97
отырып баяндайды. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы
бетіндегі жұмбақ қыз – символ болып табылады.
Шығармадағы Шал образында
романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда белең алған
адамның рухани
әлсіреуінен шығудың жолын, амалын табуға тырысады. Бір шығарма
ішінде осындай күрделі сарындарды қолдану автордың сөздік қолданысындағы ерекшелік
деп білеміз.
Кез келген жазушыны алып қарасақ, оны өзге тұлғалардан ерекшелендіріп тұратын
сөз саптауы, стилі болатыны даусыз. Шығармадан мысал келтірейік:
«Болмыстың ең бір есті де естияр өкілі
екі аяқтылар
сүйегіне сіңіп қалған
менмендігіне басып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алғанды қойып, ара жазғандардың
аузындағысын жырып жер еді». «Ал қант жеген бейшаралардың тұқымы барған сайын
кетеуі кете
, азып-тозып барады-ай.
[3]. Мұндағы қаламгердің «екі аяқтылар» деп
отырғаны – адамдар екендігі белгілі. Дене мүшені сөз ете отырып, оның қандай тіршілік
иесі екендігін танытып тұр. Бұл да Оралхан Бөкейдің стиліндегі бір екершелік. «Кетеу»
сөзін алып қарасақ, әлсіз деген мағынаны білдіреді. Ал
оған
кете
(кетеуі кете) сөзін
тіркестіру нәтижесінде шырқы бұзылды деген мағына келіп шығады [4]. Оралхан Бөкей
өзіндік жазу стилі қалыптасқан, қарымды қаламгер екені алты алашқа аян.
Достарыңызбен бөлісу: