Достық (жолдастық) концептісі
. Мәтін деңгейіндегі достық, жолдастыққа
қатысты тоқталып өтсек, автор оларды былайша суреттейді:
Құлап бара жатқанында
құлағына жеткені ат дүбірлері мен «Ақжол! Ақжол!» деген айқай ғана еді. Ар жағында
не болғанын өзі де білмеді... -Қарағым, батыр Саян, ер шекіспей бекіспейді. Сен екеуміз
шекістік. Айып менен, - деді. — Егер сен кешірсең, арамызда болған оқиғаны мен
кешірдім.
— Мен де кешірдім, - деді батыр Саян күлімсіреп бірінші боп қол беріп...
(39,164-
65бб.).
Ел басына күн туғанда егескен батырлар жеке бас араздығын ұмытып, бір
мұратқа қызмет еткен.Қобыланды мен Сат батыр арасындағы жанжал да достыққа
ұласқан.
190
Осы мәтіндерден байқайтынымыз, автор батырлар арасындағы қарым-қатынасты
мүмкіндігінше тереңірек танытуға барлық күш-жігерін жұмсаған. Әр кейіпкердің сын
сағаттардағы іс-әрекетін, ішкі психологиялық күйлерін дәл сипаттайды. Жаумен бетпе-бет
келетін сайып қыран батырлар, жауынгерлер – бірінің қасиетін бірі бағалап, бірінен-бірі
үлгі алып, керек кезінде ажалдан арашалап қалған, соғыс даласында достасқандар.
Жігерлендіру концептісі
. «Жігерлендіру» концептісі – контексте былайша
көрінеді:
Жау келді! Аттан! Өлсек шәйітпіз, өлтірсек бәйітпіз, Аруақ! Айдабол! Қаржас!
— Ереуіл атқа тағы да ер салатын күн туды, — деді күйіне дауыстап, — халық кегіне
суарылған ақ семсер жүзі мұқалмай бетімнен қайтпаспын. Дауды ақыл жеңеді, жауды
батыл жеңеді. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірген.
— Жылама, ару, — деді Оңай батыр сыбырлай зекіп, — жауың көзінше өзіңді
жасытпа... [9]
Жазушы ақиқат өмірдегі болып жатқан құбылыстарды тілде бар дайын бірліктер
арқылы дәл суреттейді. Олар көбіне эпитет, тұрақты теңеулер арқылы беріледі. Жоңғарлар
бейбіт елге ойна келгенін істеп, ерлерін құл, қыздарын күң етті.
Шығарма қазақ халқының тарихы тақырыбына арналғандықтан, әр ханның
тұсындағы елеулі оқиғалардың, халық өмірінің бастан-аяқ суреттелуі заңды. Біз,
шығарманың өн бойындағы соғысқа қатысты контекстерді түгел алуды мақсат тұтпадық.
Ең бір айшықты, қанды қырғынды көз алдыңызға елестететіндей ғана тұстарын алып,
«соғыс» концептісін ашуға тырыстық.
Сонымен бірге ұлттың ескідегі өжет, өр рухын автор «ер қаруы – бес қарудың»
сипатын түрлі-түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып баяндап бедерлейді. Ел басына
күн туған небір қилы замандағы батырлардың қару-жарақтарын білдіретін, оның түр-түсі
мен сапасын көрсететін атаулар мен соғыс техникасын көрсететін тұрақты теңеулерді
ақиқат дүние мен автордың көркемдк дүниесінің тілдік бейнесі ретінде танып, концептілік
жүйеде қарастырдық.
Автор соғыстағы екі жақтың күш-қайратының өлшемі – қару-жарағын
сипаттамастан бұрын ол туралы былайша ой өрбітеді:
Дүниеде өз күшіне мақтанбайтын,
қуанбайтын, қайғырмайтын, өкінбейтін, аямайтын, аяу да тілемейтін үлкен бір алып
бар. Ол – сонау домалақ тас пен қара шоқпардан басталып, осы күнгі белдерден асыра
ататын зеңбіректерге жеткен соғыс құралдары
(9,186б.).
Автор жау бейнесіне небір айшықты теңеулерді дәл таба біледі.
Рақымсыздық пен қорқақтық, менмендік пен билікқұмарлық сияқты мінездер
шындап келгенде бірі биік қияға, бірі төмен жыраға бітпейді, егіз өседі.
Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық таным, ұлт мәдениеті және т.б. ұғымдарға иек
арта отырып, мәтінге бейнеленген ұлттық болмыс пен ақыл-ойды, әлемді танудағы тілдің
рөлі және ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін ашуға болады.
Мәтінде қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне сәйкес түрлі ұғымдарды
білдіретін сөздер «діл» концептісін құрауға қатысады. Ол ұғымдар халықтың өмір сүруі
мен тұрмыс сипатын бейнелеп ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін көрсетеді. Романдағы
ғаламның тілдік бейнесі ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады.
Автордың тілдік көркемдік-әдеби тәсілдері арқылы дүниеге деген кейіпкер қатынасын
суреттеуі ұлтымызға тән ойлау жүйесінен хабар береді. Сонымен бірге концептілер
жүйесі кейіпкердің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан да мол мағлұмат алуға
көмектеседі. Діл (ұлттық таным, ұлттық мәдениет, ұлттық тәрбие, діл мен дін) концептісі
мәтін деңгейінде көрініс тапқан. Әр ұлттың салт-дәстүрі, өлген адамды жерлеу рәсімі, қыз
ұзату, көзіне шөп салған әйелін әкесінің үйіне қайтаруы, баласын таққа отырғызуға
тәрбиелеу сияқты көптеген мысалдар көркем баяндалған, шұрайлы тіл, теңеулер мен
метафоралар пайдаланылған.
«Жазушы оқырманға белгілі бір жағдайды хабарлай отырып, әсер ету үшін қандай
бейнелеу құралдарын таңдаймын десе де ерікті. Бұл жерде жазушының тілдің
191
прагматикалық функциясын орынды, әрі тиімді қолдана білуі де маңызды роль атқарады.
Бағалауыштық көркем әдебиетте образ сомдауда, кейіпкерлер мінезін ашуда, олардың
әрекеттері мен іс-қимылын бағалауда кеңінен пайдаланылады» [84, 27б] – деген зерттеуші
пікірін негізге ала отырып, қазақтың тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-
дәстүрін, жалпы, қазақтың болмысын танытатын, қазақтарды жан-жақты сипаттайтын,
сондай-ақ, қазақ әдебиетінде терең із қалдырған бір шығарма деп баға беруге әбден
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |