Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
Алматы: Білім, 1998. – 37 бет.
2.А. Сұлтанова Жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру маңыздылығы.
А:10 ақпан 2017.
3.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика:Университеттер студенттеріне арналған оқу
құралы. Алматы 2000-384 бет.
4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Астана 31 қаңтар 2017
149
АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ
Әбілсейіт А. Ә., Нурпейсова Н.Р.
ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақ ағартушылары ұлттық идеяның дұрыс қалыптасуына зор үлесін тигізді.
Негізінен, қазақ ағартушыларының ұлттық идеясының басты ерекшелігі – заман талабына
сәйкес көпшілікті білім мен ғылымға, қазақ философиясы тарихын игеруге үндеуімен
қатар, оларды ұлттық тәуелсіздікке, еркіндікке, қоғамдағы тең қатынастарға
шақырғанында болып отыр. Қазақ зиялыларының тарих сахнасына жарқырап шыға
бастауын – зияткерліктің көрінісі деуге болады. Ел тарихында орын алған осы бір
кезеңінде тарих алаңына Абай Құнанбаев деген бірегей ұлы тұлға шықты. Ол өзінің
гуманистік дүниетанымдық көзқарасы арқылы қазақ халқының тағдырына алаңдап,
жастарды білімге, жалпыадамзаттық және рухани құндылықтарға, өркениеттік дамуға
және қоғамның өткір мәселелерінің шешімін іздеуге шақырды. Адам бойындағы
шығармашылық көздерді ашудың жолдарын анықтауды өзінің алдына игі мақсат етіп
қойды.
Қазақтың бойына біткен асыл да, дара тұлғасы Абай осының нәтижесінде
ұлттық идеяны қалыптастыра білді.
Ұлттық идея ұлт пен оның өкілі жеке адамның рухани түп қазығы. Ұлттық идеямен
тәрбиеленіп өскен адам кейінгі буынға игілік болып саналатын құндылықтарды табыстап
отырмақ. Атап айтсақ ұлттың тілі, атамекен, дін мен діл, дәстүр, мәдениет туралы кемел
түсінік адамның танымына ұлттық идея арқылы енеді. Ұлттық идеяның негізінде, әсіресе
оны ұрпаққа насихаттауда құндылық білімдері жатыр[1]. Абайдың шығармаларына зер
салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес
болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен
ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен
қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына
қоймайтынын айтты.Сонымен қатар ұлттық идеяның күш алуына ықпал ететін
құндылықтарды да осы өлеңі арқылы,яғни:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс, көнсеңіз-,деп түйіндеген[2,31б.].Ол«Бізғылымдысатып мал іздемек
емеспіз» [3,124б.], – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру
керектігіне назар аударды.Өтipiк айту, мaқтaншaқ болу, epiншeктік көрсету, бeкep мaл
шaшумен айналысу cияқты мiнeздepдeн, қасиеттерден aулaқ бoлуды кeңec eтуі арқылы
адамды қоршаған ғаламның үйлесімділігі жайында ойлануға шақырады, жеке
дүниетанымның көкжиегін кеңейтуге кеңес береді.Қоғам өркениет жолына түсуі үшін
қоғам мүшесі,яғни жеке адамөзіне талап қоя білуі қажет және бұл ұғым дәстүрге айналуы
тиіс. Дұрыс талаптан еңбек шығады,еңбек ақыл мен білімге бағынады, ойлау арқылы
еңбек игілікке айналады,еңбектің игілікке айналуында қанағат пен төзім,
150
жанашырлық,мейірімсекілдіадамныңасылмінездерібар.Ал
бұл
жайында
Абайкереметайтыпкеткен.
Абай өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл
қазынаны орыстың және Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.Абай лебі,
Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,
жаңғырып, жаңа өріс алып тұр», – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, Абайдың
бізге қалдырған мұрасы,яғни шығармалары қанша уақыт өтсе де өзектілігінен айырылған
емес[4].
Достарыңызбен бөлісу: |