анықталады және қолдану сипатына қарай тікелей және жанама
болып бөлінеді.
Өзара байланыс негізінде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың
негізгі тетіктерінің мазмұны: мақсаттары, мазмұны, құралдары, институционалдық
қамтамасыз ету нысаныныда зерттеледі. Тәжірибе көрсеткендей, бір құрал бір мезгілде
әртүрлі механизмдерде қолданылуы мүмкін, сондықтан жеке құралды бағалау оң және
теріс салдарлардың барлық спектрін ескеретін жүйелі тәсілге сүйенуі тиіс.
Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан
Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі
және маңызды құрауышы болып табылады [4]. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы
шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және
сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының
388
маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ
ұрпақтың
игілігіне
пайдаланылуы
тиіс.
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану
мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық
халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді
жүзеге
асырылуы
тиіс.
Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік
өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі
болып табылады. Кез-келген мемлекеттің, әсіресе, Қазақстанның тұрақты дамуының
шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында
бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономиканың барлық салаларының
жеделдете дамуы үшін маңызды база - минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін
қолдау және дамыту болып табылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Орталық Азия аймағында ірі шикі мұнай
жеткізушілерінің бірі болып табылады. Мұнай қорының расталған деректері бойынша
Қазақстан әлем елдерінің арасында 9-орынды иеленеді. Қазақстан көмірсутек
шикізатының айтарлықтай қорына - әлемдік қордың 3,3 %-ына ие. Өндірілетін
мұнайдың болжалды ресурстары 17 млрд. тонна мөлшерінде бағаланады.
Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында 172 мұнай және 42 конденсатты
кен орны тіркелген, олардың басым бөлігі (шамамен 70 %-ы) Қазақстанның батыс
облыстарында шоғырланған. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қоры ірі 11 кен орнында
шоғырланған, олардың арасында - Теңіз бен Қашаған (елдің барлық қорларының
жартысы), Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Қаламқас және т.б. Қашағанның геологиялық
қорында 6,4 млрд. тонна мұнай бар деп бағалануда. Қашағанда 1 трлн. шаршы метрден
асатын табиғи газдың ірі қоры бар. Тағы бір ірі кен орны Теңізде геологиялық қордың
болжалды көлемі 3,1 млрд. тонна мұнайды құрайды. Кен орнының өндірілетін қоры 750
миллионнан бастап 1 млрд. 125 млн. тонна мұнайға дейін бағаланады [5].
Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру есебі 1911 жылдан бастап жүргізіліп
келеді. Осы кезеңнен бастап 2019 жылға дейін 1,5 млрд. тонна мұнай мен газ конденсаты
өндірілген.
Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі үш мұнай өндеу зауытын (бұдан әрі - МӨЗ)
қамтиды: Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ)
және Шымкент мұнай өңдеу зауыты («Петро Қазақстан Ойл Продактс»). Бұл
кәсіпорындар қызметінің республиканың экономикасы мен тұтынушылардың мұнай
өнімдеріне деген қажеттіліктерін өтеудегі маңызы зор.
Барлық жердегі сияқты, мұнай-газ саласында да оның дамуына әсер ететін оң және
теріс факторлары бар. Оң факторларға мұнайдың айтарлықтай қорлары мен өндіру
көлемінің өсу мүмкіндіктерін, теңізде және тұзасты геологиялық барлау жұмыстарын
(бұдан әрі - ГБЖ) жүргізу мүмкіндіктерін, МӨЗ-ді өз мұнайымызбен қамтамасыз етуді
(Павлодарға реверс) және ішкі нарықты сапалы отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз
етуді, мұнай химиясын дамыту мүмкіндігін жатқызуға болады.
Сонымен бірге, бірқатар кейбір теріс факторлар да бар. Атап айтсақ:
- экспорттық бағаға елдің мұнай мен газдың негізгі тұтынушыларынан қашықтығы
қатты әсер етеді;
- әлемдік мұнай нарығындағы жоғары бәсекелестік, анағұрлым ықпалды
экспорттаушылардың болуы;
- Қазақстан Республикасында өндірілген мұнайдың жоғары өзіндік құны мен
ерекшелігі;
-қорлардың Қазақстан Республикасы бойынша әркелкі бөлінуі;
- үлкен көліктік ауыртпалық.
389
Теріс факторларға қиындықпен шығарылатын қорлары бар кендер санының көп
болуын, минералдық шикізат базасының орны толмайтынын, қазақстандық компаниялар
игеретін кен орындарында мұнай және газды өндіру қорлары мен өңделетін көлемі
үлесінің мардымсыз болуын, ішкі өңдеуді қамтамасыз етумен салыстырғанда, мұнай
экспортының басымдығын, инвестициялардың төмен тартымдылығын, негізгі
жобаларды іске асыруда артта қалуын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағы бойынша тоғызыншы орын ала отырып, өз тіршілігін
қамтамасыз ету және экономикасын дамыту үшін елеулі табиғи ресурстар базасына ие.
Қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфориттер, бор
және калий тұздарының қоры бойынша Қазақстан әлем елдерінің озық ондығына кіреді.
Сонымен бірге, нарық жағдайында минералды шикізат қорларының бір бөлігі бәсекеге
қабілетсіз болып табылады. Мысалы, алтын бойынша кен қорларының 86 %-ы, қорғасын
мен мырыш бойынша 68 %-ы, мыс бойынша 58 %-ы бәсекеге қабілетті. Марганец және
хромит өнеркәсібінің шикізат базасы анағұрлым бәсекеге қабілетті болып табылады.
Бүгінгі таңда экспортталатын тау-кен металлургиялық саласының концентрат, металл
түріндегі шикізат экспорты шамамен 90 %-ды құрайды. Ал машина жасау, құрылыс
индустриясы және басқа да экономика салаларына арналған металл бұйымдары,
керісінше,
импортталады
[6].
Табиғатты пайдалану үдерісін тиімді басқарудың маңызды шарты минералдық шикізат
базасының озық қарқынмен өндірілуі болып табылады. Қазіргі уақытта пайдалы
қазбалардың стратегиялық түрлерінің басым бөлігі бойынша өндіріс көлемдері өсімнен
айтарлықтай асады. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша бұдан бұрын
барланған кен орындарының қоры іс жүзінде таусылған. Қазақстандағы қара, түсті
металлургияның минералдық шикізат базасы үшін кен орындарын игерудің тау-
геологиялық жағдайының нашарлауы, кендегі негізгі пайдалы компоненттердің азаюы,
олардың минералдық құрамының күрделенуі, қиын байытылатын кендер үлесінің артуы
тән. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы пайдалы қазбаларды толық және кешенді түрде
өндіру міндеті аса өткір күйінде қалып отыр. Қазақстанның тау-кен металлургиялық
кәсіпорындарының басым бөлігінде бейінді металдарға ілеспелі құнды компоненттер
(платина, алтын, палладий, рений, осмий, таллий, ниобий және т.б.) шикізаттан толық
көлемде ажыратылмай, қалдық ретінде кетеді. Кен орындарының қорлары бекітілген
кезде ілеспелі пайдалы компоненттер бағаланбаған және теңгерімге қойылмаған. Жер
қойнауын пайдаланушыларға сирек кездесетін металдарды ажырату жөнінде қатаң
талаптар қойылмаған және осы күнге дейін де қойылмай тұр. Кәсіпорындарда
минералдық шикізаттың ілеспе түрлерін алудың төмен коэффициенті сақталып отыр.
Табиғи ресурстарды басқарудың өзекті мәселелері мыналар болып табылады:
1)
мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеуінен жер қойнауын озыңқы зертттеудің
төмен деңгейі;
2)
геологиялық базаның 80 %-ы ескі геологиялық-геофизикалық әдістер көмегімен
барланып, есепке алынды;
3)
минералдық шикізат кендерінде компоненттердің толық кешенді есепке
алынбауы;
4)
монотехнологияларды пайдалану. Кешенді концентраттарды алу мен қайта
өңдеу технологияларына көшу қажет;
5)
минералдық шикізатты өндіру мен орнын толтырудың әртүрлі қарқыны;
6)
қызметкерлердің аз санынан және материалдық-техникалық жабдықталудың
төмендігінен жер қойнауын оңтайлы және кешенді түрде пайдалануға жүргізілетін
бақылаудың төмен деңгейі;
390
7)
минералды шикізатты тұтыну мен орнын толтыруға жүргізілетін тиімді
мониторинг жүйесі жоқ;
8)
тиімді ақпараттық-талдамалық жүйе жоқ, мұның өзі негізсіз болжау мен
жоспарлауға, реттеу мен жоспарлау процесінің әлсіреуіне әкеп соғады;
9)
геологиялық ақпаратты жинау мен сақтау процестерін автоматтандырудың
төмен деңгейі, сондай-ақ оған еркін шығудың болмауы;
10)
шикізат секторынан түскен табыстарды үлестірудің ретке келтірілген тетігінің
болмауы;
11)
табиғи ресурстарды басқару саласында білімі мен тәжірибесі бар тиісті
кадрлардың болмауы.
Халықаралық энергетикалық бюллетеннің (ІЕО2010) экономикалық болжамына
сәйкес 2012 жыл мен 2035 жыл аралығында нарықта энергияны жалпы әлемдік тұтыну
36%-ға артады. Энергияға деген үлкен сұраныс Экономикалық ынтымақтастық және
даму ұйымына кірмейтін елдерде болады деп болжануда. Аталған болжам бойынша
мұнайды тұтыну 2012 жылғы тәулігіне 89 774 мың баррельден 2035 жылы күніне 110
600 баррельге дейін артады [7].
Алайда, әлемдік көмірсутек қорының біртіндеп сарқылатынын да ескеру қажет.
Экономикасы дамыған ірі мемлекеттердің (АҚШ, Қытай, Англия) мұнай-газ салаласын
дамыту стратегиясы өз көмірсутек қорын сақтауға және оны ел аумағынан тысқары
жерлерде өндіруге бағытталған. Көмірсутектің белгілі бір көлемі аталған елдердің
энергетикалық қауіпсіздігін қолдау үшін импортпен өтеледі. Ресурстардың болмауынан
Франция, Италия сияқты дамыған мемлекеттер де барынша тартымды әлемдік
жобаларға
инвестициялап,
көмірсутектер
өндіру
ісіне
қатысуға
тырысуда.
Жалпы әлемдік мұнай қорларының сарқылып, кейбір елдерде сұраныс артқан сайын,
оның нарықтағы бағасы тек өсе беретін болады. Осы мән-жайды ескере отырып,
салыстырмалы түрде шағын геологиялық қорлары бар мұнай-газ өндіретін елдер
(Бразилия - жылына 110,0 млн. тонна, дәлелденген қорлар - 2,2 млрд. тонна) роялтиді
біртіндеп арттыру арқылы көмірсутектерді өндіруден қомақты табыс алуға тырысуда.
Аталған халықаралық тәжірибе мемлекеттің шикізат саласында белсенді шетелдік
қатысу елдің макрокөрсеткіштерінің серпіні үшін ерекше тежеуші фактор болып
табылмайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, ұлттық мүдделерді қорғау саясаты белгілі бір
деңгейде қазіргі мұнай-газ саласының басым үрдісі болып табылады. Бұл ұлттық
компаниялардың әлем нарығында белсенді ілгерілеуінен және мемлекеттердің ішкі
экономикасының дамуынан да көрінеді.
Табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты
пайдаланудағы басты мақсатттар мемлекет үшін төмендегідей болуы тиіс:
- табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және оларды
есепке алу;
- әлемдік жоғары сұранысты мемлекет мүддесіне пайдалану үшін табиғи
ресурстарды өндіру мен әлемдік нарықтарға жеткізу қарқынын арттыру;
- ішкі нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес отандық жанар-жағармай
материалдарымен қамтамасыз ету;
- шетелдік инвестицияларды шикізатты өндіру мен қайта өңдеудің заманауи
технологияларын қолдану, сондай-ақ ең жаңа өндірістерді құру шарттарында ғана тарту
үшін жағдайлар жасау;
- баламалы энергия көздерінің өндірісін дамыту;
- өндіруші кәсіпорындардың экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізуі;
- көмірсутек шикізатының стратегиялық «резервін» құру;
- шикізат секторынан түсетін табыстарды оңтайлы басқару.
Әдебиеттер тізімі:
391
1. Голуб, А. А. Экономические методы управления природопользованием / А. А.
Голуб, Е. Б. Струкова. М. : Наука, 1993.
2. Государственное регулирование природопользования в России: механизмы и
результаты : коллектив. моногр. / А. Г. Шеломенцев, С. В. Дорошенко, В. Н. Беляев, Е. А.
Илинбаева [и др.]. Екатеринбург : Ин-т экономики УрО РАН, 2011. 279 с.
3. Совершенствование экономических механизмов государственного управления
рациональным природопользованием : сб. науч. тр. Екатеринбург : Ин-т экономики УрО
РАН, 2009. 112 с.
4. Шеломенцев, А. Г. Направления совершенствования экономических механизмов
повышения результативности природоохранной деятельности. Екатеринбург : Ин-т
экономики УрО РАН, 2010. 54 с.
5. «Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат
секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президенті
Жарлығының жобасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1003
қаулысы. http://adilet.zan.kz/
6. Қазақстаннның кен орындары. Статистикалық жинақ. http://stat.gov.kz/
7. Международный энергетический бюллетень. www.kazenergy.com.
Достарыңызбен бөлісу: |