Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет46/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

күміс шашбауындай
ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені.
Шашбау – 
шаштың ұш жағына қоса өретін, күміс тиын, шолпы тәрізді түрлі әшекей таққан, таспадай 
жіңішке дай жіптен немесе жібектен ескен бау. Автор Бұқтырма өзенінің арнасын, өзеннің 
ағуын күміс шашбауға теңеу арқылы оның көз тартарлығын суреттейді. Т.Қоңыров 
«Тұрақты теңеулер сөздігі» оқулығынды теңеулерді құрылысына талдай отырып, мұндай 
теңеулерді есім негізді теңеулер қатарына жатқызады және жасалу жолына қарай -дай, -
дей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер деп түсіндіреді. Осы жолмен жасалған 
теңеулер шығармада көптеп қолданылған. Мысалы: кетер қолдың тамырындай, қарға 
аунаған түлкідей, бес биенің сабасындай т.б. 
Жас балаша
мәпелеп баққан келінімді ренжітіп алдым-ау. Бұл теңеуді есім негізді 
теңеулердің қатарына жатқызсақ, жасалу жолына қарай –ша жұрнағы арқылы жасалған, 


99 
құрамына қарай дара. Себебі, теңеу екі сөзден тұрғанымен «балаша» сөзі теңеудің мәнін 
ашып, сөздің образы қызметін атқарады. 
Сап түзеген самырсындар 
тұңғиық ойға
батты. Тұңғиық ой – метафора. 
Т.Қоңыров метафоралардың негізі тұрақты теңеулерден шыққан дей отырып, ауыспалы 
мағынадығы сөзге -дай, -дей жұрнағын қосу арқылы шыққан сөз тіркесі метафоралық 
теңеулер екендігін айтады.
Қорыта келе, қазақ прозасында өзіндік салған ізі бар, ерекше стилі мен сөздік 
қолданысы бар – О.Бөкей қазақ әдеби тілінің дамуына өзінің мәнді де мазмұнды 
туындылары арқылы үлес қосқандығын, баға жетпес мол прозалық туындылар 
сыйлағандығын тілге тиек ете отырып, мақаламызда аз да болса автордың 
шығармаларының тілдік ерекшелігін талдап, тұжырым жасауға тырыстық. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Ханнама. Үйсін туралы зерттеу. Шыңжаң халық баспасы, 1989. – 261 б. 
2.
Оралхан Бөкей шығармалары. –Алматы: «Ел-шежіре», 2013. – 215 б. 
3.
Қоңыров Т. «Тұрақты теңеулер сөздігі». – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 
439 б. 
4.
Кеңесбаев І. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздік». – Алматы: «Арыс» 
баспасы, 2007. – 356 б. 
5.
Қазақ тілінің түсіндірме сөзігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 
6.
Қазақ сөздігі: Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігі – Алматы: «Дәуір» 
баспасы, 2013. – 1488 б. 
7.
Ысқақов А., Сыздықова Р., Сарыбаев Ш. «Қазақ тілінің қысқаша 
этимологиялық сөздігі». – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1966. – 240 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет