Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет216/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ 
РӨЛІ 
 
Тамабай Н.Э., Базартай Ж.Н.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
 
Бізге жеткен тағылымды тарлан, талай дәуірді басынан өткерген тарих беттерінен 
1465-ші жылы Жәнібек пен Керей бабамыз «Қазақ» атты дархан елімізді тарих сахнасына 
шығарып, тұғырына тұрақтатқаны белгілі. Бұл кезеңде бабаларымыз жеке бастың қамы, 
атақ пен абыройдың дәні үшін емес мәңгілік елдің мәні үшін өз бетінше хандық құрып 
соны басқара білді. Алғашқы жылдары қоныс аударған ұлы көш Шу өңіріне тұрақтап 
моғолстан елімен көрші болып, біраз уақыттқа еңселерін тіктеп алған соң өздерінің ата-
бабасынан қалған тарихи тұрақтарын біртіндеп өз төңіректеріне алып, іргесін кеңейте 
бастады. Бұған дәлел: 1470 жылдың күз айларынан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан 
қаласынан бастап, Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын өз қарамақтарына алып елінің 
жайлы тұрмысына дәнекер болуы(10-сынып, Қазақстан тарихы пәні оқулығы). Бұл 
келтірілген дәлел Жәнібек пен Керей атамызбен халқының ерен еңбегі болса, дәл осы 
тұста халықтың қамын ойлап, қамығып, жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, 
елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол шаруаға жайлы , адамы 
қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңім не болады деп 
ойламайтын, елге ырыс, онда жұрттың бәрі тең бәрі де шат-шадыман тірлік кешетін, ел 
аласы жоқ, ағайын арасы тату, бірліктің ырыстың, бақ дәулетті, тыныш, бейбіт тұрмыстың 
белгісі ретінде қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын–жер үстіндегі адамзат көруі 
мүмкін «Жер үйекті» мұрат еткен бүгінге аты аңыз елі үшін еміренген – Асан 
қайғы бабамыз еді., Бұл сапардың оңай болмасы бірден білінеді, себебі: Ұзақ, азапты 
сапарға жылдар бойы әзірлену керек. Мал төлден тыйылуға, ер төсегінен безінуге тиіс. 
Соншалық төзім, шыдамды бастан өткерген соң ғана «Жер үйекке» сапар шегуге болады. 
Жол ауыр: шөлстан бар, аптап ыстық бар, соның бәріне сабырмен, шыдамдылықпен 
төзген, жолда кездесетін барлық қиыншылықтарды көтере алатын, бақыт дегеннің, 
бақытқа жету жолындағы күрес дегеннің не екенін білетін ел ғана «Жер үйекке» 
қоныстанбақ. Осыншама ауыртпалықтарды білсе де Асан қайғы төзімді жануар ретінде 
«Желмаяға» мініп «жер үйекті» іздеуге аттанады бұл сапарға Асан қайғы өзінің бақыты 
үшін, өзінің жан рахаты үшін емес мұқым елдің мұраты үшін, мұқым елдің қамы үшін, өз 
халқының бақыты үшін, халқыныа мәңгілік мекен болатын, жан рахатын сыйлайтын 
осынау қасиетті жерді іздеуге аттанады. Бұл сапардың негізінде! «МӘҢГІЛІК ЕЛ 
ИДЕЯСЫ» жатқандығы айдан анық. Бүгінгі ұрпақ «Жер үйекке» қоныс аудармаса да 
жазиралы дарқан «Қазақстан» атты тау баурайы асыл қазынаға, кенге бай, байтақ жерде 
ғұмыр кешуде! Одан кейінгі жылдарда әрбір, хандар, сұлтандар, билер өз халықын 
мәңгілік ел ету жолында әр қайсы әр түрлі бағытта өздерінің саяси бағыттарын жүргізді, 
олардың ішінде жүзеге асқандары да, негіссіз қалғандары да болды, бабаларымыз елін 
жерін қорғап, мәңгілік ел ету мақсатында сан түрлі амалдар жасады, сан түрлі кезеңдерден 
өтті. Халықта назардан тыс қалмай басшыларының ойын қуаттап, істерін жүзеге асыруға 
себепкер болып отырды. Олардан атап айтар болсақ: «Қасым ханның қасқа жолы». Бұл 
заңды Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды 
реттеу мақсатында алғашқы қазақ заңы «Қасқа Жолды» жарыққа шығарған. Бұл заң халық 
арасында бұырыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалған. Заңның 
негізгі бағыты сол кездегі мұсылман елдер арасында жаппай қолданылып жүрген ислам 
дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң бола білді. Билердің 
кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы» ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба 
жолы», «жөн жосықтар») мәнді өзгерістер енгізілді. Қасым ханның бұрынғы заң 
қағидаларына өзгеріс енгізіп, өзінің жасап шыққан заң ережелері: 


475 
Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері); 
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық, т.б. қолданылатын шаралар,) 
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті,қара қазан, тұлпар ат,едің құны т.б.) 
Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы 
сыпайылық, сөйлеу мәнері) 
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, 
жылу, асар, т.б.) 
Қасым ханның реформалары ғасырлар бойы тұтастай қалыптасқан көшпелілер 
өмір салтына нұқсан келтірместен белгілі бір жаңалықтар енгізді, әрі олар көлемді болған. 
Заң жалпылама емес, заңдылық пен тәртіпті, қазақ мемлекеттілігі мен елбасының беделін 
нығайтуға бағытталған қоғамдық саяси қатынастардағы демократиялық және азаматтық 
қағидаларды нығайту мақсатында жасалған. 
«Есім ханның ескі жолы». Бұл заң өзінің мазмұнына қарай құн дауы, жер дауы, 
жесір дауы, мал дауы секілді күрделі бөлімдерден құралған. «Есім ханның ескі жолы» 
дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Құн төлеу, қалың мал, 
ұры қарыдан тиыу, әскери жүйені күшейту, қоныс, жайылымды бөліп беру. 
Тәуке ханның «Жеті жарғысы (жеті анықтау жүйесі)». Мықты билік пен бірлікті 
қамтамасыз ететін заң жүйесі. Халықты ауызбірлікте ұстау, 
1. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген. 
2. Төрт түлік малмен құн төленген 
3. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген. 
4. Қылмыстық істерді билер соты қараған 
Осы айтылған реформалардың негізін бүгінгі қазақ елінің көшбасшысы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел идеясы»мен саралап ғасырлар үндестігі 
мен арадағы айырмашылықтарды қоғамдық-әлеуметтік, тұрмыстық, орта жағдайына 
байланысты түрлі салаларымен айқыштап, жобаның негізгі бөлігін сараласақ 
Осы кезге дейін Елбасымыздың әр жыл сайын халқына жолдау ретінде жүргізіп 
отырған реформасы бүгінгі күннің, бүгінгі қазақ қоғамының 
шынайы әрі біртұтас сабақтастығы болуда. Елбасымыз өзінің кезекті жолдауы 
«мәңгілік 
ел 
идеясында» 
бірінші 
болып 
жүзеге 
асыратын 
істердің 
қатарында баспана мәселесін баса назарда айтып өтті. Бұл бағытты мен Асан қайғы 
атамыздың «жер ұйықты» іздеуімен баланыстырар едім, ол дәуірде халыққа жайлы орын 
болса бүгінгі таңда бізде ол бар деп ойлаймын, себебі: біз жазиралы, жері шұрайлы, шөбі 
шүйгін, топырағы құнарлы, суы мөлдір, табиғаты тамаша қасиетті дархан дала да тұрамыз 
бірақ, қазірге сәтте көңілге кірбің түсіретіні сол шұрайлы жерден басыңызғаа 
бір баспана болмауы бұл нағыз бүгінгі күннің әлеуметтік мәселесі, адам еңбек пен бәрін 
табады киім, ас ал баспанасыз дүниесінің тұрағы, отбасының ырысы, ісінің өнімі 
болмайды, халқымызда «Өз үйің өлең төсегің» деген қанатты сөз бар, бұл деген әрбір 
тұлғаға бәрінен де қымбат өз баспанасы, ал баспанасыз жат қабағын бағу адам ғұмырына 
өзінің кең көлемде кері әсерін тигізіп, өмірін өксітеді. Қазырғы нарықтық заманда 
баспаныз қалу–тірліктен қалу. Баспана жоқтықтың соңы неге апарып соғып жатқанын біз 
күнделікті өмірден жиі кездестіреміз, бабаларымыздың дәуірінде түгі жоқ, сіңірі шыққан 
деген жанның өзінде «күрке» немесе «Қос» сынды панасы болған ал қазырғы жасампаз 
заманда олай күн кешу заман талабына да, адам денсаулығына да кері әсерін беретін жайт. 
Осы себепті мен елбасымздың баспана мәселесінде айтқан бағытын, нағыз бүгінгі қазақ 
халқының қайнар көзімі мен өнімді ісінің бастамашысы болатынына толық сенімдімін 
және қолдаймын. 
2. Келесі кезекте «Жол» бағытындағы идеялар, әрине өткен дәуірімзді алар 
болсақ, түйеге жүгін артып, атқа өзі отырып дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын 
ата бабаларымызға жолдың аса аңызы бола қоймадды, сол себепті де хандардың 
заңдарында жолдың сапасна емес одан түсер пайдаға байланысты бағыттар болған, ал 
бүгінгі таңда «жол» – біздің күре тамырымыз, әрбір басқан қадамымыз осы жолмен 


476 
тікелей байланысты, жол біздің тіршілік көзіміз, экономикалық құндылығымыз, 
Елбасымыз өз сөзнде: Жол– шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі, 
тіршіліктің күре тамыры, экономиканың басты құралы, алысты жақын ететін ел елеулісі 
десе, мен өз тарапмынан жол алысты қана емес, Елдің ертеңгі жарқан болашағын жарқын 
етер, жақын етер басты құралы дер едім! «Жолды басқару мемлекетті басқарудың тиімді 
жақтарының бірі» бұл идеяны Есім ханның жер басқару саясатымен салғастыра аламыз! 
Онан әргі идеялар заман талабына сай жасампаздыққа негіздел жасалған, шағын 
кәсіпкерлікті дамыту, электр қуаты, көгілдір отын сынды бүгінгі күннің басты 
мәселелеріне арналған. Елбасымздың тағы бір халыққа болашақ ұрпаққа игі бастама 
болған идеясы колледж санатындағы білім мекемелерінде техникалық мамандықтардың 
тегін болуы бұл дегніміз, болашақта техникалар өз елімізде өз мамандарымздан 
шығарылып, ауыл шаруашылығымыз өнер кәсібіміз үлкен салаға көтерілуіне бірден бір 
негізгі сара жол! Шәкірт ақы мен зейнет ақы бұл–елдің ереңі боламыз деген елеулі 
ұрпақтар мен еліне қалтықсыз қызмет етіп бейнетінің зейнетін көрер қарияларға 
көңілдеріне медеу жүздеріне қуаныш сыйлайтын үлкен іс! 
Бұл - Қазақстан 
Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың 
бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ 
елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық 
еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. 
«Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды 
болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология 
ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» 
халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түрік жұртының 
данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін 
қалаған идея...» - екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік 
қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — 
мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, 
мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің 
бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген 
Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы 
былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» - деген жолдар бар 
Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы 
шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық 
болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге 
болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. 
Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы 
жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Көрнекті еуразияшыл ғалым, 
тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы 
үш рет 
біріктірілді. 
5 маусымдағы 
М.Тажиннің 
ұлттық 
тарихты 
зерделеу 
бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт 
Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік 
мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 
2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын 
алға қоюы деуге болады. Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: 
оның біріншісі - көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі - Әл-
Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның 
теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның 
осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің 
тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз 
бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы 
болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу 


477 
ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік 
рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен 
шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» 
философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» 
теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында 
баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен 
түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім - Әл-
Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет 
пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары 
мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың 
императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда 
түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби 
мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. 
Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті 
сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті 
ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру 
керек: олар - әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, 
адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін 
әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі - экономикалық және саяси мәселелер - 
негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне 
тәуелді. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. 
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, 
он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» 
шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу 
жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп 
жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін 
нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды - әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне 
«Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа 
Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп 
Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін 
жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII 
ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, 
ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік 
ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар 
жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне 
қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі 
алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына 
орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ 
емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен 
үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның 
арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға 
және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. 
Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. 
Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада 
асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат 
қақпасының 
салынуы 
«Мәңгілік Ел» 
идеясының 
мелекеттік 
идеологияға 
айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен 
мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен 
мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» 
дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге 
толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-


478 
мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы 
қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология 
арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. 
Қазақ деген ұғымды еншілегенімізгеде өте ұзақ болмаса да, арғы бабамыз сақ пен 
ғұннан, үйсін мен қаңлыдан тарата айтсақ бәрі де мәңгілік жұрттың негізін қалады. 
Мәңгілік ұрпақтың шекарасын айқындады, «әлмисақтан» деп сөз бастайтын атам 
қазақтың қай тұсын алып қарасақ та мәңгілік болудың мақсаты айқындалады, тайға басқан 
таңбадай 
із 
тастайды. 
Кир патшаның басын алып, “мәңгі елдің тыныштығын алғың келсе, мәңгі қанға тойып 
торсықта жат” – деп халқының ертеңі үшін атқа қонған Тұмар ханым тірлігі де осы елдің, 
баба жұртының бас қамы еді. Желмаямен желе жортып, мәңгілік «жерұйық» іздеген Асан 
қайғының да қайғы атанғаны еліне тұрақ, ұрпағына мәңгілік мұрат болар жері құнарлы, 
ауасы жұпарлы, шөбі шүйгін жұртты көксемеп пе еді? Қой қоздатып, түйе боздатып, 
желілеп бие байлап, жер бетінің жайлысын таңдап ұрпақ өсіруді арман еткен Асан 
жыраудың 
сан 
жорығы 
мәңгілік 
ұрпақтың 
қамы 
емес 
пе? 
Қайда барса өзіне қазылған, өзінің атына жазылған көрден құтылмаққа Қорқыт баба да 
қобызын күңіренте тартып мәңгілік ғұмырды аңсамады ма? Мәңгілік үнді, мәңгілік әуенді 
аңсамады ма? Сырдың бойын сырлы қобыз үніне ұластыра сыр шерту де мәңгілік арманы 
еді ғой
Қазақ халқы ХХ ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті. Мойны бұғаудан 
босады. Дүниеге жар салдық. Біз тәуелсіз ел болдық деп мінберден сөйлеп, биік-биік 
тұғырдан көріндік. Елдігіміздің көтерген елбасы елдің мәңгілік тұғырнамасын қайта 
қозғады. Ширек ғасыр елдігімізді танытқан соң бабаның арманын қайта жаңғыртты. Бұл 
да сындарлы сағаттың жемісі еді. Қазақтың мәңгілік жеңісі еді. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың бүгінгі әр сағатының маңызды 
құндылықтармен толықтырды. Мәңгілік ел болмаққа тұғырнамасын жасады. Міне, 
мәңгілік елдің қағаны, ұлттың арманы. 
Мәңгілік ел деген идеяны көтермес бұрын мәңгілік болмақтың қамын қылды. 
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлес» - деген елбасының ойы да сол мәңгілік ел болмақ үшін 
мәңгілік тіл болмақ керегін аңдағаннан кейінгі сөз. Мәңгілік ел болмақтың аксиомасы. 
Ұрпағы өзге тілде шүлдірлей бастағанын сезген бүгінгінің ақыны заманның 
мұңын, 
Ана тілің – арың бұл,. 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! – деп жеткізіп, өз тілін өзекке теппе, елдігіңе сын деп 
ескертті. Елдікті ойлар жұрт ескерер деп үлгі етті. 
Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде 
болмақ басшысына бағына алған халық пен халықының мүдесінен шыға алған басшысы 
бар ел мәңгілік болмақ! Елбасымыздың «Мәңгілік ел идеясы» өзінен бұрын өткен бабалар 
реформасы мен мақсаты бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор 
айырмашылық жасайды. Бабаларымыз халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет-
ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, 
Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған елдердің қатарына қосып, басқа 
елдермен терезесін тең етіп, бақытты да ша-шадыман тірлікке жеткізу, бұл дегеніміз 
бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс! 
Елбасы бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ. Ол ұлы міндет. 
Сол үшін біз ұрпақ мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тілдің өрісін кеңейтпегіміз парыз. 
Қазақ тілі болашақта тек қазақ әдебиетінің тілі ғана емес, техниканың, ғылымның һәм 
саясаттың тілі болса, елбасы жүктеген міндетті ел болып атқарғанымыз болмақ. 
Елдің ертеңі үшін мәңгілік ел болашағы үшін, мәңгілік елдің тілдің қанат 
жаймағы үшін білім нәрімен әлеуеттеніп, мәңгілік мұрат ұстанбақ керек. 


479 
Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенді. Сенім артты. Сол үшін 
мәңгілік елге қызмет ету біздің борыш. Тіл мәңгілік, ұлт мәңгілік болғанда ғана ел 
мәңгілік болмақ. Мәңгілік тәуелсіздік болмақ. 
Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын! 
Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, 
Мен – қазақпын, АЖАЛСЫЗ анамын мен, 
Құрсағыма сыйдырам даланы мен. 
Пәк сәбимін бесікте уілдеген 
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет