Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ



Pdf көрінісі
бет66/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ
С.М. Есенгелдиева, М.С. Қараманова
Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті
 
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының өнегелі сөздері, істері, өмір тәжірибесі халық 
педагогиксының асыл қазынасы. Қай кезең болмасын жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие 
беру адамзаттың парызы. Қазақ халқы өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас 
түлектерді барлық уақытта тәрбие берудің әдіс тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі 
сыныннан өткен сыпайылық, адалдық, қайырымдылық, еңбек және Отан сүйгіштік сияқты 
қабілеттерді олардың бойына сіңіртеді. Жоғарыда аталғандардың барлығы адамзат 
тәрбиесінде тәрбие берудің педагогикалық сипатының қандай рөл атқаратындығын 
көрсетеді. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін 
тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі 
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанды , 
туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да 
қадірменді парызы"-деген еді [1]. Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған 
қоғамда, жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты 
болып отырған жағдайда ұлттық-патриоттық тәрбие берудің маңызын айқындау басты 
мәселелердің бірі екені даусыз. Қазіргі кезде колледж оқушыларына тәрбие беру 
мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және оқушылардың патриоттық сана-
сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен 
әдістерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл байсалдылық, табандылық, батылдылық, 
батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып 
отырған уақытта аса маңызды. Жастарға ұлттық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру 
еліміздің барлық оқу орындарында негізгі міндет ретінде енгізіліп жатыр. Бұл 
Қазақстаның оқу орындарында колледж оқушыларының қазақ халқының этностық 
ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік 
істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда 
зерттеудің қажеттілігін арттыра түсетіні сөзсіз. 
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және 
адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір 


147 
жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, 
мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар 
және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, 
адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–
салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды [2]. 
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-
тәрбиені ұйымдастырғанда колледж оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми 
теориясы өз алдына дербес мәселе ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды 
қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық 
ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Біршама ғасырлық рухани - ұлттық 
тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға ойыстырып, қазақ ойшылдары мен 
ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы 
ой-пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын-жазушы, 
ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да 
қарастырылып келеді. 
Жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беру үрдісі жұмыстарының педагогикалық 
сипаты: 
-жүйелік қадам; 
-деректердің мөлшерлі нақтылығы; 
-іздеудің бөлек бағыттағы синхрондығы. 
Жалпы білім оқушылардың ғылым негіздерін игеру үдерісінің нәтижесі. 
Педагогтар оқушыларға білім жүйесін меңгерте отырып, табиғаттың және қоғамның даму 
заңдылықтарын таныстырады. Адам қоршаған ортада тұлғаның өз тағдырын өзі шешу 
үшін тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. 
«Қоғам» өрісінде өз тағдырын өзі шешу Отан, адамзат, интернационализм, құқықты 
мемлкет, демократия, жариялылық, үйелмен, еңбек, азаматтық жауапкершілік сияқты 
құндылықтарды игеру арқылы болады [3]. 
Әрбір педагог ғылымға өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу тәсілін, әдістерін, 
жоспарларын жасайды. Тәрбие мен оқытудың нәтижелері тек ғана оқытушының тиімді 
амалдарды қолдана білуі мен педагогикалық шеберлілігіне ғана емес, колледж 
оқушысының қабілеттілігіне, жан-жақты рухани дамуына, және осы сияқты көптеген 
факторларға байланысты.
Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде студент 
жастардың ғылым мен білім негіздерін үйренуде ,сонымен қатар отбасында да жүзеге 
асады. Білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастылылған 
өмір 
мен 
мәдениет 
құндылықтарымен 
танысады. 
Ұлы 
Абай 
Құнанбаев 
шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып 
келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілік қасиетті сақта» [4]. 
Біз жастарды тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды тәрбиелеуді естен 
шығармауымыз керек. Себебі, жастар ғана өз еліне қажетті игілікті істерді тындыра 
алады. Олар - біздің бастаған, қолға алған істерімізді аяқтаушылар. Жалпы, келешек 
ұрпақтың қамын бүгін ойлау – аға ұрпақтың борышы. Жастарға ұлттық-патриоттық 
тәрбие беру ата – бабамыздың біздің алдымыздағы парызы болса, келер ұрпаққа соны 
жеткізу біздің қарызымыз. 
Қазақтың, Сыр елінің маңдайына біткен жарық жұлдызы, айтулы қоғам қайраткері, 
елім деп жүрегі соққан рухы биік Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта 
тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат 
шықпайды» - деген. Ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа 
шығармайды. Қайта олармен үндесіп жатады, себебі жастар ұлттық тәрбиеден нәр алса – 
рухани құндылыққа бай адам болады. Мұндай адамдар адамзаттық тұрғыдан мәдени, 
ұлттық менталитетін сақтаған, рухани қазынаға кенелген кісілер. 


148 
Қай кезеңде болмасын біздің жастардың бойындағы рухани құндылық жойылған 
емес. Атап айтар болсақ, сонау ерте заманнан ата- бабаларымыз келешек жас 
ұрпақтарымыз үшін деп тілін, ұлтын, дінін, жерін жауларынан қорғаған, әр рудың жас 
батырлары, би-шешендері бала кезеңдерінде «Күшті – бірді, Білімді мыңды жығады»-
дегендей жауды сөз құдіретімен кері шегіндірген. Оған дәлел Қаз дауысты Қазыбек бидің 
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден 
құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, 
басымыздан сөз асырмаған елміз» деген сөзі. Бері қарай ойыссақ, Абай, Ыбырай, 
Шәкәрім, Шоқан т.б. қазақ жастарына рухани құндылықтың ізін қалдырған ағартушы 
ғалымдар; ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын салт-дәстүрін, тілін, дінін, тарихы мен 
өнерін қорғап, жойылып ектпеуі үшін күрескен Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М. 
Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай т.б.; 1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысында ерлік 
көрсеткен Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова, М. Мәметова т.б.; 1986 жалы 
КСРО үкіметінің әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық білдіріп, тәуелсіздікке 
ұмтылған, «Қазақ» деген атым бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең 
атыңдар» деп Қайрат бастаған, қаһарман қыз Сәбира қостаған тағы басқа аттары 
аталмаған қаншама жастардың бойында ұлттық-патриоттық тәрбие бар екендігін 
көрсетеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті 
болып отыр. Яғни жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің 
сұранысына ғана емес, әрбір жас ұрпақтың дара тұлғалық дамуына педогогтар жауапты.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында 
халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, құндылығын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие 
мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының мол жетістіктерін 
пайдалану арқылы асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көздерін 
ашуда.
Қорытындылай келе, қазіргі жастарды тәрбиелеудің жолы келесі ұрпаққа үлгі. Өз 
басымыздың азаматтық жауапкешілігін, патриоттық сезімін, ұлттық руханиятын, 
қоғамдық белсенділігі мен төзімділігін тезге салмайынша зайырлы, мәдениетті, өркениетті 
қоғам орната алмайтынымыз хақ. Сондықтан ар мен намыс, жан мен тән, тіл мен дін 
тазалығын сақтау үшін күресу қажет. Ұлттық қырағылықты ұлықтау тәуелсіздігіміздің 
кепілі. 
Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: 
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқандай 
«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан оған табанды түрде қарсы тұра 
алатын халық қана жеңіске жетеді», «Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-
өркендеген елге айналдырамыз!» [5]. 
Жастарға тәрбие беруде ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін 
ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл 
қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі, ата – бабамыздан қалған ұлттық 
тәрбиеміз қазіргі өмірімізге лайық деп танимыз. Өйткені, ұлттық тәрбие – кемел 
келешектің кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет