Байланысты: Сборник материалов конференции (продолжение)
№5 сапар. Бұл сапар Байқоңыр қаласынан басталып Қамбаш көліне дейінгі
аралықты алып жатыр. Бұл сапар 1 күнге және автотуризмге лайықталған. Жол ұзақтығы
160 шақырым. Қамбаш көліне барар жолда, қазақтың тәуелсіздгі жолында құрбан болған
батырларының бірі – Жанқожа батыр кесенесі және Ақбай ағаш питомнигіне саяхат
жасауға болады. Сонан соң Қамбаш көліне барып демалуға көптеген мүмкіншіліктер бар.
Сонымен, қорытындылай келе төмендегілерді айтқым келеді:
- облыс аумағында туризмнің дамуына табиғи және экономикалық факторлар
тікелей әсер етеді;
- табиғаты – көркем, суы – дәру, ескерткішке бай, қалалары нән, Сыр елінде
туризмді дамыту мүмкіндіктерін үш топқа: тарихи, табиғи, әлеуметтік-экономикалық –деп
бөліп дамытуға болады;
- облыс аумағындағы туристік нысандар анықталынып, олардың шоғырлану
картасы құрастырылды;
- облысқа келетін Қазақстандық және шет ел азаматтарына салауатты көңіл көтеру
мақсатында шаралар қарастырған жөн. Оның ішінде қала аумағын көркейтіп,
көкалдандыру, инфрақұрылымдар мен ойын-сауық бағытындағы объектілерді әлемдік
стандартқа сай салуға ден қою, ең бастысы - қызмет көрсетудің мәдениетін арттыру
қажет;
- танымдық фильмдер, туристік карталар, анықтамалар, жолсапарлары белгіленген
сызбалар, компьютер арқылы әлемге танылатын жарнамалар қажет;
- Түркі жұртына әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштерге бай және физикалық-
географиялық орнына байланысты Сыр өңірінде туризмді ұлттық нақышта дамыту қажет;
- туризмді дамыту білікті маман қолында. Ол үшін болашақ жолсеріктерді
ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, өнерін, тіпті философиясын терең білетін
мамандар дайындаудың жолдарын қарастыру керек;
- туризмді дамыту облыс экономикасына үш оң нәтиже береді: облыс бюджетіне шет
ел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді; облыс халқын жұмыспен қамтамасыз етеді;
облыстағы инфрақұрылым жақсарады.