Тұлғаның іс-әрекетінің мәселелері, кӛзқарастары үйлесім тауып, жүйелі
құрылса дүниетаным жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие
болған адам нақты ӛмірлік позиция ұстанады, кӛздеген мақсатына жетеді.
Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам кӛбіне
құбылыстарды
бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дәйексіздік танытады. Кӛзқарастар жүйесі
ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.
Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне
айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының
ӛмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып
жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты
дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі
қалыптаспаған адамның
шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, ӛмірден ӛз орнын дұрыс таңдай
алуына да шамасы жете бермейді. Оны ӛмір толқыны біресе анда,
біресе мында
соқтықтырады да, мінез-құлықын кӛлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар
билеп кетіп отырады.
Сенім
дегеніміз - адамның ӛмірде ӛзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына
терең әрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары ӛз сезімі мен еркімен тоғысып
жатса, кім де кім ӛз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ
ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.
Сенімі
зор адам дегеніміз - ӛзінің кӛзқарастары мен ісін
қорғап қала алатын,
ӛз борышын ӛтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсан, жігерлі адам.
Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы.
Сенім
, пікірталас, кӛзқарас
қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.
Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі -
мұрат
(идеал).
Бұл - адамның ӛзіне ӛмірден ӛнеге іздеуі,
біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат -
адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін
қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Ӛзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін
соның соңына сарп етеді.
Мұрат ӛмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нәрселердің барлық
жақсы жақтарын жалпылау нәтижесінде пайда болады. Демек,
нақтылы адамның
мінез-құлқы мен іс әрекеті оны ӛзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала
алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сӛз бен істің байланысы бар жерде
ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тәрбиелеу мектеп мұғалімдерінің
де басты міндеттерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: