Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н.Ә. Болашққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан,
2017 жыл
12 сәуір
2.
http://old.baq.kz/
3.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
4.
http://kazbilim.kz/%D0%B1/
5.
Матаев, М. Қиянатқа қарсылық [Текст] / М. Матаев // Ана тілі . - 2011. - 8 - 13
шілде. - С. 6 -
6.
https://web.facebook.com // Разговор с человеком-легендой: Какую школу в
Казахстане можно считать хорошей?
7.
Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасы, Ақпараттық бөлім
мұрағаты. – Қызылорда, 2019 ж.
ДИАЛЕКТІЛІК ЛЕКСИКА – ЭТНОС БОЛМЫСЫН ТАНЫТУ ҚҰРАЛЫ
Турикбенбаева Н.Т., Алмауытова Ә. Б.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақ тілі лексикасының бір саласы – диалектілік лексика болып табылады.
Осымен байланысты ол жалпыхалықтық тіл тарихымен сабақтас дамып отырады. Бұл
туралы қазақ тіл біліміндегі диалектология саласының көрнекті зерттеуші маманы
академик Ш.Сарыбаев «Қазақ тілі диалектологиялық сөздігінің» алғы сөзінде былай деп
жазған:«... қазіргі кезде әр халық ертедегі ру, тайпалардың бірігуінен қалыптасқаны дау
тудырмаса керек. Дегенмен, кейін пайда болған халық тілі – ежелгі ру, тайпаға тән
485
тілдерден сақталып қалған қазіргі халық тілінің көрінісі болуы заңды; екіншіден,
қалыптасқан халық мұхит ортасындағы аралға көшіп кетпейді, сол ата мекенінде дәл
өздері сияқты ру, тайпадан қалыптасқан басқа да халықтардың қоршауында көрші
есебінде түрлі қарым-қатынаста өмір сүріп қала береді» [1,4].
«Диалектілік лексика қазақтың жалпыұлттық лексикасының бір саласы болып
табылады. Бірақ оның таралған, қолданылатын аумағы шектеулі, жалпыхалықтық
сөздердей кең тарамаған. Қазақ диалектілері мен сөйленістерінің басқа түркі тілдерінің
диалектілері мен сөйленістерінен басты бір ерекшелігі ең алдымен лексикалық
диалектизмдерден, олардың молдығынан көрінеді. Диалектілік сөздерді әлеумет, табиғат,
адам өмірінің барлық жағына байланысты кездестіруге болады. Диалектілік сөздер
жайында арнайы диалектологиялық сөздіктер жасалған» [2,154].
Тілде ұлттық болмыстың, менталитеттің көрініс табуы нәтижесінде өзек сөздер,
лингвокультуремалар туындайды. Әр тілдің өзіндік ұлттық ойлау ерекшелігін,
дүниетанымдық ерекшеліктерін білдіретін концептілер қалыптасады. Н.Уәлиев халықтың
тарихы тілінде өз таңбасын қалдырып отыратынын айта келіп: «Халық өзінің өткен
дәуіріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс тіршілігін аз сөздің аясына
сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің
сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендігі ой-қиялы,
тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады» [3].
Ал лингвомәдениеттануда мәдениеттің мейлі ол жалпы ұлттық болсын я белгілі
бір аймаққа тән мәдениет болсын, дәстүрлі түрде қалыптасқан тілдік бірліктер, атап
айтқанда, сөздер, фразеологиялық тіркестер, мәтіндер т.б. объективті элементі ретінде
көрінетіні белгілі.
Лингвомәдениеттанымдық бағыт бойынша, белгілі бір этномәдениетке жататын
тілдік тұлғаның менталитетін білдіретін лингвокультуремалардың лингвомәдени
ерекшеліктері
болады.
Лингвомәдениеттану
тұрғысынан
сөз
еткенде,
лингвокультуремалар белгілі бңр мәдениет өкілінің рухани болмысын танытатын
менталды бірлік ретінде танылады. Бір тілді тұтынатын, яғни бір тілде сөйлейтін
адамдардың сөздік қоры бір-бірінен өзгеше болады, ол белгілі бір сөзді қолдану
ерекшеліктеріне, ол сөзге қандай масындағы осы сөздіғыналарды сыйғызуына да
байланысты болады.
Диалектілік лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан) жергілікті
тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер
бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, өйткені олардың басым көпшілігінің
жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар. Бұлардың әдетте әдеби тілде
баламасы болады, сондықтан әдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер: таңлай
(жергілікті) – таңдай (әдеби), әпше (жергілікті) – әпке (әдеби), челек (жергілікті) – шелек
(әдеби); үлкен, зор (әдеби) – нән (жергілікті), шекер (әдеби) – секер (жергілікті) т.б.
Қазақ тілтанымында диалектизмдер табиғаты әр кезеңдерде талай зерттеулердің
нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Досқараев, С.Аманжоловтар бастаған бұл
ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев,
С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов,
Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазиндардың зерттеу-еңбектерінің нәтижесінде
қазақ тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшеліктер жан-жақты сипатталады. Атап айтар
болсақ, С.Аманжолов қазақ тілінің диалектілерін топтастырғанда батыс, солтүстік-шығыс,
оңтүстік диалектісі бар деп үш топқа бөліп қарайды. Ж.Досқараев пен Н.Т. Сауранбаев
оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс деп екіге, Ш.Сарыбаев қазақ тілінде батыс, оңтүстік,
шығыс және орталық-солтүстік деп аталатын төрт түрлі диалектіге бөліп қарайды.
Диалектілік ерекшеліктерді аймаққа бөлуде «бірқатар тіл мамандары қазақ тілінің
жергілікті ерекшеліктерін (С.аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев) диалект
сипатында деп қараса, тілшілердің екінші тобы (І.Кеңесбаев, Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев)
оларды говор сипатында есептейді» [4,10].
486
Қазақ әдеби тілінің диалектілерге қатысы туралы алғаш сөз қозғап, өзіндік батыл
пікір айтуымен ерекшеленетін профессор С.Аманжолов
«Вопросы истории и диалектологии казахского языка» деп аталатын еңбегінде: «Халық
тілі дегеніміз – диалектілерден (жергілікті ру-тайпа одақтарының тілдерінен) құралған,
бірақ әдеби тіл сатысына жетпеген тіл. Ал ру-тайпа одақтарының тілдері жеке рулардың
тілінен құралғаны ашық, айқын нәрсе» - дейді [5,13].
Осындай
түбегейлі
зерттеулердің
нәтижесінде
жиналған
жергілікті
ерекшеліктердің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарағанда,
лексикалық ерекшеліктері мол екендігі анық белгілі болып отыр. Лексикалық
ерекшеліктердің көлем жағынан аумақты келуі халықтың этностық құрамымен,
географиялық жағдайымен, кәсіби, тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрып, салтымен тікелей
байланысты. Тілде кездесіп отыратын диалектілік ерекшеліктер кездейсоқ құбылыс емес.
Халықтың бәріне бірдей түсінікті әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір аймақта
ғана пайдаланылатын ерекше сөздер тобын «диалект» дейді.
Соңғы жылдарға дейін қазақ қоғамында, әсіресе жалпыхалықтық тілдің әдеби
формасын, оның нормаларын насихаттау, жоғары қою үрдісі күшейді де, диалектизмдер,
қарапайым сөйлеу элементтері жұртшылыққа көбіне «құбыжық» ретінде көрсетілді.
Шындығында, әдеби тілдің нормасын насихаттау, оның дәстүрлі нормаларын қатаң
ұстану принципін әрқашан да берік ұстануымыз қажет. Бірақ бейәдеби элементтері мүлде
мансұқ етпей, тарихи құндылықтардың бірі ертінде оқып, танып білуіміз аса қажет.
Оқулықтарда, жекелеген зерттеулерде диалектілік құбылыстарды не үшін зерттейтініміз,
танып білетіндігіміз жөнінде азды-көпті айтылған. Олардың негізі, сайып келгенде, әдеби
тілді байытудың көзі, тілдің тарихын білу, көркем әдебиетте эстетикалық мақсатта
жұмсалатыны т.б. дегендерге саяды. Мәселе тек осыларға тірелсе, онда жалпыхалықтық
тілдің бейәдеби формаларын рухани құндылық деп жете тани алмаймыз. Оларды рухани
құндылық деп тану үшін жоғарыда айтылғандар жеткіліксіз. Өйткені жалпыхалықтық
тілдің бейәдеби элементтері ұлт, халық, тайпалық тәрізді тілдік ұжымның өмір
эстетикалық мұрат-мақсатын білдіретін куммулятивтік қызмет атқарады.
Қазақтың әдеби тілінің сөздік құрамын толықтыра түсу – әлі де жүріп жатқан
процесс. Сондықтан да ауызекі сөйлеу бірліктерінен, әсіресе диалектизмдерден мүлде бас
тарту әлі ерте. Ғалымдардың пікірінше, жергілікті тіл ерекшеліктерін тек стильдік
мақсатпен көркем шығармаларда ғана қолданып қана қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың
бір көзі ретінде қарау керек.
Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазақ тіл білімінде ғалымдар
назарынан қалыс қалған емес. Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған
диалектілерді ғалым Р.Сыздық әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін
сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың
шығармаларынан орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, Абай тілінің
сөздігінде [6] тіркелген.
Диалектілік лексика мен оның қызметін зерттеуші ғалымдар аталмыш жергілікті
тіл ерекшеліктеіне қатысты: «Диалектизмдерді тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем
әдебиетте ғана қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде қажеттілік
туған сәтте, әдеби тілде баламасы болмаса, әдеби тілді байытуға әлеуетті болса, батыл
қолдану керек» - деген тұжырым жасайды. Материалдық және рухани мәдениетке
байланысты атаулардың едәуір бөлігі аумақтық (территориялық) диалектілерге қатысты
болып келеді. Ақиқат өмірдің, қоршаған ортаның түрлі заттар мен құбылыстардың,
әсіресе өсімдіктер мен жануарлар әлемінің толып жатқан атаулары диалектілік лексика
жүйесінде бейнеленген. Олардың қайсыбірінің әдеби тілде баламасы жоқ деуге болады.
Мысалы, диалектілік лексика жүйесіндегі үлек, көрпеш, суын, ортеке, әндемі, айлақ
универбтерін алсақ үлек – «нардың баласы», көршеп – «кенже туған қозы», суын – «таза
арғымақтан туған жылқы», ортеке – «бөкеннің еркегі», әндемі – «үй сылайтын темір
қалақша», айлақ – «кеме тоқтайтын жер қойнауы» делініп, сипаттама немесе перефраз
487
түрінде беріледі. Бұларды когнитивтік деңгейдегі тілдік ұжымның өмір тәжірибесі, ой-
санасы, дүниетанымымен байланысты қарау диалектикалық лексика жүйесінің
семантикалық құрылымын тереңірек тануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен
қатар ақиқатты ойлаумен байланысты күрделі құбылыстарды бірте-бірте тануға септігін
тигізеді.
«Диалектілік сөздердің көркем әдебиетте атқаратын стильдік қызметі кейіпкерлер
тілінде қолданылып, шығарманың тілдік бояуын (колоритін) күшейтумен байланысты.
Кейбір жазушылар сипаттап отырған кейіпкері айтатын сөздерде диалектизмдерді әдейі
қолданады. Бұл –жазушының кейіпкерін неғұрлым нанымды, жан-жақты сипаттауына
мүмкіндік береді. М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Орманов,
Қ.Әбдіқадыров, Ә.Нұрпейісов т.б. ақын-жазушылар диалектілік сөздерді бейнелеу
тәсілдерінің бір түрі ретінде шебер пайдаланған» [2, 153].
Яғни, көркем шығарма бойынан материалдық та, рухани да мәдениеттің ұлттық
көрінісін байқауға болады. Көркем шығарма тілі осы мақсатта зерттеледі де, сондықтан
белгілі жазушы Ә.Нұрпейісов [7] шығармаларының тілі көптеген ғалымдардың
еңбектеріне арқау болды. Мақалада жазушының «Қан мен тер» романындағы жергілікті
тілдік ерекшеліктерді мағыналық жағынан сипаттау, саралау арқылы этностың болмысын
таныту бағытында зерделеу мақсаты қойылды.
Осымен байланысты, жазушы шығармасындағы этностың материалдық мәдениетін
көрсететін бірнеше диалектизмдерді ұсынып отырмыз. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |