Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Өлең ғой жалғыз иесі. (Т.Қабылша)  Өлең



Pdf көрінісі
бет79/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Өлең
ғой жалғыз иесі. (Т.Қабылша
Өлең
боп соққан, 
Жүректе ғана бар кінәм... 
Бір бүтін емес, болмыста жүдеп жарты мән. (Т.Қабылша) 
Міне, бөлекшелеу болмыстарымен өмір атты бәйгеде өз жырлары арқылы талай 
асуды бағындырған Сыр бойы ақын қыздарының бізге берер тағылымы мол. Сан қилы 
тағдыр болғанмен олар жыр арнасында жолдары тоғысқан суреткерлер десе артықтық 
етпес. Көңілдің кестесін өзіндік өрнекпен тоқуы арқылы ақын қыздар оқырманның 
көзқарасының қалыптасуына, жан-жақты болуына, рухани танымының кеңеюіне, поэзия 
әлемінен хабардар болуына үлкен септігін тигізеді. Жырларындағы асқақ үн, эстетикалық 
сезім әсерлі, көркем. Түрлі тілдік қолданыстарды пайдаланып оқиғаға жан бітіре білулері 
де Сыр бойы ақын қыздарының ерекшелігі. 
 Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХ ғасырлар): көптомдық 
шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2014. – 352 б. 
2.
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: 
«Ел-шежіре», – 2014. – 580 б. 
3.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: «Мектеп», 1973. –215 б. 
4.
Арыстанбек А. Бесінші маусым. – Астана: «Профимедиа», 2011. 
5.
 
Қабылшаева Т. Жаныммен кешкен жалғыз мұң. – Қызылорда: «Тұмар», 2011.
 


176 
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ӘРЕКЕТІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Жаңбарбай Ә. Ғ., Жамансариева Л.Д. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Аннотация: Мақалада кіші жастағы мектеп оқушыларының ойын әрекетінің 
психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылады. 
Қазіргі кезеңде ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік 
жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың 
«Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының 
элементтері» , «Блум таксономиясы» т.б. 
Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту 
саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, 
ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-
психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне 
қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, 
жүріс-тұрыс 
қалыпты 
болмағанда 
жүргізілетін 
коррекциялық 
жұмыстар, 
зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. 
Сабақтарды қызықты өткізу үшін, әрі оқушылардың сабақ барысында шаршамай, 
енжарлыққа салынбай, терең білім алуы үшін ойын технологиясының мәні зор. 
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда өмір сүрген грек философы Гиппокрит ойынды 
мәңгілікке теңеген. Келесі грек ойшылы Платон «Ойын – әрі жоғары ақыл, рахаттану, 
қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс» деген. Бұған қоса философтар Ф.Шиллер мен 
Г.Спенсер «Ойын –артық күштен арылу жолы» десе, К.Гросс пен К.Бюллер «Ойын – 
балаларды ересек өмірге дайындайды» деген [1].
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, 
болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті 
байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол 
арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. 
Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние 
туралы түсінік алады.
Ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял 
мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақл-ой жетекшісі.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі 
жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, 
жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, 
психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. 
Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты 
еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. 
Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. 
Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, 
Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б. 
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат 
бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір 
жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой 
сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.Балалық шақ 
ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын 
да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа 
енудің бірден-бір әдісі ол – ойын. 
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол 
балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: 
«Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. 


177 
Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында 
жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік 
етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып 
алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын 
топтастыруға күш салу керек. 
Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
В. Н. Всеволодский – Гернгросс революциядан кейінгі ресейлік ойындардың 
алғашқы зерттеушілері мен жинаушыларының бірі ойын түсінігін береді: "Ойын жалпы 
немесе оның нақты практикалық орнатудан тыс бөлігінде кез келген өмірлік құбылыстың 
пәрменді жаңғыртудан тұратын қоғамдық практиканың түрін атаймыз[1] ;
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, 
Д.Б.Эльконин, 
Б.Г.Ананьев, 
А.Н.Леонтьев 
секілді 
ғалымдар 
ат 
салысты. 
С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері 
қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен 
қарым-қатынас жасайды [1,2].
 
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы 
эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды.
Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген: 
Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже. 
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын: 
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады: 
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі; 
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады; 
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді. 
Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа 
түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. 
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын 
аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. 
Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. 
Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және 
денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа 
формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында 
және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат 
болады .Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық 
процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада 
ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов, Л.С. Выготский, М.Жұмабаев, 
Қ.Жарықбаев, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т. Собиров, Г.Усманов т.б. 
арнайы зерттеу еңбектері бар . 
Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми 
теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С. Выготский төменгі сынып 
оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен 
сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар 
бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала 
атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш
өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп 
ережелерін орындауға қызығады[2]. 
Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне 
қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді. 
Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі 
жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық 
дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға 
жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін 


178 
түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және 
ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің 
ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде 
осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі 
болып табылады [2]. 
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің 
жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның 
нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді. 
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық 
заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл 
т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде 
төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен. «Әсер күшті болса, есте ұзақ 
сақталады». Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез 
ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы 
шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде 
өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деген. 
М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана 
да керек. 
Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде 
балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп 
қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен 
сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б. 
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді 
айтуға болады: 
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың 
тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); 
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді 
сипаты («шығармашылық аясы») әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, 
жарыс («эмоционалдық қуат»). 
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе 
отырып, мынандай пікір айтады. 
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования 
познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-
әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. 
А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, 
Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар 
оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі 
әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту 
процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды [3].
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында 
алдымен оқытудың мақсаты тұрады. 
А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай 
келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап 
ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда 
мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде 
аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». 
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен 
бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. 
Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа 
түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. 
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және 
айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да 


179 
жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-
әрекетсіз ойын — қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана 
мынада: «...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша 
айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар 
көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы 
бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді» 
[4]. 
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. 
Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана 
қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар. 
Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды 
және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін 
оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты. 
Я.А.Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар 
баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. 
Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану 
оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді [4].
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог 
Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған. 
Ойын - еңбек және оқумен бірге, адам қызметінің негізгі түрлеріне жатады және 
адам өмір сүруінің ерекше феномені болып табылады. 
Ойын- жүзеге асыру барысында өз мінез-құлқын реттеу қалыптасатын және 
дамитын, қоғамдық тәжірибені жасауға және игеруге бағытталған жағдайдағы адам іс-
әрекетінің негізгі түрі. 
Педагогикалык үрдісті жетілдіру ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. 
Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс әрекет 
және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік 
тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және 
өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [5]. 
С.Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды 
тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердіңүлгілі,ерлікістерімен, еңбектерімен 
таныстыру арқылы қоғам игілігінеадалниетпенеңбекетуге, адамгершілікке, бір-
бірінсыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу; 
4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен 
танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқап біліп, теңдесі 
жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге,елін, жерін қадір тұтып,сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру,тілін 
одан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық
күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар
достығы рухында қалыптастыру; 
7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлык нормаларына үйрету; 
8.Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Қорыта келе айтарым, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала 
өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің 
заңдылығы.
Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып 
табылады.


180 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
Р.С.Немов но Психология, кн. но 2.- М., но 2000. – но 640 с. 
Л.С.Выготский но Педагогическая псиxология. но М.: Педaгогикaно – Пресс, но 1996. – но 536ст. 
Ситаров В. А. Дидактика. / Под ред. В.А. Сластенина М.: Изд. Центр, «Академия», 
2002. - 368 с. 
Хуторской А.В. Современнная дидактика. Спб., 2001. - 544 с. 
С.Т.Жакупова.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану //Бастауыш 
мектеп журналы 2011, №11, 1-45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет