Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Сурет1 - Қызылорда қаласының құрметті азаматтарын насихаттауға арналған



Pdf көрінісі
бет218/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Сурет1 - Қызылорда қаласының құрметті азаматтарын насихаттауға арналған 
Фейсбук парақшасы 
 
 
 


484 
 
 
Сонымен, бүгінгі таңда педагогтардың алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның 
біріншісі – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған, өзгермелі қоғамда заманауи 
талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу, ал екіншісі кейінгіге қайта 
оралып, ата-бабамыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарымызды жастар бойына 
сіңіру. Осы екі міндетті шешкенде ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік 
деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Зерттеу материалдарында Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес 
қосқан құрметті азаматтар туралы зерттеу мәселесінің бүгінгі күйін, жағдайы мен 
үдерісін, перспективаларын анықтайтын бірқатар объективті мәліметтерді алып, 
төмендегідей қорытындылар мен нұсқаулар жасауға мүмкіндік алдық: 
1. Білім алушылардың ұлттық санасын қалыптастыруға ықпал ететін Сыр 
өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан құрметті азаматтарына 
сипаттама берілді. 
2. Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан құрметті 
азаматтардың өмірі мен кәсіби жетістіктерінің жастар тәрбиесіне тигізер ықпалы 
анықталды. 
Көтеріліп отырған мәселенің күрделігіне орай, зерттеу жұмысы толығымен шешім 
тапты дей алмаймыз. Біз зерттеу жұмысымызда тәуелсіздік жылдарынан бері қазіргі таңға 
дейін Сыр өңірінде қызмет жасап, ұрпақ тәрбиесіне, жастардың сапалы білім алуына 
еңбегі сіңген «Қызылорда қаласының құрметті азаматтарын қамтыдық. Кеңес дәуіріндегі 
ғұлама, дарында ұстаздарға, білім саласының майталман өкілдері және олардың 
еңбектеріне әлі де зерттеу терең жүргізу керек.
Қай заманда да, қай қоғамда да дара тұлғаның жөні бөлек. Солай болған, солай бола 
да береді. Елім деген, жерім деген ерлердің тарихтың тар тұстарында қандай іргелі істер 
атқара алатынына қоғамымыздағы жетістіктерге қарап көзіміз жетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет