АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАЗАҚСТАН
Жұмабекова Ж.Қ., Аңсатова М.Н.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университті
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш —
халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және
сенім берген ұлттық идея.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен
үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді.
Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың
азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге
болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен
кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да
ғасырға тең уақыт.
Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы,
Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбай-
ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың
әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан
ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта
оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім
алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын
мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу
үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды.
Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды
көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса
асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп,
күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең
214
түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа
қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
1917 жылы «Алаш»партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін
қалаған БІРТҰТАС АЛАШ ИДЯСЫ Онда алаш қайраткерлерінің барлығының дәмі мен
аңсары бар. 1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпықазақтық 1 құрылтай
шақырылып Алаш партиясы тарих сахынасына шықты Алаш партиясының ұлттық
ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделеді
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың
ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен
техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да
берілмейді». Бұл ұстаным күні бүгін дәлелденіп те отыр.
Яғни, жер – Отан, aл Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды.
Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны
төгілген деген тұжырымға саяды.Сонда ел,жер үшін күні бүгінге дейін қазақтың қаны
төгіліп, ар-намыс үшін жанын беріп келе жатқаны баршаға аян. Оған нақты мысал-1986
жылғы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан
аралығында
Алматыда
болған қазақ жастарының
КСРО
үкіметінің отаршылдық, әміршіл-
әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған
қазақ
халқы
тарихындағы
елеулі
оқиға
болып
табылады.
Көтерілістің
басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің
Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы
етіп
тағайындауы
түрткі
болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына
келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов,
Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары,
К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен
“Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж.
Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264
студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы
қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси
өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға
зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ
мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр
қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Яғни, бұл «өз жерінің игілігін әуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса ғана
жатқа салауат» деген емеуірінді танытады.
Абай данышпанның: «…Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» дегеніндегі «ырық» – осы ырық. Өз
жеріңнің астына, үстіне, аспанына иелік ете алмасаң, ырықтың кеткені сол емес пе?!.
Нақты мысалдарға жүгінсек,1992 жылы БҰҰ Қазақстанды өзіне мүшелікке
қабылдағанда, оған авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет деп анықтама берген
.Ұлттық мемлекттің негізгі байлығы оның ұлты яғни адамдары және жері мен жерасты
байлығы. Жерасты байлығының 70%-дан астамы шетелдік компаниялардың басқаруына
25-65 жылға берілгендіктен шет тілдерін меңгерген білімді мамандардың негізгі бөлігі
елге емес,сол ТҰҚ қызмет етуде.
Казакстанды иесіз жср деп түсінгеи Кытайдын СНПС үлттык
компаннясы жүмыска алатындардың міндетті түрде кытай тілін білуі
керектігі туралы ел Конституциясында кереғар бұйрык шығдрды. Ал, бұл
елдің екінші үлттык компаниясы Синопек білімді инженер Казакстан
215
азаматына жалақыны баска инженерлерден бірнеше есе кем төлеп, ол өз
қүқығын қоргаймын деп сотқа жүгінгенде, сот Казақстан азаматының
қуқыгын жерге таптап, Конституцияға қарсы шешім шығарды. Жоғарыдағы
компаниялардың осындай келеңсіз тірліктерін қоғамда Қазакстанға жұмысқа
уақытша келген емес, елді отарлауға келгендердің тірліктері деп кабылдауда.
Кытайда тату -тәтті түрып жатқан екі миллиондай қазактын барлығы казак
және кытай тілдерін жаксы біледі. Қытай тілін білетіндер қажет болса,
соларды неге шакыртпасқа. Тулақтай жері үшін қасық қаны қалғанша
күрескен бабамыздың ұрпагына аманат етіп қалдырғаны да осы үланғайыр
даласы еді.
“Жер бізге ата-бабамыздан мнрас боп калган ең асыл казынамыз!
Үлтымыздың үлы байлығы! Қазақтың даласы - халықтың меншігі!
Қазақстаннын өз террнториясы бар. Шекарасы бекітілген. Осының бәрі не үшін?
Жердін тұтастығы үшін жасалды! Жер туралы кодекстегі өзгерістер -
Ауылшаруашылығымен айналысып жүрген шаруақор ағайынға жеңілдік
жасауды көздеп отыр. Қожасы бар жердің күтімі мен қадірі болады. Алып-
қашпа. арандатудан абай болайық. Дегенмен. Жер мәселесіне халықтың
айрықша көңіл бөлгеніне қуанамын. Лайым әрқашан Ел мен Жерге деген
касиетті көңіл осындай болса, біздің халық қасық қаны қалғанша Жерді
қорғайды деп білемін” деген еді Елбасы Н.Назарбаев.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде
өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі
керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.
Ә.Бөкейхановтың қазақ жерінің байлығы туралы айтқан сөзін бүгінгі
өмірмен байланыстырсақ, касиетті туған жердің тау тасы да, топырағы
да,талға біткен жасыл жапырағы да қымбат . Қымбат оның өзен көлдері,
жұпар аусаумен бөлеген таза саф ауа сыйлаған табиғаты Тарих толқынында
адамзат жер үшін согыскан. Сол кездері майданға толы жердің де
жылайтынын кім білген?!
Жер ана қасиетті туған жер.Ол біздің белгісіз күшіміз.Ол біздің тылсым
тарихымыз.Туған жердің 1000 жылдық тарихын зерттеп көрген адам бар ма?!Әрине
жоқ!1000 жылдық тарихты жер анадан басқа ешкім де білмейді.Байлықты көтергені былай
тұрса да,тарихтың ауыр күндеріне қасқая қарсы тұрған жер ананың рухына таңғалмасқа
болмайды.Байқасаңыз талай жауға қарсы тұрған батырлар жер ана топырағынан өздеріне
қуат алған.Жер ана топырағын кеудесіне тосып тұмар таққан.Далада қалған талай
дарабоздарды қасиетті қазақ халқы туған жеріне әкелген.Туған жер топырағын иіскеуге
зар болыр кеткен боздақтар қанша ма?!Туған жер үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы
бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?!
Жер байлығы ел байлығы. Қандай табылған сөз.Батырды намыс қоянды қамыс
өлтіреді демей ме?!Заманында туған жердің байлығын қорғап қалу жолында жанын
шүберекке түйіп талай батырла ржауға шапты.Мақсат қандай?!Мақсат бірінші кезекте ел
намысын өз намысым деп қабылдау,ал екінші мақсат туған жер қазынасының жат қолда
кетпеуі.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл
үстемдігі болуы керек, яғни, Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық
мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» деп
Сара ақынның caл Біржанға айтқанындай, бұл төрт мәселеге келгенде, біздің де үніміз
шықпайды. Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз «Құранды» да
орыс
тілінде
оқитын
боламыз.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халкы Түңгыш Президентін сайлады. Осыдан
келіп карасак, Алаш кайраткерлерінің «мемлекеттің басшысы Президент» деп
тұжырымдауын өмірдің өзі дәлелдеді. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Алаш
216
қайраткерлерінің Қазақ автономиясын құрып. тәуслсіз мемлекет ндеясын туғызған өршіл
рухын еліміздің көк туын желбіретуші Түңғыш Презндентіміз Н.Ә.Назарбаев одан әрі
жүзеге асырды деуімізге толык негіз бар.
«Алаш» партиясының багдарламасында көрсетілген ел баскару жүйесі, жастардың
білім алуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтардың қүқы мен бостандыгы жөніндегі
ұстанымдар тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатымен сабақтас жатыр. Сол себепті Алаш
көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тагылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде
тануымыз керек.
Алаш идеясы - бүгінгі Тәуелсіз Қазакстанның да басты ндеяларының бірі болуы
тніс.
Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы
заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға
тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз
мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі
дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым
қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп
көрсеткен болатын.
Әрбір қалада Алаш арыстарының ескерткіштері орнатылуы тиіс. Кітаптар мен
фильмдер көптеп шығарылып, мектептерді қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу
орындарында Алаш идеясын оқыту жүйеге айналуы қажет. Алаш оқулары жолға
қойылып, еліміз бойынша қанат жаюы тиіс. Алаштың ордасы болып, Алашқала аталған
қазіргі Семейдегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Алашорда үкіметі мен Алаш
партиясы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, ол үйді мұражайға айналдыру кезек
күттірмейтін мәні зор мәселе.
Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген
ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен
перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету,
өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру.
Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге
жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды
жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі
болатынын естен шығармағанымыз абзал.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін
біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келеді, бола береді де.
Пайдаланған әдебиеттер :
1Ахмедов .Ғ Алаш,Алаш болғанда. Алматы .1997
2 Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы. 2004
3 Қазақстан тарихы .5 томдық 4 том. Алматы .2010
4 Назарбаев.Н. Ә .Тәуелсіздік белестері Алматы. 1998
5 Бөкейханов.Ә. Таңдаулы шығармалары Алматы. 1998. 220 бет
217
Достарыңызбен бөлісу: |