Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет85/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

садақ тартысып

найза 
салысқан. 
Садақтарының жебелері шынжыр сауыттарын бұзып
өте алмады. Ал 
найзаларының сүмбіл ұштары болат қалқандарына
шақ-шұқ тиіп, тез-ақ майысып, 
істен шығып қалды

«Көшпенділер» 
трилогиясының мәтінен
 
қару-жарақ (соғыс техникасы) 
концептісіне сай түзілетін тезаурусты былайша көрсетуге болады: 
мылтық, наган, ұңғы, оқ-дәрі, арандай оқ, мушкет, оқ-дәрі, шүршіт зеңбірегі, 
зеңбірек,садақ, найза, жебе, шынжыр сауыт, күміс сауыт, найза, сүмбіл ұшы, болат 
қалқан, шоқпар, тас атқыш, «Қара бура»қазаны,майлы от-дәрі,қайың садағы,болат 
сауыт, Бұхардық ұзын, қисық қылышы,бұзаубас шоқпар,болат дулығы, ту, қыл байлаған 
ту, тас атқыш машиналар, алтын зерлі қылыш,қанжар, арқан, баспалдақ, қираған қару, 
зеңбірек үні, қоңыздай қаптап келу, қол диірменнің тасындай кесек дәрі, соғыс 
құралдары, шолақ найза, мылтықтың дүмі, оқ тиген қасқырдай ышқыну, саршаянның 
баурындай, «көк қаршыға», отқа салған істіктей, «Хан лашкерлері» тұтқын алуды 
білмейтін, жауласқан елін кәрі-жасына қарамай тып-типыл етіп қайтуға құмар,
үстеріне сауыттарын киіп, қамыс құлақ, бөкен сан, жал-құйрығы жерге төгілген 
тұлпарларын ойнатып, өзгелерден сытылып шыға берді, Қамбар батыр құдыққа құлаған 
нар түйені қос өркешінен ұстап суырып алатын алып күш... 
Бұл – бойына бес қаруын асынып, ат жалын тартып мінген кез келген азаматқа 
қағаз жүзінде жазылмаған, тек намысқа негізделген жауынгерлік дала заңы, қалыптасқан 
ұлттық таным.Сенімді тілдік дерекпен дәйектелген бұл пікірден біз батырлық ұғымының 
ежелгілігін, оның бастауының мифтік таныммен байланыстылығын байқаймыз. 
«Көшпенділер» трилогиясынан не түрлі жаугершілік заманды басынан кешірген
табиғаттың қаталдығынан талай зардап шеккен байырғы қазақ халқы өзінің ұлттық рухани 
құныдылығын толық сақтап қалғанын көреміз. Соның ең негізгілерінің бірі – ерлікті ұлтқа 
тән асыл қасиет деп біліп, ұлттық тәрбиесінің негізгі арқауының бірі қылғаны. 
І.Есенберлиннің трилогиясындағы қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей 
серпінді сөздері оқырман көңіліне жел береді. Батырлар ерлігін оқыған адам оның 
рухымен тұтасып, терең тебіреніп, ел мен жер сияқты қастерлі ұғымдарды ерекше сезініп, 


189 
күреске, ерлікке рухтанады. Себебі, қазақтың батырлар жырындағы да, басқа да көркем 
әдебиет түрлерінде (тарихи жырлар т.б.) батырлар турасындағы әңгіме – халықтың жаны, 
рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух турасындағы әңгіме. 
Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. 
Осыған сәйкес І.Есенберлин де «ерлік», «батырлық» ұғымдарын халықтық рухтан, 
халықтық санадан, халықтық мұрат-мүддеден туған аса маңызды қасиеттері, қазақ 
жұртының өзіндік елдік, ерлік жолының көркем баяны деп санайды. 
Халқымыздың мәдени мұрасына, рухани қазынасына өшпес үлес қосқан 
І.Есенберлиннің көркем тілі сомдаған «Көшпенділерінің» басты кейіпкерлері қазақ 
хандары, ел билеушілері, әрбір ісі, сөзі, ой-пікірі, ел билеудегі тәсілі, кемшілігі мен 
ерекшелігі, ой-толғамы, сүйіспеншілігі, адами болмысының лебі есіп тұратын ұлттық 
мінезі мен танымынан көреміз. 
Заңғар жазушының өзінің көркем шығармашылығында ерлік, батырлық
тақырыбын осындай ұлттық желіден үзбей бейнелеп көрсетуі ұлттық мәдениетті 
қалыптастырудағы өзіндік ерекше орны бар сөз зергері, тілдік тұлғаның ұлттық таным 
мен тілдік санасы негізінде іске асқан. Мұны біз, ең алдымен жазушының 
шығармашылық, көркемдік арқау ретіндегі ұлттық мәдениеттің мәні туралы өз пікірлері 
арқылы бағамдаймыз. 
Яғни шығармадағы батырлардың басынан кешетін қиыншылықтары мен жасаған 
ерліктері қазақ халқының басынан кешкен тарихи жағдайлармен, әрбір тарихи кезеңдегі 
ерліктерімен сабақтасады. Себебі, «ұлан-байтақ кең жерді жайлаған, сондықтан әр кезде 
ұйқысы сергек, құлағы түрік болуға тиісті ел ұл-қызын, елінің бостандығын, туған жерін 
аямай қорғау рухында тәрбиеленген.
Демек, өз тілдік байлығымыздан ұлттық тәрбиеміз бен мәдениетімізде ұрпақты 
ерлік пен намыс рухында тәрбиелеуге ерекше мән берілгенін көреміз. Оның көрінісі 
ұлттық рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағы болып саналатын көнетүркілік жазбалар 
мен эпостардан бастап, елдің тарихы, мәдениетін суреттейтін туындыларда көркем тілмен 
өріліп бейнеленіп отырған. 
Біз талдап отырған еңбекте ерлік, батырлық– қазақтың азаматтық және 
жауынгерлік санасында ғасырлар бойы қалыптасқан ұғымдар екендігі иланымды 
көрсетілген.
Адам баласы дайын күйінде іштен батыр болып туа салмаса керек. Бірақ ана 
сүтімен бірге дарыған, әке тумысынан ауысқан, ата әулеті мен нағашы жұртынан тұқым 
қуалап келген жақсы қасиеттер баланың атпал азамат болып ер жетуіне септігін тигізетіні 
сөзсіз. Ол үшін жүрегінен от ұшқындаған жасөспірімнің алдында оның жан дүниесін 
арбаған бір жақсы өнеге боуы шарт. 
Сайып келгенде, ерліктің өмірге келуі, қаһармандық мінездің көрінуі адамның 
алдына қойған биік мақсатымен байланысты. Ерлік пен қаһармандықтың ел тағдыры 
таразыға түскен қиын-қыстау шақта тууы да жайдан-жай емес. Бұл – азаматтық борыш 
пен елін, жерін сүйетін сезімнің айқынырақ көрінетін тұсы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет