539
шоғырлануы ақынның жеке концептуалдық әлемін құрайды. Ондағы әрбір концептілік
жүйеде жеке тұлғаның белгілі бір ұғым туралы нақты бейнесін танытатын жеке танымы
да көрініп, жеке тұлғалық концептісі айқындалады. Ол ақынның жеке қолтаңбасына тән
тірек мағыналар болып табылады.
Көркем туынды авторының жеке танымы метафоралық, ассоциативтік формада
көрініс табады. Осыған орай ақын шығармашылығына концептуалды талдау ассоциативті
түрде жүргізіледі.
Жазушының метафизикалық (
жалғыздық)
, ұлттық-мәдени (
атамекен, жылқы,
ана
), эмоционалдық (
қайғы, мұң
) концептілерді өз өмір тәжірибесі арқылы көркем бейне
түрінде өңдеп, тереңінен игергені байқалады. Бұл жалпыұлттық концептілер тобы жазушы
танымындағы тірек мағыналардың көрінісін сипаттайды. «Концепт
художественного
текста
формируется
на
синтагматической
основе,
имеет
внутритекстовую
синтагматическую природу. Вследствие этого сам процесс концептуализации,
осуществляемый на материале художественного текста, обладает спецификой» [2, 58 б.], –
деген Л.Г.Бабенконың пікіріне жүгінер болсақ, ақын танымындағы бұл концептілердің
ішкі құрылымы да күрделі болып келеді. Демек, ақын санасында қалыптасқан ақиқат
дүние туралы танымдық бірліктердің кеңеюі оның концептуалдық әлемін құрайды. Бұл
орайда ғалым Ж.Саткенова: «Көркем шығармадағы концепт – көркем туындының негізгі
өзегін құрайтын тірек мағыналар. Аталған тірек мағыналар тілдік тұлғаның өзіндік
көзқарасын, пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, жазушы
шығармасында тірек сөз
мәтіннің көркемдік-тілдік құрылымын қалыптастыратын тәсілдердің бірі ретінде қызмет
атқарады», – деген пікір айтады [3, 32 б.]. Поэтикалық мәтіндегі әрбір сөздің ішкі
мағыналық құрылымы оның сыртқы болмысымен байланысты десек, тілдегі концептілер
жүйесі ақынның да, тілді қолданушы барлық адамның да сөздік қорындағы потенциалды
(әлеуетті) мүмкіншілігін ашады. Осы орайда О.Бөкей прозасындағы ана концептісіне
тоқталатын болсақ.
Достарыңызбен бөлісу: