Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет50/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Әдебиеттер
1.
А.Т.Ақажанова. Девиантология: Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 126 б. 
2.
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика: Оқулық. – Алматы: 2012,- 272 бет. 
3.
Халитова І. Әлеуметтік педагогика: Оқу қүралы. – Алматы: «Білім», 2007. – 200 б. 
4.
Төребаева К.Ж, Сугуралиева А.М.Балалар психологиясы: Оқу құралы , - 2012. - 249 
б. 
5.
Тасжүрекова Ж.Т
.
, Қонақбаева Т,Е.Девиантология Алматы: 2015, 2016. - 104 б.
МАРШАЛ ӘБДІХАЛЫҚОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТЕҢЕУ 
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Бекқажиева Қ.Н., Қ. Т. Маликов 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Әдебиет – адам рухының қуатын танытатын ғажайып құбылыс болса, талантты 
суреткер белгілі бір дәуірдің үні, халық ойы мен жай-күйінің жаршысы. Жазушы алдымен 
өз дәуірінің перзенті. 
Қазақ әдебиеті тарихында жазушылық қасиетті және кеңестік заманның рухани 
үрдісін бойына сіңіріп, қапысыз меңгерген санаулы сөз зергерлерінің қатарында өзіндік 
қолтаңбасы бар, мағынасы терең әдеби мұралар жасап, әдебиеттің төрінен ойып тұрып 
орын алған жазушылардың бірі – Маршал Әміржанұлы Әбдіхалықов еді. 
«Мәкең – Маңғыстау өлкесінің жазушылары мен ақындарының, әдебиетшілері мен 
журналистерінің, қалам ұстаған барша азаматтарының шын мәнінде Маршалы еді», – деп 
заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев баға берген, мектептегі қарапайым ұстаз әкесі 
Әміржанның «қазақтан да бір маршал шығар ма екен» деп армандап ат қойған Маршалы, 
шын мәнінде, артында ұрпақтары сусындап өссе екен деген мақсатпен, ұлылар 
ұмытылмасын деген ниетте шындықты жазуға болмайтын кезеңде қорықпай, 
мұрағаттарды ақтарып шындық іздеп, қысқа ғана ғұмырында біршама еңбектер қалдырып 
кетті. Бұл жайында Әбіш Кекілбаев: «...Ол ылғи «тыйым салынған» тақырыптарға құмар 
еді... XIX, XX ғасырлардағы Маңғыстау көтерілісінен құжаттар жиятын. Іссапармен елге 
барғанда, біздер секілді кеніш, зауыт, кеңсе аралап кетпей, ол кездері қатарлары 
сирегенмен, таусыла қоймаған көзқарақты, сөз білетін, көкірегі ояу кәріқұлақтарды 
жағалайтын...» деп айтқан екен.
Маршал өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, елінің мұңы мен көңіл-күйін 
шығармалары арқылы халыққа жеткізе алуымен оқшауланып тұр.
Қаламгердің 
шағын 
жанрдан 
басталып, 
көлемді 
еңбектерге 
ұласқан 
шығармаларынан адам ақиқаты, адамгершілік құндылықтар, жолдастық қарым-қатынас 
пен өмір мұраттары, сыр-сезім сипаттары көркем де ерекше суреттеледі. Осы аталған 
қасиеттердің барлығы да бұрынғыларды еске алып, насихаттау барысында шынайы түрде 
сипатталады.
Маршалдың әдеби шығармашылығы – қазіргі таңдағы биік эстетикалық талғам мен 
талаптарға жауап бере алатын, идеялық-көркемдік жағынан аса бағалы еңбектер болып 
табылады. Жазушылар алаңындағыалғашқы адымдары тырнақалды туындыларында-ақ, 
өзіне тән қаламгерлік мәнерімен, өлендегі өзгеше өрнек-нақышымен, мәйекті тіл, ұтымды 


106 
ұйқасымен әдебиет әлеміне еркін еніп, қазақ шығармалары көшіне іркілмей ілескен 
М.Әбдіхалықовтың жазушылық болмыс-бітімі бірден дараланып, уақыт өте келе 
шеберлігі шыңдала түскендігі оның көркем дүниелерінен айқын аңғарылады. Қаламгер 
ердің жасы елуге келіп осы өмірмен қоштасқанына қарамастан, артынан өшпес еңбектер 
мен зерттеуге лайықты қомақты мұра қалдырды.
Қаламгердің өмір сүрген кезеңі Кеңес үкіметінің ұлт-азаттық идеялардан 
үрейленетін кезі. Маңғыстаудан шыққан алғашқы журналист, шығармаларының арқауы 
етіп туған өлкенің тарихын алған, әділдік пен шындықты ту етіп, өз заманының кемшін 
тұстарын Кеңес үкіметі кезінде тұспалдап, көркем етіп жеткізуі, келер ұрпаққа 
шығармалары арқылы үлгі-өнеге қалдыруы оған берілген таланттың көп екендігіне шүбә 
келтірмейді.Оның кейіпкерлері күнделікті өмірде болған қарапайым адамдар. Солардың 
іс-әрекеттері арқылы сол заманның шындығын беруге тырысты.
Жазушының қаламы жанр таңдап, белгілі бір нәрсемен ғана шектеліп қалған жоқ. 
Әдебиетке басқан қадамы “Маңғыстау мақтанышы ”,”Маңғыстау этюдтері”, “Мұнайшы 
Айдар-Абайдың ұрпағы ”,”Маңғыстаулық Көшкінбай” және “Жер қадірі”, “ Отыз 
маңышы”, “Еңбекте өскен жас”, “Жігіттің дер шағы”, “Дән-дариясы толқыған”, “Кәрі 
Каспий жадырады”, т.б. секілді очерктерден басталса, шығармашылығының ең бір биік 
шыңдары болып табылатын «Жердің асты жеті қат», «Қара тасқын», «Сүйінқара» атты 
романдармен толыққан.
Сексенінші жылдары жазушы қаламынан туындаған Сүйінғара Үргенішбайұлының 
жері мен елін қорғаудағы ерлік істерін дәріптеуге арналған – «Сүйінғара» романы өткен 
ғасыр шындығын суреттеп, халқымыздың азаттық жолындағы күресін жан-жақты 
көрсетіп, жаңа қырларынан ашады.
Жазушының бұл шығармасында сол кезеңдердегі Орта Азия мен Хиуа хандықтары 
арасындағы мәселе, батырдың жетпістен асқан шағында өзіне сенім артқан халық 
алдындағы жауапекершілігі мен міндеттері суреттеледі. Сүйінғара батырдың негізгі ойы – 
елдің қауіпіздігін сақтау болса, өзінің ойы ұлы Абайдың ойымен ұштасып жатыр. Маршал 
да Абай тәріздес ғылым-білімі дамыған орыстардан үлгі алуға шақырады. Бірақ ғылым 
үйретеміз деген желеумен елге басып кіріп жатқан өзге ұлттардың түпкі ойын анықтап, ел 
қауіпсіздігінің алдын-алуды да назардан тыс қалдырмаған. Мұндай ойы арқылы қаламгер 
тұспалдап болса да, бүгінгі ұрпақты, бізді, көрші елдердің талауына түсуден сақтандырып 
кеткен тәрізді. 
“Сүйінғара” романы – тұтас бір дәуірдегі халық тағдырын суреттеген, көркемдік 
пен тарихи шындықты шебер үйлестірген, көркем әдебиет талаптарына толық жауап бере 
алатын кесек туындысы.
Маршал Әбдіхалықов стилінің айқын белгілері – шығармаларында көркемдік және 
публицистикалық элементтерді шебер ұштастырып отырады. Шығармаларында деталь, 
мінездеу, пейзаж, ішкі монолог, диалог, авторлық баяндау, композициялық үйлесімдер – 
мақал-мәтелдер, шешендік сөз оралымдарын т.т. ұтымды, ұтқыр шеберлікпен пайдалана 
біледі. Сонымен қоса, жазушының шығармашылық мұраты, қаламгерлік ұстанымы
қоғамдық-әлеуметтік көзқарас мәселесі көркемдік таным аясында зерделенді. Осының 
нәтижесінде М. Әбдіхалықовтың шығармаларындағы замандас бейнесі мен заман 


107 
шындығының арасындағы терең сабақтастық сыры қарастырылып, осы бағыттағы 
суреткер стиліне тән ерекшеліктер де екшеліп көрсетілді.
Жазушының шығармаларын тіл білімі тұрғысынан зерттеу лингвистикаға қосқан 
үлесіміз болары анық. Маршал |Әбдіхалықов шығармаларында теңеулер қалай көрініс 
берді, ойды жеткізуде сөз орамдарын қалай қолданып, шебер қиыстыра білді деген 
сұрақтар зерттеуді қажет етеді.
Теңеу – тілдегі бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдардың ең көнесі десек те, оның 
көнелігі көріктеу құралдарының ішіндегі ең қарапайымы деген тұжырым жасауға негіз 
бола алмайды деп айта аламыз. Бұл жайында қазақ тіл біліміндегі теңеулерді арнайы 
зерттеген Т. Қоңыров: « Сонымен, теңеу – көркем ойлаудың ұлттық өзгешеліктері бас 
қосқан категориялардың бірі. Сондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда, 
стильдік әдіс ретінде әдебиет ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл 
білімінде зерттейді», – деген. Теңеудің негізгі қасиеті жаңалылығы, тосындығы және 
бейнелілігі болып табылады. Сондықтан, теңеуді өз шығармаларында қолдану 
қаламгерлердің ұлттық нақышын ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзіндік 
қолтаңбасынан сыр шертеді.
«Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бейнесін 
суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, 
белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз», – деп қазақ 
тіл білімінде көріктеу, яғни, теңеуді ең алғаш қолданып, ғылыми анықтама берген Ахмет 
Байтұрсынов болды. Сондай – ақ ол теңеуді әншейін теңеу және әдейі теңеу деп екіге 
бөліп қарастырады да, әншейін теңеуді – әдетті теңеу деп, ал әдейі теңеуді әдеби 
шығармаларда қолданылатын теңеулерге жатқызған. Осы тұрғыда Т. Қоңыров та: «... 
теңеу біткеннің бәрі тек «көрнекілікті» басқа да толып жатқан семантика-стилистикалық 
компоненттерден тұрады. Бұл – бір. Екіншіден, теңеу біткеннің бәрі бірдей «көрнекілік» 
образ жасай алмайды», – деп, А. Байтұрсынов сөзін нақтылайды.
Теңеудің құрылымына келетін болсақ, «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясында»: 
«Тілдік теңеу төрт құрылымдық элементтен тұрады: Теңеудің образы, теңеудің предметі, 
теңеудің негізі, теңеудің көрсеткіші» – деп жіктейді. Енді, М. Әбдіхалықов 
шығармаларынан теңеулердің қолданылуына назар аударайық.
«Сүйінғара» романының «Тұйық теңіз» деп атау берілген бірінші бөлімінің 
басында-ақ: «Ертеңгілік теңіз беті, түгіне дейін майланып кеткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет