Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Оралхан Бөкей қолданысындағы фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет43/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Оралхан Бөкей қолданысындағы фразеологизмдер 
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің 
алатын орны ерекше. Бұл тіркес айтайын деген ойға айрықша әр, мәнерлілік береді. 
Фразеологизмдер – көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелей суреттеудің 
тілдегі дайын құралы. Бұлар – халық даналығына суарылған образды ойлау тілінің үлгісі. 
Халық тілінің осы бір байлығын жазушы өз шығармасында қажетіне қарай 
пайдаланады, оның ішінен өзіне керегін таңдап алады. Фразеологизмдерді жазушының өзі 
қажетіне сай талғап, жаңғыртып қолдануы, оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына
қоғамдық-саяси, философиялық көзқарасына сәйкес болып келеді. Фразеологиялық 
тіркестерді ауыстырып қолдану, оларды авторлық өңдеу мен пайдаланудың бір жолы. 
Мұның негізгі тірегі, жазушының сусындар бұлағы – халық тілі.
Автор романда шығарма тілін көркем ету үшін фразеологизмдерді өзінше 
түрлендіріп қолдана білген. Бұны тіл білімінде авторлық қолданыстағы (окказионал) 
фразеологизмдер деп атайды. Солардың кейбіреуіне тоқталсақ: Халықтық қолданыстағы: 
бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар
//
қампайтып 
фразеологизмінің 
О.Бөкейде былайша өзгертіліп қолданылғанын көреміз: 
Бөрі арығын білдірмес, 
түгін 
сыртқа қампайтар.
Тілімізде 
«тайға таңба басқандай»
фразеологизмі «нақты, дәл, анық» деген 
мағынада жиі қолданылатын тұрақты тіркестер қатарына жатады. О.Бөкей дәл осы 
фразеологизмнің алғашқы екі компонентін өзгертіп қолданған: 
Ежелден жайбасар, 
саспас адамның жоқтан өзгеге қақшаңдап, алдың-дұлдың ұшқалақтана беруі өзгеге оғаш 
та көрінетін, қалай да, осы қылығы өзіне 
аққа қара басқандай
 үйлеспей тұратын.
Тілімізде 
«көз қуаныш»
фразеологизмі «көзі тоймас қызығы, көз рахат- мейірің» 
деген мағынада айтылып жүр. О.Бөкей осы тұрақты тіркесті сөз ыңғайына орай 
көз 
қуантып, көңілді қытықтар 
деп тағы бір тіркес жалғап қолданған: 
Ас қамымен күйбеңдеп 
жүрген ақ жаулықты әйел бар – бәрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет