Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет82/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 


186 
 
МӘТІНДІ ТАЛДАУДЫҢ КОНЦЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІ 
(І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша) 
 
Жаппарова А., Ш.М.Елемесова 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ 
«Концепт» термині алғаш рет логика ғылымында қолданылады. Содан кейін барып 
қана ол лингвистикалық мазмұнмен толыға бастады. Концептінің лингвистикалық 
мазмұнға ие болуын тілдік бірліктердің семантикасын талдаудағы бағыттардың пайда 
болуымен байланыстыруға болады. Концепт (латынша «konsept»-ұғым, түсінік) ұғымның 
мазмұны, мағынасы дегенді білдіреді. Р.Карнаптың семантикалық концепциясында тілдік 
бірліктер мен оларға сәйкес келетін денотаттардың, яғни реалды заттардың арасында 
олардан басқа тағы да абстракты нысандар – концептілер болады [1,с.208].
Философиялық көзқарас тұрғысынан концепт ұғымы мағынаның орнына жүреді. 
Әлемді қабылдаудың негізгі тәсілдері – көру, есту, сезіну... сияқтылар мағына немесе 
концепт құрудың жалғыз ғана тәсілі болып табылады. Бұл нысандарды, яғни 
концептілерді белгілі бір мағына бере алатын, әлемді танытатын таңба ретінде 
қарастыруға болады. Мұндай мағыналар немесе концептілер өз кезегінде адамға әлем 
туралы шынайы немесе жалған ақпарат береді. Мағынаның немесе концептінің пайда 
болуы барысында жаңа мағыналар өзіне дейінгі бар мағыналардың негезінде жасалады 
[2,с.240].
«Концепт» терминін философтарша түсіну лингвистикалық зерттеулерде де орын 
алды. Мысалы, Е.С.Кубрякова ол туралы былай дейді: «Формирование языковых знаний 
нерасторжимо связано о всем процессам знакообразования, проходящего разные этапы – 
от нерасчленного отражения потока ощущений в сознании до выделения в этом потоке 
релевантных для его жизнеобеспечения и нормальной жизнедеятельности сущностей и их 
репрезентации в виде отдкльных повторяющихся и воспроизводящихся в более 
устойчивой форме образов, с которыми далее начинают ассоцироваться особые звуковые 
сигналы. Образы соответствуют смыслу вещей (фрагментов Мира) для человека
редукции полных сведений о вещи и обобщению самых существенных из них. Такие 
смыслы и становятся, наряду с самими образами, аналогами вещнй, квинтэнссенцией их 
сути, оперативными единицами нашего сознания, - концептами» [3,с.315].
А.А.Уфимцева да концептіні сөздің жалпы мағынасына сәйкестендіріп қарайды 
[4,с.240].Ал В.В.Колесов болса, концептіні мағынаның «ішкі формасына» (внутренней 
форме смысла) теңестіреді [5,с.52]. Сонымен, концептіні логика-философиялық тұрғыдан 
сипаттау сөз мағынасынан келіп шығады. Біздіңше, концепт сөз мағынасы сияқты 
құбылыс болғанымен, ол тіл білімі мен логиканың зерттеу нысаны болып табылатын 
логикалық қатынастар мен формалар жүйесінде қарастырылады. Себебі «концепт» ұғымы 
«адамзат баласының ғалам туралы жинақталған мәдени ұғымдары бейнеленген және 
ғаламның тілдік бейнесін көрсете алатын атаулар ретінде танылады» [6,с.85]. Бұрынғы 
лингвистикалық зерттеулерде концептіге «психофизиологиялық табиғаттың шындығы» 
деген анықтама беріледі С.А.Аскольдов «концепт табиғатын» «жалпы ұғым» және 
«түсінік» деген екі түрге бөлу арқылы ашуға тырысты. Жалпы ұғым индивидуалды және 
схемалық ұғымдардан тұрып, концептінің жалпы мағынасын нақты детальдар арқылы аша 
алады [7,с.271]. Сонда концептінің қызметі – «көп ұғымның ішінде біреуі ғана таңдалып, 
сол арқылы қорытынды жасалып талданатын нақты ұғымның орнын алмастыру» [8,с.272].
Біз автордың концептілерді лексикалық, фразеологиялық деп бөлуіне үшінші етіп 
көркем мәтін ішіндегі контекстік концептілер дегенді қосқымыз келеді. Тірек концептінің 
аясына кіретін констекстік концептілерді шығарма авторы мен кейіпкерлер 
дүниетанымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірліктер 


187 
ретінде қарауды жөн көрдік. Мұндағы мақсатымыз – бір ғана тілдік таңбаның аясына 
жинақталатын, сол тірек ұғымның концептілік мағынасын ашатын жалпы концептілерді 
(жеке 
сөздер, 
фразеологизмдер, 
тұрақты 
теңеулер, 
авторлық 
қолданыстар, 
мәтіндік/контекстік концептілер) зерттеу нысанымыздағы көркем мәтін деңгейінде тауып, 
сол таңбаның когнитивтік болмыс-бітімін анықтау. Осылайша, автордың әлем туралы 
түсінігінің ерекшеліктерін тілдік бірліктер арқылы ашатын концептілік талдау жасаймыз. 
Көркем мәтіндерге концептілік талдау жасау арқылы біріншіден, мәтін мазмұнын 
түсінсек, екіншіден, жазушы жасаған әлемнің тілдік бейнесін ұғынып сезіне аламыз. 
Мұндай талдау оқырман сезіміне тікелей әсер етеді. Себебі, шығармадан алынған 
концептілердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, ұлт дүниетанымынан, ұлттық 
болмыстан мағлұмат береді. Шығармадағы әр халықтың дүниені танып-білуі мен 
сезінуінің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, түрлі ұлт өкілдерінің аялық білімдерінен, 
ұлттық мәдениті мен менталитетінің де хабар алуға болады. 
«Көшпенділер» трилогиясындағы мынадай концептілер айқындалып табылды: 
соғыс; қару-жарақ (соғыс техникасы); дұшпан/жау; достық/жолдастық; ерлік/батырлық; 
махаббат (анаға, елге, сүйген жарға, туған жерге); жеңіліс; жеңіс; жігерлендіру; діл 
(ұлттық таным, ұлттық тәрбие, ұлттық мәдениет, діл мен дін). 
«Соғыс» концептісі мәтін ішінде мынадай контекстерде көрінеді: 
Жасақ, қол, сайыпқыран батыр, солдат, жау қолында қалу, жау қоршауында 
қалу,тұтқында болу, кепілге алу, атты әскер, барлаушы. Мысалы: 
Бірақ адамды құдай адастырар алдында ең алдымен ақылынан айырады. 
Күзтоқсанның ең ақырғы айында Сыбан Раптанның баласы Қалден Цереннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет