Әдебиет
1. Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи
журналы, Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. 108 бет.
2. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған
Қадыр Мырза Әли..) Алматы, «Өлке» баспасы, 2001.144 бет.
3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010.
232 бет.
4. Гумилев Л.H. От Руси к России. М: ООО «Издательство АСТ», 2002. 392 с.
5. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді,
10.02.2014ж.
6. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. Астана: Сарыарқа, 2012. 568 б. 7.
Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н.,
Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі.
Ұжымдық монография. Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. 404 бет. (орыс тілінде)
8. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. Алматы, «Алматыкітап» баспасы,
2005. 368 бет.
СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС
ҚОСҚАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ
Л.Төлеш, А.Байғабул, Р.Т.Игенбаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тәуелсіз еліміздің болашағын қалыптастыру үшін ғасырдан-ғасырға жалғасып келе
жатқан құндылықтарды, ата- анаға құрмет, үлкенге ілтипат, кішіге ізет көрсететін
парасатты, салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелеу қажет.
Соңғы жылдары қоғам жастардың рухани-адамгершілік дағдарыстың үдей түсуімен
байланысты ең бір қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтпауға болмайды. Бүгінгі Қазақстан
жастарының белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен ділінің, азаматтығы мен
патриотизм деңгейінің құлдырауы осындай тұжырым жасауымызға негіз болып отыр.
Әсіресе бұл өзінің туған тілін ғана емес, өз халқының тарихын, салт-дәстүрлерін білмейтін
қазақ жастарына қатысты. Рухани құндылықтардың орнына материалдық құндылықтар
келіп, басымдық танытуда. Іс жүзінде осының барлығы жастардың маңызды азаматтық
міндеттерді еш жауапкершіліксіз, немқұрайлы атқарып, әлеуметтік жетесіздік пен
рухсыздыққа бой алдыруынан айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтарды
бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін
480
сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін,
мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу. Елбасының «Патриотизм кіндік қаның
тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол
себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - дегені жастарды
патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Сыр өңірі – тарих қойнауындақатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына
айналған жандарға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты
Алаштың анасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
бағдарламасында көрсетілгендей «Туған жер» бағдарламасы жаппай халық арасында
үлкен күшке ие болды, ол жастардың бойына рухани-адамгершілік және патриоттық
тәрбие беру үдерісінде үлкен маңызға ие.
Осыған орай біз туған жеріміз – Қызылорда қаласының «Құрметті азамат» атағын
алған тұлғаларды зерттеуді басты мақсат етіп қойдық. Жоғарыда көрсетілген құрметті
азаматтардың ішінде Сыр өңірінің білім саласына, педагогикалық мектептердің дамып,
жетілуіне үлес қосқан ұстаздарды, белгілі білім саласының майталмандарының
өмірдерегін, кәсіби қызметін анықтауды қолға алдық. Бұл тақырып бұрын-соңды
зерттеулерге арқау болмаған тың тақырып.
Қазақстан Республикасының бүгінгідей тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып,
әлемнің 30 дамыған елдер қатарынан орын алуға ұмтылысына дейін, оның өркендеуіне,
қарыштап дамуына үлес қосқан тұлғалар мыңдап саналады. Тарихта шежіре боп қалған
Ұлы Отан соғысы кезеңінде ерлік жасап, қаһармандық танытқан жаужүрек батырлар,
кейін бейбіт кезеңде ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен еңбек майталмандары, сондай-ақ
кәсіби және азаматтық парызын орындау барысында жеке ерлік жасағандар, еліміздегі
заңдылық пен құқық саласына елеулі үлес қосқандар өз елінің, Туған жерінің, Отанының
құрметіне бөленуге әбден лайықты.
Құрметке лайық жандардың ішінде тәуелсіз Қазақстанның тұғырлығы мен
тұтастығын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлер,
еліміздің түрлі шаруашылық салаларындағы инновациялық озық технологияларды
меңгеріп, жүзеге асырған, әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша зор
үлес қосқан, ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін
дамытуда елеулі үлес қосқандар да бар.
Біз өз назарымызды өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен
патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда
айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарына аудардық. Өйткені
еліміздің білім, ғылым, педагогика саласында аянбай, кәсіби жоғары деңгейде қызмет
жасап, жас ұрпақтың сапалы білім, парасатты тәрбие алуына ықпал еткен, «Құрметті
азамат» атағына ие болған ұстаздар қауымының еңбектері аса көп зерделенбеген.
«Құрметті азамат» атағы уикипедия халықаралық электрондық анықтамалықта
көрсетілгендей Кеңестік дәуірде «Кеңестік Конституция талаптарын бұлжытпай орындап,
адамгершілік үлгісін танытқан, коммунистік құрылысқа үздік еңбек сіңірген барлық
азаматтарға берілетін атақ» болып белгіленген Республикалық дәрежедегі «Құрметті
азамат» атағы Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен, ал қалалық, ауылдық
дәрежедегі атақтар жергілікті Кеңестердің шешімімен берілген «Құрметті азамат» атағын
беру Кеңес үкіметі адамдары арасында коммунистік тәрбиені нығайтып, оларды жаңа
еңбек табыстарына жетуге жігерлендіруді мақсат етті [1].
«Құрметті азамат» атағын иеленгендер арасында қоғам қайраткерлері, ақын-
жазушылар, өнер саңлақтары, атақты спортшылар, әскерилер, кәсіби іс-әрекетінде
нәтижелерге жеткен тұлғалар көптеп саналады. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының
батырлары, ардагерлері, тылда еңбек еткен майталмандар бар.
«Құрметті азамат» атағы белгілі бір өңірлер бойынша анықталады. Қазақстан
Республикасындағы облыстардың «Құрметті азаматы» атағы, облыс орталықтары
саналатын қалалардың (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Жамбыл, Орал,
481
Ақтөбе т.б.) «Құрметті азаматы» атағы да бар. Негізі аталмыш атақ халықтың, елдің
игілігіне жұмыс жасап, олардың құрметіне иеленген таңдаулы азаматтарға берілген. Біздің
зерттеу жұмысымызға негіз болатын тақырып – өзінің туған жері, өскен өлкесіне үлес
қосқан азаматтарды зерттеп, зерделеу.
Біз «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының білім алушылар
ретінде әсіресе туған жеріміз, туған өлкеміз - Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептің
дамуына үлес қосқан Қызылорданың құрметті азаматтарын зерттеуді мақсат етіп қойдық.
Бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелей отырып, еліміздегі педагогика ғылымының
терең тамыр жаюына үлес қосып, көріктеп дамуына себепкер болған үлгілі азаматтар
көптеп саналады. Егер де аспаздың еңбегінің нәтижесі бір-екі сағатта көрініс беретін
болса, ұстаздың еңбегінің жемісі тез арада көрінбегенімен, оның оқушыға берген білімі
мен тәрбиесі өмір бойына жанында болып, сенімді серігіне айналады. Ал тұлға өмірінде
жетістіктерге жетіп жатса ұстаздың еңбегінің ақталғаны. Енді
Сыр өңіріндегі
педагогикалық мектебінің дамуына үлес қосып, «Қызылорда қаласының құрметті
азаматы» атағын алғандарды атап өтелік.
1.
Ахмадеева Нағима – белгілі ұстаз, Қызылорда қаласы №112 мектеп директоры
қызметін атқарған.
2.
Матаев Мұстафа – ғалым, ұстаз.
3.
Подольский Марк – ұстаз, Қызылорда қаласы 198 мектеп директоры қызметін
атқарған.
4.
Тәжімбетов Жеңісхан – ұстаз, Зейнолла Шүкіров атындағы №20 орта - мектеп
директоры, № 69 орта – мектеп директоры қызметін атқарған.
5.
Айдосов Абылай - ғалым, ұстаз.
Енді ұстаздарымыздың өмірдерегіне қысқаша тоқталып өтелік.
Ахмадеева Нағима Абдолқызы
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл
қаласында 1918 жылдың 5 наурызында дүниеге келген. Ерен еңбегі үшін 1957 жылы
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған. 1936 жылы мұғалімдер институтын
тәмамдаған соң 1936-1943 жылдар аралығында Семей облысы мектептерінде мұғалім,
1943-1945 жылдары Петропавл қаласындағы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1945-
1950 жылдары Қызылорда қалалық атқару комитеттінде бөлім меңгерушісі, 1950-1952
жылдары қалалық партия комитеттінің хатшысы қызметін атқарған. 1952-1978 жылдар
аралығында 26 жыл бойы Қызылорда қаласындағы №112 Ә.Молдағұлова атындағы орта
мектептің директоры қызметін абыроймен атқарған. 2016 жылы бұл мектепке оның есімі
берілді. Нағима Ахмадеева ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін жоғары награда - Ленин
ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Ал 1978 жылы 28 наурызда Қызылорда
қаласының «Құрметті азаматы» атағы иегері атанған.
Профессор Мұстафа Матайұлы өз өмірі жайлы: «Өмірімнің барлығы негізінен
тәрбие ісімен айналысу болыпты» деп жазған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің қазіргі биігіне көтерілуіне өзіндік үлесін қосқан, ел көшін
алға сүйреген Сыр бойының тұңғыш философия ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік
Ғылымдар Академиясының, Халықаралық педагогикалық білім беру Академиясының
академигі, «Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері», профессор.
Подольский Марк Захарович – ұстаз, КСРО және Қаз ССР білім беру ісінің үздігі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. 1932 жылы Украинада дүниеге келген. 1956
жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіген соң еңбек жолын қаладағы
Макаренко атындағы балалар үйінде тәрбиеші болудан бастады. 1978-2002 жылдары
№198 орта мектеп директоры кезінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеп, нарыққа биімдеуде,
оқу тәрбие жұмысының жоғарғы көрсеткішке жетуіне қажырлы еңбек сіңірді. 2007 жылы
25 желтоқсанда оған «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Абылай Айдосов Хангерейұлы 1936 жылы Челябы облысы, Полтава ауданы, Георгиевка
елді мекенінде туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.
482
1959 жылы Қызылорда педагогикалык институтын бітірген. Көп жылдар бойы
комсомол, партия органдарында жауапты басшы қызметтер атқарды. Тереңөзек аудандық
комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік
университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты, "ХХІ ғасыр және Арал"
әлеуметтік экологиясы Халықаралық орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 80-нен
астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Республикаға ерекше еңбек сіңген зейнеткер.
Бірнеше ордендермен, медальдармен, Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен
марапатталған. 2000 жылдың 2 қазанында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы"
атағы берілді.
Біз зерттеу жұмысымыз бойынша эксперименттік жұмыстар да жүргізген
болатынбыз. Тақырыбымызға орай экспериментіміздің негізгі міндеттерін айқындап алып,
оларды төмендегіше сипаттадық:
- білім алушылардың Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес
қосқан Қызылорда қаласының құрметті азаматтары туралы білім деңгейін анықтау;
айқындау;
- білім алушылардың туған жерге, оның қалыптастып, даму үдерісіне, ұрпақ
тәрбиесіне деген көзқарасын білу;
- «Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан Қызылорда
қаласының құрметті азаматтары» атты тәрбиелік іс-шаралар әзірлеу;
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың анықтаушы кезеңінде біз жастардың Сыр
өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан Қызылорда қаласының
құрметті азаматтары туралы білім деңгейлерін анықтау мақсатында пікіртерім жасадық.
Педагогикалық экспериментке Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орнының 40 студенті
қамтылды.
Анықтаушы кезеңде студенттерге қойылған пікіртерімнің кейбір үлгісі мынадай.
1. Туған өлкеміздің дара тұлғалары жайлы не білесіз?
2. Туған өлкеміздің дара тұлғаларын қалай жіктер едіңіз?
3. Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан құрметті
азаматтар туралы не айта аласыз?
4. Ұлттық құндылықтарды кәсібіңізбен, мамандығыңызбен байланыстырасыз ба
5. Туған жердің, еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар өмірінің тәрбиелік маңызы
жайлы не айтасыз?
6. Қазіргі жаһандану дәуірінде қазақтың ұлттық құндылықтарға орлау қаншалықты
қажет?
7. Сіз өзге облысқа, қалаға барсаңыз Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің
дамуына үлес қосқан құрметті азаматтар туралы жайлы баяндай алар ма едіңіз?
8. Ел мақтаған тұлғаларды мақтан тұтасыз ба?
Зерттеу жұмысымыздың анықтаушы кезеңінде біз білім алушылардың Сыр
өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына үлес қосқан Қызылорда қаласының
құрметті азаматтары туралы аз білетіндіктерін, дегенмен оларды білсек екен деген
қызығушылықтарының бар екендігін айқындадық. Бұл кезеңде анықталған кейбір
фактілерге тоқталып өтелік. «Ұлттық құндылықтарды кәсібіңізбен мамандығыңызбен
байланыстырасыз ба?» деген сұраққа 43,4 пайыз «иә», 40 пайыз «жоқ дегеннен иә деген
дұрыс болар» 16,6 пайыз «иә дегеннен жоқ деген дұрыс болар» - деп жауап берді.
Кейбір жауаптарды мысалға келтіретін болсақ.
«Өз халқыңның құндылықтарын күнделікті өмірде пайдаланасыз ба?» -деген сауалға
білім алушылар құндылықтар ұғымын жақсы түсінетіндіктерін көрсетті. Мысалы «Иә, өз
халқымыздың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрлерінде өткізуін қолдаймын. Бұл біз үшін
қызық». «Иә, пайдаланамын, маған пайдасын тигізеді, жас ұрпаққа тәрбиелік пайдасы мол
салт-дәстүрлерімізге сүйене отырып, өмір сүрсек, өмірде тәрбиелі алдыңғы қатарда
боламыз». «Әрине, пайдалануға тырысамын, себебі қазақ халқының тарихын, батырлары
мен ойшыдарын құрметтеймін». «Иә, ұлттық дәстүлер халық зердесінде тарихи
483
құндылықтарды жаңартады. Ұлттық психиканы жетілдіре отырып ұлттық дәстүрлер өз
халқына өз ұлтына құрметпен қарауға тәрбиелейді».
Сонымен білім алушылардың Сыр өңіріндегі педагогикалық мектептердің дамуына
үлес қосқан Қызылорда қаласының құрметті азаматтары туралы білімдерін жетілдіру
қажеттігін айқындадық. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге
ізет білдіре өмір сүруі қазақтың қанына сіңген қадірлі қасиет. Қоғамда берік қалыптасқан
осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік
қағидалардың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Сондықтан әлеуметтік желі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие болғандықтан,
экперименттік алаң ретінде Facebook әлеуметтік желісін таңдап, жұмыстар жасауды қолға
алдық. Жеке парақшамызға ізденіс нәтижесінде табылған және талдау жүргізілген
«Қызылорда қаласының құрметті азаматтары» жайлы ақпараттар салып, олардың қазіргі
таңдағы өзекті мәселерге деген ойы жайлы немесе жалпы өз дүниетанымы мен
көзқарастары туралы әңгіме, сұхбаттар енгізіп, аудиториямен кері байланысқа түстік. Бұл
жұмыстардың негізгі мақсаты ғаламтор күшін тиімді пайдаланып, жас ұрпаққа Сыр
өңіріндегі білім мен ғылымның, педагогикалық мектептердің дамуы мен жетілу үдерісне
аға буынның қаншалықты еңбек сіңіргендігі жайлы толық ақпараттандырып, олардың
еңбегін бағалап, ғибрат алуға шақыру.
Достарыңызбен бөлісу: |