Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


СЫР ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет69/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
СЫР ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
Әлібеков Т.Б., Тоқтағанова Г.Б. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Туризм–әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі 
бойынша орташа есеппен, бір шетелдік туристен түсетін табысқа барабар, шамамен 9 
тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік 
рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал 
туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің 
есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезде кемінде 350 
мың доллар немесе адам басына бір сағатта 1,75 доллар жұмсайды екен. Сөйтіп шикізат 
сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, 
экономикалық тиімді табыс көзі. Жалпы, туризм ұғымы жан-жақты, кең мағыналы. 1963 
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық туризм және саяхат жөнінде Римде өткен 
конференциясында туризмнің Бүкіл дүниежүзілік Туристік Ұйым бекіткен анықтамасы 
қабылданды. Ол –адамдардың тұрғылықты жерлерінен уақытша басқа жерге сауығу, бос 
уақыттарын қызықты өткізу немесе қызмет бабымен кәсіптік іскерлік мақсатта ақысыз 
уақытша барыс-келіс әрекеті[1-3].


153 
Туристердің аддарына қойған мақсат, мүдделері бойынша туризмді -экскурсиялық 
немесе танымдық туризм, курорттық туризм, спорттық туризм деп бөлуге болады. Ал, 
туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне және туристік жорықтар кезіндегі 
қолданылататын транспорттық құралдардың жеке түрлеріне байланысты туризм: жаяу 
туризм, тау туризмі, шаңғы туризмі, су туризмі, велосипед туризмі, автомототуризм, 
спелеотуризм туризм деп бірнеше түрлерге бөлінеді [4].
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан 
қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Соңғы 
жылдары халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 
пайызын, қызмет көрсету экспортының 37 пайызын құрайды. Туризмнен түскен табыс 
мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші 
орынды иеленеді. Яғни, көзін тапқанға туризмнің пайдасы орасан. Әлемдегі өркениеті 
дамып, шаруасы шалқыған елдердің қай-қайсысының болсын өсіп-өркендеу тарихында 
экономиканың бірегей саласы туризмнің үлкен роль атқарғаны байқалады. Сондықтан 
олардың бірқатарының тыныс-тіршілігі тікелей туризмге тәуелді. Табыстың қайнар көзін 
тапқан туристік державалардың көбінің жерінің асты-үсті кен байлыққа жұтаң. Бірақ 
халқының тұрмысы әлдеқайда жақсы. Испания, БАӘ, Түркия, Египет, АҚШ, Грекия, 
Таиланд, Малайзия, Сингапур секілді әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің ішкі 
жалпы өнімінің бестен бірі, кейбірінде тіпті 70-80 пайызға жуығы туризм саласына тиесілі 
екен [5-6]. Олардың қасында жаратушы Менделеев кестесіндегі элементтермен 
тізбектелген бар байлықты да, өзінің сан алуан табиғи комплекстері мен тарихи 
орындарын да аямай берген біздің елде бұл сала қаншалықты дамыған, бағасы құбылмалы 
келетін мұнай, металдан әлдеқайда табысы қомақты саналатын бұл бизнес көзін біздегілер 
тиімді іске асырып, дұрыс жолға қоя алған ба?
 
Жасыратыны жоқ, елімізде туризм саласы күні кешеге дейін көлеңкеде қалып келді. 
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, мемлекеттердегі экономикалық өтпелі кезеңдерде 
саяси және экономикалық жүйелердегі күрт өзгерістерге байланысты туристік индустрия 
көптеген мәселелермен бетпе-бет кездеседі. Бүгінде елімізде 876 туристік компания 
тіркеліп, әлемнің 90 елімен байланысын орнатқан. Осылардың тек 25 пайыздайы ғана елге 
тікелей туристер тартумен айналысады. Әзірге сырттан келетін саяхатшылардың үлесі 
елдегі туризм нарығында шешуші рөлге шыға алмай отыр[7]. Мұны есепке алған ел 
үкіметі сырттан келетін туристерді арттыру мен ішкі туризмді дамыту үшін осы мақсатта 
жұмыс істейтін туроператорларды салықтан босатып, еркін әрі жағымды орта 
қалыптастырып берген. Бірақ әлі де оң нәтиже жоқ. Мұны елімізде туризм 
инфрақұрылымының даму дәрежесінің төмендігімен, туристік нысандар туралы 
ақпараттардың жоқтығымен, сондай-ақ нысандардың келушілерді лайықты дәрежеде 
күтіп алуға жарамсыздығымен түсіндіруге болады. Дегенмен, еліміз Дүниежүзілік Турист 
ұйымының 1993 жылдан бері толық мүшесі болғандықтан, соңғы жылдары туризмді 
дамытуға көңіл бөле бастады. Нәтижесінен, соңғы екі жылда Республикамызға туристік 
сапарлармен келуші шетелдіктердің саны екі есеге өсіп, олардан түскен табыс көлемі 
артып келеді [7-9]. 
Туристік ресурстар бойынша ерекше орынды туристік нысандар алады. Туристік 
нысан — аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи-мемориалдық, мәдени-
эстетикалық және танымдық мәнге, қасиетке ие, осыған байланысты туристердің көңілін 


154 
аудартып, олардың өзінде болуына жағдай жасайтын жерлер. Туристік нысандарды 3 
топқа бөліп қарастыруға болады. 
1. Табиғи туристік нысандар. Олар: табиғаттың көрікті жерлері, рекреациялық 
орындар, физикалық-географиялық объектілер; шағын көлдер, өзендер, т.б. табиғат 
ескерткіштері. Табиғат ескерткіштеріне сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер, әр 
түрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты мүсіндер үңгірлер жатады.
2. Тарихи туристік объектілер. Олар: калалардың көне кварталдары, археологиялық 
орындар, көне мешіттер, мазарлар, шіркеулер, монастырлар, үңгір монастырлері, храмдар, 
синогогтар, пагодалар, мемориалдық-тарихи ескерткіштер, костелдер, тастағы таңбалар 
мен жазулар, қалашықтар, қамалдар, сарайлар т.б. 
3. Әлеуметтік-экономикалық туристік нысандар. Оларға адам қолымен жасалған 
көрікті орындардың барлығы, олардың ішінде қазіргі заманғы сәулетті үйлер, ірі-ірі 
комплекстер 
(кешендер), 
ботаникалық 
бақтар, 
дендрарийлер, 
мұражайлар, 
делфинарийлер, океанарийлер, диснейлендтер т.б. жатады.
Табиғи-мәдени туристік ресурстарға жататын рекреациялық ресурстарды 
төмендегідей жағдайда бөлуге болады: 

Емдік ресурстар: минералды сулар, емдік батпақтар, климаттық жағдайлар мен 
көрсеткіштер. 

Демалыс-сауықтыру ресурстары: қолайлы ландшафттық-климаттық жағдайлар, 
өзен-көл торы, теңіз жағалаулары, су қоймалары. 

Спорттық 
туризм 
ресурстары: 
категориялық 
маршруттар. 
Рекреациялық ресурстар бірнеше касиеттер бойынша ерекшеленеді. 
Басқару органдары жүйелердің қызмет сапасын және оның жеке элементтерінің 
үйлесімділігін қамтамасыз етіп, жоспарлау, бағдарламалар жасау, маркетингтік зерттеулер 
арқылы оның кешенді дамуын, мамандануын жүргізеді, туристік ағынның біркелкі келуін 
бақылайды. Мемлекеттік басқару органдары сондай-ақ жалпы жеке аумақтар бойынша 
туризмнің дамуын жоспарлайды. Ол мынадай бағыттар бойынша жүзеге асуы тиіс: 
1. Аймақтың табиғи мүмкіндіктерін анықтау; 
2. Аймақтың материалдық-техникалық мүмкіндіктері (туристік кешендер саны, 
инфрақұрылым жағдайы); 
3. Жоспарланып отырған, қабылданатын туристер саны; 
4. Қосымша кұрылыстар және күрделі жөндеу үшін шығындар; 
5. Қажетті қызметшілер саны; 
6. 
Туристік 
қызмет 
ету 
нәтижесінде 
мемлекеттік 
және 
жергілікті 
бюджетке түсетін ақша көлемі [10]. 
Сонымен, Қызылорда облысы ел жадынан өше қоймаған тарихи ескерткіш 
белгілері, әр-алуан кесенелер де баршылық. Мысалы: «Оқшы Ата» (ХІ ғ.), «Асан ата» (ХІ 
ғ.), «Қабыл ата» (ХІХ ғ.), «Қарасопы мазары» (ХІХ ғ.), «Ғайып ата» (ХV ғ.), «Ес абыз» 
(ХVІ ғ.), «Жүніс әулие» (ХІV ғ.), «Бақты ата», көк тасы мен «Бөріойнақ», «Күйеу там», 
«Бес там», «Көккесене», «Қызыл там», «Көтібар батыр», «Бегім ана», «Қорқыт ата», т.б. 
Жалпы алғанда, облысымызда мемлекеттік тізімге алынған 493 ескерткіш бар. Оның 144-і 
археологиялық, 293 архитектуралық, 16 тарихи, 40 монументалды өнер ескерткіштері 9-
сурет). Міне көріп отырғанымыздай осындай табиғаты – көркем, суы – дәру, ескерткішке 
бай, қалалары нән, Сыр елінің болашағына байланысты облыс аумағында туристік 
бизнесті жетілдіруге мүмкіндіктер жетерлік [11]. Қарап отырсақ, облыста әр түрлі 


155 
мақсатта туризмді дамытуға болады екен. Облыс аумағында туристік нысандарды 3 
топтастыруға болады (1 суретке сәйкес). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет