Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ЖЫЛҚЫ ТҮСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жүнісбай А.Е.,Г.Б.Мамаева 
Халқымыз ежелгі дәуірден жылқыны түріне, түсіне қарап түгендеген. Бір табын 
жылқыны санамастан айтып беретін атбегілер болған. Қазақ тілінің сөздік қорында тіл 
байлығымыздың бір көрінісі болатын жылқы түстеріне байланысты сөздер өте көп. 
«Түркілерде Шығыс 
көк
(көгілдір
және 
жасыл)
, Оңтүстік 
қызыл,
Батыс 
ақ,
Солтүстік
 қара
түспен белгіленген. Күлтегіннің мінген аттарының түстерінің Шығысқа жасаған 
сапарларында 
торы
мен 
құла
, оңтүстікке жасаған сапарларында 
қызыл
, Батысқа жасаған 
сапарларында 
ақ,
Солтүстікке жасаған сапарларында 
қаракөк
түсінде болуы бізге бұл 
жылқы түстерінің оның дұшпанына қарсы сапарының бағытын да білдіреді. Бір жағынан 
ғұн императоры Метенің де әскер жүйесін жылқылардың түстеріне қарай құрғандығы 
белгілі болған. Мете Қытай әскерлерін қоршап алғанда «Шығысқа 
шұбар,
оңтүстікке
 
торы
, батысқа 
қаракөк
жылқыларды орналастырған. Бұны түркілердің қолданған соғыс 
техникасы деуге болады» [1, 42].
«Диуани лұғат ат түркте»
жылқының сыртқы түріне, түсіне қатысты атаулар 
мынадай сипатта берілген: 
ала ат, түкүз ат (төбел ат), аақ ат (ақбоз ат), боймал ат 
(ала мойын ат), бұл ат (ала аяқ ат), йалғы ат (ақ жал ат), йағыз ат (қарагер ат), ой ат 
(торы ат), ор ат (жирен ат), тезүклік (қасқа ат), тыш ат (қасқа ат), тығ ат (қоңыр 
ат), торығ (торы ат), том-торуғ (нағыз торы ат), уғар ат (қасқа ат), чындан ат (сары 
ат), чілгу ат (құла ат), қашқа ат (қасқа ат), қыз ғул ат (көк теңбіл ат), қыр ат (құла 
ат), құла ат (құла ат)»
[2, 35 ].
Боз 
түсті жылқыларды қадірлеу әртүрлі әдет-ғұрыптарға, жөн-жораларға қатысты. 
Боз
биенің сүтіне шомылса, адам бойындағы ауру-сырқау, қайғы-қасірет кетеді деп ырым 
қылады. Сондай-ақ, ел, жер тағдыры сынға түскен шешуші ұрыстар алдында 
ақбоз ат
сойып, әскерге ақ жол тілеген. 1726 жылы үш жүздің басы бірігіп, Әбілқайырды бас 
қолбасшы сайлап, жоңғарға қарсы шыққанда осындай рәсім орындалған [3, 216]. 
Жеңістің хабарын білдіру үшін 
ақбоз
атты жаушы, жеңілісті білдіруге 
баран
атты 
(қара атты) жаушы жіберілген. Сонымен қатар 
ақбоз 
атты құрбандыққа шалу: көптен 
келмеген туыс-жегжаты келгенде, жаугершілікте жоғалып кеткен тумасы табылғанда, 
табындағы мал өліп, жылқы шығынға ұшырап, тоқтамай қойғанда, жеті атадан соң қыз 
алысқанда, хан сайлағанда, Наурыз той басталарда орындалады.
Н.Төреқұловтың «Ақбоз ат» деген шығармасында халық қаһарманы Б.Момышұлы 
ақбоз атты
қалайтындығын: «Жылқының 
ақбозын
халық қасиетті деп санайды. Біздің 
елдің батагөй қариясы да, ел қорғайтын батыры да 
ақбоз
айғыр мінген. Егер сол аттың 
иесі шейт болса, оның асына 
ақбоз 
атын шалатын болған. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр, 
түсінесің бе?..» – дегені 
ақбоз
түстің қадір-қасиетін көрсетіп тұрғандай [3, 163]. 
Бұрын хандар, бекзадалар, ауқатты бай адамдар, бақсылар, сал-серілер астындағы 
атының түсімен бірдей киім тіккізіп киген. Абылай хан 5 
Алшаңбозына
мінгенде, ақ киім 
киіп шыққан. Ә.Марғұлан «Жиреншенің аты 
жирен түсті
ат мініп, жирен түсті киім 
кигеніне байланысты шыққан» деп түсіндіреді [4, 219]. 
Төрт түлік малын түстеп танымаған, тіпті қора-қора қойын түр-түсіне қарап 
ажыратпаған малшы қазақ ертеректе сирек кездескен. Әсіресе жылқы малын түр-түсіне 
қарап саралап, әр түсті атауына сай тап басып танып, оны таратуға келгенде қазақтар 
алдына жан салмаған. Осылайша өмір талабынан туып, ғасырлар бойы қалыптасып, 
дәстүрге айналған төрт түлік мал түр-түсінің сан алуан атаулары бүгінде тіл байлығынан 
ерекше орын алады. 
Тарихи мәліметтерге қарағанда, қыпшақ қоғамында әрбір ру-тайпаның жылқылары 
өзінің түр-түсімен ерекшеленеді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқысының түсі 
бойынша анықталған. Бұл жағынан батыс қыпшақ бірлестігінің құрамына енетін бір 


208 
тайпаның 
«кулабаоғлы» (құла жылқылы
) аталуы, сондай-ақ, Түркістан қаласындағы 
Қ.А.Ясауи кесенесінде тайқазанды жағалай «он сан Алаштың» ұшына он түрлі жылқы 
қылынан шашақтар тағылған он туы ілінгені назар аудартады. Тулардың түстері: 
қаракөк, 
шұбар, торы, күрең, құла, кері, боз, бурыл, жирен, шабдар. 
Ен-таңбасыз тай мен тайлақ, қой мен қозылы мал баққан ата-бабаларымыз өз 
малын меншіктеп, иелік ету үшін оларды түсі-түгіне қарап, танып, айыруды ерекше 
дамытқан. Сонымен қатар жылқы малына ат қоярда оның түр-түсіне ерекше мән берген. 
Қамбар батырдың 
Қарақасқасы,
Қобыландының 
Тайбурылы,
Алпамыстың 
Байшұбары,
Тарғынның 
Бозтарланы,
Ақан серінің 
Құлагері
, Балуан Шолақтың 
Ақбозаты
, Жәңгір 
ханның 
Ақмоншағы,
Абылайдың 
Алшаңбозы,
Райымбек батырдың 
Көкойнағы,
Төлегеннің 
Бозжорғасы
, Толыбайдың 
Шымқарасы
осы сөзімізге дәлел. Өз зерттеулерінде 250-дей 
жылқы түсіне қатысты атаулардың көпшілігі ақ түске (26-сы) байланысты екендігін 
(
Ақжал, Аққұйрық, Дәуақ, Ақшап, Аққұлақ, Ақбоз, Ақсұр 
т.б.) зерттеуші Т.В.Линко атап 
көрсетеді [6].
XIX ғасырдың аяғында Торғай обылысының мал дәрігерлері болып жасаған 
М.Преображенский, А.Добромыслов қазақтың жылқы түстеріне байланысты сөздердің 
көп болғандығы сонша, оларды орыс, еуропа тілдеріне аудару мүмкін еместігін айтып, 
арнайы зерттеудің қажеттілігін сөз еткен. Мысалы: 
жирен байтал, қасқа құлын, торы бие
т.б. әр жылқының тек өзіне тән түр-түсімен таныған. Жылқы малын таза 
ақ, қара, сары
деп атау өте сирек кездеседі, мұның себебі, жылқы түстерінің өте күрделі болуы, көптеген 
түстердің араласып кетуінен болса керек, сондықтан қазақта түстеудің белгілі бір жүйесі 
және терминологиясы қалыптасқан. 
Қазақ халқының жылқы түстеуінің алуан түрлілігіне орыс зерттелушілері де өткен 
ғасырда орыс көңіл аударған: «Қазақ жылқыларының түстері сан алуан: көбірек 
кездесетіндері: 
торы
(гнедая), 
жирен
(рыжая), 
құла
(саврасая), 
күрең
(бурая), 
қызылкөк
(серая), 
бурыл
(чалая), 
қара
(карая), 
шабдар
(игреневая),
кер
(мухортая), 
құлагер
(буланная), 
ала
(пегая), сирек кездесетіндері 
ақсары 
(соловая), 
сұр
(голубая), 
шұбар
(чубарая). 
Таза жылқылар (
қоңыр-қара, мақпал-қара
), 
боз
(чисто сивые), 
ақ денеде үлкен 
ноқаттар 
(қара шұбар) (чубарые), 
таза шымқай торылар
(тобылғы торы) (темно-гнедой) 
өте сирек кездеседі және қымбат бағаланады. 
Қазіргі таңда қазақ әдебиетінде, оның ішінде баспасөзде жиі кездесетін 
халқымыздың ең жақсы көретін түсі 
ақбоз
 
деп дәріптеліп жүр. Шын мәнінде, 
халқымыздың 
боз 
түсті ардақтауы мүлдем басқаша екенін, ал қазақтың жылқы түлігіндегі 
жақсы көрген түсі 
қаракөк
болғанын қазақ халқының жылқы шаруашылығын зерттеуші 
А.Тоқтабаев ел арасынан жинаған материалдарымен дәлелдейді [3, 214]. 
А.Тоқтабаевтың этнографиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеу еңбегінде жылқы 
түсіне қатысты 200-ге жуық атауларды 8 топқа бөліп көрсеткен. 
Қазақтың мал шаруашылығын зерттеуші Х.Арғынбаевтың еңбектерінен жылқы түсін 
беретін атаулардың үш тобын кездестіресіз: 
қылаң, баран, ала
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет