Әлеуметтік инфрақұрылым
Демалыс
саласы
Коммуналдық
сала
Білім беру
саласы
Коммерциялық
сала
Қызмет көрсету
саласы
Кітапханалар
Мәдениет үйлері
Ойын-сауық
және демалыс
орталықтар
ы
Жылу беру,
сумен
қамтамасыз ету,
электр
энергиясымен
жабдықтау
бойынша қызмет
көрсету
Сауда
мекемелері,
тұрғындарға
тұрмыстық
қызмет көрсету
саласы,
қоғамдық
тамақтандыру,
несиелік
мекемелер
Бала бақшалар
Мектептер
Кәсіптік білім
беру
орталықтары
Колледждер
Жоғары оқу
орындары
Қызмет көрсету
орталықтары
Денсаулық
сақтау
мекемелері
Пошта және
байланыс
бөлімшелері
Тәртіп сақтау
органдары
94
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тұрғын үй құрылыстарына 2019-2021
жылдарға жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Әлеуметтік–
тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында ауыз сумен қамтуды жақсарту, ауыл
жолдарын жөндеу, телефон байланысымен, үздіксіз электр жарығымен қамту мәселелері
қаралып отыр.
Нарықтық қатынастарға өту жалпы білім беру жүйесіне де белгілі өзгерістер
енгізді. Қоныстану жағдайларына, ауылдық елді мекендер тобының өзгерістеріне,
олардың халық санына, мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп-интернаттар тобының
қысқаруына байланысты мемлекет үшін шағын мектептердің санын көбейту проблемасы
өзекті бола бастады. Өкінішке орай, шағын мектептер мен біріктірілген сыныптарда оқыту
білім берудің оқыту-тәрбиелеу процестерінің сапасын төмендетіп, ақыр аяғында ауыл мен
қала арасындағы айырмашылықтың ұлғаюына әкелді.
Облыс бюджетінің 33,4% білім саласына шығындалады, ал облыс халқының 26,6%-
ын мектеп оқушылары мен орташа кәсіптік мектеп оқушылары құрайды. Кедей жанұядан
шыққан балаларға демеу жасау мақсатында мектеп іргесінде демалыс уақыттарында
денсаулығын жақсарту үшін интернат жүйесі құрылған.
Облыстағы 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 553
балабақша мен 106 шағын орталықтарда 60597 бала тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды
қамту 62,4 %-ды, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы -100 % құрап отыр.
Балабақшалардың 71,2 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде.
Қазіргі таңда облыста 242 орта, 27 негізгі, 19 бастауыш - барлығы 299 жалпы орта
білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олардың 234-і ауылдық, 64-і қалалық жерде
орналасқан. Оқыту тіліне қарай 256 қазақ, 6 орыс, 26 аралас мектеп бар. Жалпы білім
беретін мектептерде барлығы 130842 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 13 кәсіптік
мектеп, 19 колледж техникалық және кәсіптік білім берумен айналысады, онда 4990
оқушы қамтылған [5].
Облыс бойынша 172 мәдениет үйлері мен клубтар, 209 кітапхана, 13 музей,
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи
мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме және 1 парк, барлығы 409
мекеме халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда облыста 209 мемлекеттік кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетсе,
оның 165-і ауылдық жерде орналасқан.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 503469 дананы құрайды, оның 2 383 650
данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 12 185 дана
жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 10 699 дана [6].
Дегенмен, соңғы жылдары халықтың денсаулық жағдайы оның жалпы
нашарлауымен сипатталады, аурушылық және балалар өлімі жоғары деңгейде болды,
халық арасында, әсіресе жасөспірімдер мен балалар арасында шылым шегу, алкоголизм,
нашақорлық белең алып, әлеуметтік мәні бар аурулар (психикалық және наркологиялық
аурулар, қант диабеті, өкпе-өңеш аурулары,жүрек қан тамыры патологиясы, туберкулез,
қатерлі ісіктер, жыныстық жолмен берілетін аурулар) бас көтеруде.
Ауылдық жерлердегі ауруханалардың саны көбейгенімен онда жұмыс атқаратын
білікті мамандардың жеткіліксіздігі белгілі. Ауылдық жерлердегі мың тұрғынға шаққанда
норматив бойынша 18 дәрігер, 80 медбикелер жұмыс атқару керек болса, бұл көрсеткіш
қазіргі таңда нормативтерге сай келмейді. Қызылорда облысының ауылдық жерлері
95
облыстық және аудандық орталықтан қашық орналасқандықтан дер мезетте дәрігерлік
көмек көрсету қиындығы туындайды.
Ауыл тұрғындарының денсаулығына кері ықпалын тигізетін факторлер:
- ауыл аумақтарды арнайы мамандандырылған және алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету орталықтарының алшақ орналасуы;
- жағымсыз экологиялық жағдайлар;
- ауыл тұрғындарының көп бөлігінің өмір сүру сапасының нашарлауы;
- дұрыс және жеткілікті түрде тамақтанбауы.
Облыстағы денсаулық сақтау саласының жұмысын жетілдіруге: жанұялық
дәрігерлік амбулаториялар емханалар мен ауруханаларды күндізгі стационарлық орындар,
реабилитациялық орталық көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Қазіргі таңда
денсаулық сақтау – экономиканың басты бір саласы материалдық, еңбек және қаржылық
ресурстарын қолданушы. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен
тиімділігін көтеру қажет, сонымен қатар емдік-профилакториялық мекемелерді жаңа
техникамен және медициналық қондырғылар мен жабдықтау қажет.
Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету тұрғындардың
әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік қызметтердің кең спектрін көрсету жолымен
жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер- бұл мекен- жайлы әлеуметтік көмек, тұрғын үй
көмегі, табысы күнкөріс көлемінен аспайтын жанұялардың 18 жасқа толмаған балаларына
жәрдемақы; мүгедектерге қызметтер көрсету және реабилитацияның техникалық
қосымша құралдарын ұсыну, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету және тағы
басқалар. Әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік
бюджет және бюджеттен тыс құралдар есебінен жүзеге асырылады.
Басқару
тұрғысынан
қарағанда
әлеуметтік
инфрақұрылымдарын
көп
деңгейлі,
серпінді
өзгеріп
тұратын
жүйе
ретінде, екі өзара тығыз байланысты екі жүйеден - басқару объектілері мен
басқару
субъектілерінен
тұратын
бірегей
кешен.
Бұл
шаруашылықты
жүргізудің
жаңа
жағдайына
сәйкес
келмейді.
Әлеуметтік
инфрақұрылымдарының
тиімді
қызмет
атқаруы
олардың
базалы
қызмет
көрсетуін
бақылауды
бір
жерге
шоғырландырған
жағдайда
ғана
мүмкін
болады.
Әлеуметтік
инфрақұрылымдарды
қаржыландыру
мемлекеттік
әлеуметтік
ең
төменгі
стандартты
енгізу
негізінде
әрбір
өңірдегі
жекелеген
жергілікті
құрылымдардың
ерекшеліктерін
ескере
отырып
іс жүзіне асырылуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ж.Т.Тощенко. Социология. - Ростов-на-Дону: «Феникс», 2012. - С.246
2.
Воробьева
Э.Л.
Методологические
и
методические
принципы
социологического исследования социальной сферы. - Екатеринбург; Урал. гос. проф.-пед.
ун-та, 2013. - 40 с.
3.
А.Маслоу. Потребление человека. М., 1999. С.312.
4.
Қызылорда
облысының
әлеуметтік-экономикалық
дамуы.
https://e-
kyzylorda.gov.kz/
5.
Білім саласы.
https://e-kyzylorda.gov.kz/
6.
Қазақстандағы білім және ғылым. Статистикалық жинақ. Астана, 2019.
www.stat.gov.kz
|