Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР



Pdf көрінісі
бет207/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ 
 
Тәжі А., Амзеева Г. Ә. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі - 
білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, 
әр 
адамның 
интеллектуалды 
дамуын, 
психофизиологиялық 
және 
жеке-дара 
ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі 
жатады [1]. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға 
бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру 
болып табылады. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, 
мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім 
беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын 
көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі 
бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға 
әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады. Кеңейтілген мағынада 
инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың 
сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген орта білім берудің 
инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, ал орта білім берудің мазмұнын 
жаңарту аясындағы міндеттердің бірі білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау 
жүйесіне көшуді жүзеге асыру деп көрсетілген [2]. Бұл, өз кезегінде, инклюзивті білім 
берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді. 
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 
мыналарды көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу 
аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды 


449 
ұйымдастыру, ерекше балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін 
әдіснамалық және оқуәдістемелік әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру 
жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері 
бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу 
бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;
- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың 
критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін 
бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу, - үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін 
әзірлеу; 
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және 
кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу 
[3]. 
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі 
таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі 
туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары 
болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін 
критерийлерді қолданумен іске асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 
оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы 
жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау 
бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім 
беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін 
критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді. Мемлекетіміздегі 
инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім 
алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: − Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім 
туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі 
шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі 
қолдау туралы» және Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді 
тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық 
талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, Орта 
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім 
беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы 
әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің қаулысы [4]. Қазақстан Республикасының заңнамалары, арнайы білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық 
ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті 
жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін 
алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру 
халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», 
«Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың 
білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. [5]. 
Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын 
бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық 
оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім 
беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.
Инклюзивті білім беру туралы түсініктер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балаларды оқыту формасы ретінде олардың оқуын ұйымдастыру мүмкіндіктерін және 
қолжетімділігін шектейді. Бұл әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім 
беру қажеттіліктері бар балалардың оқудағы жетістіктерін бағалауға қатысты. 
Қазақстандық білім беру жүйесінде қиыншылықтар келесі жағдайларға байланысты 
тереңдей түседі: оқыту сапасы мониторингі және бағалау іске асырылмайды, ерекше білім 


450 
беру қажеттіліктері бар балалардың білімі мен біліктері критериалды бағалаудың нақты 
индикаторлары жоқ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқуында туындаған 
проблемаларды жою бойынша превентивті шаралар жеткілікті қабылданбайды. Олар 
оқушының денсаулығына, оның моральдық-психологиялық жай-күйі мен әлеуметтік 
жағдайына байланысты болуы мүмкін, инклюзивті білім беруді ақпараттық-
консультативтік қолдау нашар ұйымдастырылған [6]. Бұлар төмендегі проблемаларды 
туындатады: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың көпшілігі жеткілікті 
қамтамасыз етілмеуі салдарынан олардың әлеуеттік мүмкіндіктері іске асырылмайды, 
әлеуметтік бейімделу механизмдері нашар іске асырылады, нәтижесінде девиантты мінез-
құлықты балалар саны артады, балалар қылмысы мен суицидтерінің саны кемімейді, 
мұндай балаларда төмен функционалдық сауаттылық қалыптасады, олар жұмысқа 
орналасуда қиындыққа кездеседі. Оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың 
психологиялық-педагогикалық жүйесі проблеманы шешудің келесі маңызды тәсілдерінен 
тұрады:
− тұлғалық-бағдарлы тәсіл, оның құрамына түрлі типологиялық топтардағы 
оқушылардың оқу материалын оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік критерилерін 
қолдану мен меңгеру мүмкіндіктерінің біртексіздігін ескеру кіреді;
− әрекетті тәсіл балаларға түрлі қолжетімді өнімді қызмет түрлеріндегі мүмкіндіктері мен 
қабілеттерін анықтауды көздейді;
− денсаулық сақтау тәсілі, ол бағалау жағдайында қолайлы психологиялық ахуалды 
қалыптастыру арқылы оқушылардың психологиялық соматикалық денсаулығын сақтау 
және нығайту міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді [7]. 
Оқушының білімін критериалды бағалауға арналған дескрипторлар тексерілетін әр 
тапсырмаға құрастырылады. Қазіргі уақытта білім алушының оқу жетістіктерін бағалауда 
жалпы қолданысқа енген бірыңғай критерийлер жоқ. Себебі, оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау критерийлері қандай да бір педагогикалық мақсаттар 
таксономиясының негізінде жасалады. Бүгінгі күні, деңгейлер санымен, сол деңгейлердің 
негізінде 
жасалған 
критерийлерімен, 
әрбір 
деңгейлерді 
тармақтарға 
жіктеп 
көрсететіндігімен ерекшеленетін көптеген таксономиялардың түрлері бар екені белгілі. 
Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне 
қатысушылардың 
барлығына 
алдын 
ала 
белгілі 
бағалау 
критерийлерімен 
(қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы 
бағалаудағы балл беру критерийлерімен) салыстыру арқылы, білім берудің мақсаты мен 
мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу 
жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу 
мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Критериалдық бағалау жүйесі 
бағалаудың келесі түрлерін: қалыптастырушы бағалауды, ішкі жиынтық бағалауды, 
сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заңына сәйкес уәкілетті орган білім алушылардың білімін бағалау өлшем шарттарын 
әзірлейді және бекітеді. Осыған байланысты, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу 
бағдарламаларына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау талаптары сатылап 
критериалды бағалау жүйесіне көшіріледі [8]. Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім 
алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері 
нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс [9]. Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім 
беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде 
дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы 
жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді. 
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін 
критериалды бағалау жүйесі оқу бағдарламасының мазмұнымен салыстыру арқылы білім 
алушылардың тиісті білім деңгейін меңгергенін бағалау болып табылады. Ол екі 
деңгейден тұруы тиіс: критериалды бағалаудың бірінші деңгейі базалық мазмұнды 


451 
қамтиды, екіншісі - ілгері деңгей, кәсіби дайындықты көздейтін негізгі білім мазмұны 
аясын қамтиды. Инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың басым көпшілігі 
интеллектісі сақталған балалар және олардың арасында білім алуда биік жетістіктерге 
жеткен балалардың бар екенін ескерсек, екінші ілгері деңгей оларға қолжетімді, әрбір 
оқушының жалпы үлгеріміндегі өзгерістерді анықтаумен қатар, оның әр саладағы 
танымдық белсенділігінің динамикасын қадағалап отыру шарт (ақпаратты қабылдау, 
ақпаратты өңдеу, өз ойын шығармашылық тұрғыда жеткізу және бейнелеу, т.б.). Ерекше 
білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу барысындағы қиындықтары мен 
қажеттіліктерін, оқу үлгеріміндегі ауытқушылықтардың себебін күнделікті бақылай 
отырып, оқушының білім деңгейі мен МЖМБС талаптары арасындағы алшақтықты 
барынша азайту, оқушының үлгерімі жайлы ақпарат нақты әрі мазмұнды болуы қажет, 
сонымен қатар тек мұғалім ғана емес, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушы да өз 
үлгерімі туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Тиісінше оқушы өз бағасын мұғалімнің 
бағасымен салыстыра отырып, өз қабілетіне сенім пайда болады және мұғалімнің 
объективтілігіне көзі жетеді; осы әрекет баланың өзіне деген сенімсіздігінің алдын алады 
және алдағы уақытта өз қабілетін толық ашуына ықпал етеді; әсіресе ерекше білім беруде 
қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау көп деңгейлі, көп балды, 
дүниежүзілік бағалау тәжірибесіне бейімделген болуы тиіс, себебі мұндай оқушылар 
сараланған көзқарасты қажет етеді; белгіленген уақыт аралығында балл жинау механизмін 
енгізу арқылы оқу процесінің бірізділігін қамтамасыз ету; қажет болған жағдайда ерекше 
білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларға қосымша уақыт беріледі; мұғалім, оқушы, 
ата-ана, сынып жетекші, сонымен қатар мектептің педагогикалық ұжымы мен басқармасы 
арасында тығыз байланыс орнатылуы қажет.Ерекше қажеттілігі бар білім алушылар үшін 
жаңа бағалау жүйесін қолданудың ерекшелігі, ерекше қажеттілігі бар балаларда тоқсанда 
және оқу жылы ішінде сол және басқа да өлшемшарттарға қол жеткізу үшін жеткілікті 
уақыттың болуы болып табылады»[10].
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесі ерекше қажеттілігі бар білім 
алушылардың жетістіктерін өлшеу құралы және осындай категориядағы білім алушылар 
үшін білім беру қызметі сапасын анықтауға мүмкіндік беретін білім беру процесінің 
диагностикасы және ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды оқыту стратегиясы, мазмұны 
мен әдістемесі бойынша түбегейлі шешім қабылдау болып табылады. Инклюзивті 
оқытуда бақылау, тексеру және оқыту нәтижелерін бағалау – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің 
ажырамас құраушысы болып табылады, оларсыз мұғалім мен оқушы арасында 
толыққанды өзара әрекет ету мүмкін емес. Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың 
талаптарымен салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін 
анықтау үдерісі болып табылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. «Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы
2. Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016- 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016 жыл.
3. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық 
тәсілдері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №348 
бұйрығымен бекітілген. 
4. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 8 
тамыздағы № 345 Заңы.
5. «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 20.11.1989 ж. 
қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың 8 маусымындағы №77 қаулысымен 
ратификацияланған. 14. «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 
жылдың 30 наурызы.


452 
6. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі 
бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2015. – 51 б.
7. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ 
мезімдік негізде оқушыларға психологиялықпедагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік 
ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 80 б.
8. Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім берудегі Саламанка Декларациясы мен іс-
әрекеттердің Шеңбері: Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім беру туралы 
дүниежүзілік конференция – Испания – 1994 ж.
9. «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 
Қаулысымен бекітілген.
10. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин 
атындағы ҰБА, 2016.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет