540
Қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам
қанын ағызып тұрған немесе тері илеп, көн тігіп отырған, жүн түтіп, арқан ескен, жіп
иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам; ... ертеректе қазақ әйелі не істеу
керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар
істі қара нардай қасқая көтерер Апам.
Қаламгердің «Апамның астауы» деп аталатын
туындысынан алынған бұл үзіндіде кейіпкердің анасының – қазақ әйелінің – сыртқы
келбеті ғана суреттеліп тұрған жоқ, баланың анаға деген ыстық ықыласы мен шексіз
махаббаты қарапайым сөз қолданысы арқылы-ақ өрілген.
«Ана» концептісі қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың даму дәрежесіне
қарамастан өзінің түп негізінде философиялық танымдық концепт болып қала береді.
Оның танымдық мағынасын дұрыс түсінбесек, шындық болмыс дүниетанымдық концепт
болмас еді. О.Бөкейдің кез-келген шығармасында осы байқалады. Шығарманың негізгі
ойы мен танымы, оқиғалар желісі ана арқылы жүріп жатқандай сезіледі. Тағы да шығарма
мәтініне көз салайық:
Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол Апамнан
тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім
тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық істеуді
тәптіштеп жазып алмадым. Енді, міне... қолымызды мезгілінен кеш сермеп
отырғанымыз. Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан
Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып
отырғанымыз. Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас
көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған
жыртық астау да қаңсып қалды, әне... қаңсып итаяқ болып қалды, әне... Апам ала кеткен
жоқ.
Біз танымдық лингвистикадағы ойды туғызатын тіл деген пікірді басшылыққа ала
отырып О.Бөкейдің прозалық шығармаларындағы «әйел-ана» бейнесін табиғатпен,
тәңірмен, жер анамен, қазақтың «бесігіңді түзе» – деген қағидасымен тамыры астасып
жатқанын және ұрпақ тәрбиесі басты назарда болғанын көріп, таныдық.
О.Бөкей – ұлттық прозада тың жол салып, өзіндік әдеби-эстетикалық көркем дәстүр
қалыптастырған қаламгер, қазақ әдебиеті тарихындағы проза саласын ұлттық концепт
тұрғысынан өркендеткен жазушы. Қаламгер прозасында болмыс пен заман, образдар
әлемін суреттеуде ұлттық болмыс пен әдеби әдіс-тәсілдер шығармашылық шеберлікпен
қолданылған. Оралхан Бөкей де қолына қалам ұстаған сәттен бастап-ақ, өз
замандастарының мұңы мен қуанышын, ойын, түсінігін шынайы суреттеуге тырысқан
қаламгер. Бұл жөнінде автордың өзі де былай деген екен: «Әйтеуір, не жазсам да өз
заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек
адамдарын тілге тиек етуге тырысамын», – деген болатын [4, 45 б.].
Достарыңызбен бөлісу: