нәтижесінде Л. Браиль жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алған.
О.И.Скороходова "Мен айналадағы дүниені қалайша танып білемін" деген еңбектер
жазып, белгілі дефектолог маман болды.
Тері талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаспаған.
Арнайы зерттеулердің мәліметтері бойынша, түйсік
ноқаттарының есебін келесі
реттегі санмен кӛрсетуге болады: тию нүктелері - 1 млндай, ауру нүктелері - 4
млндай, суықтық нүктелер – 250 млндай, жылылық нүктелері – 30
млндай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең кӛп орналасқан жері ерін, тіл мен
саусақтың ұштары. Біз оларды мүшелеріміздің сезгіштігінен байқауымызға болады.
Тері сезгіштігінің үшінші түрі - жылы мен суықты түйсіну
температуралық
түйсіктер. Температуралық сезгіштік организм мен қоршаған орта арасындағы
жылылық алмасуын реттеп отырады. Теріде жылылық пен суықтық
рецепторларының орналасуы біркелкі емес. Жота суықты кӛбірек сезінеді тӛс аз
сезінеді.
Терідегі температуралық ӛзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор болады.
Біріншісі – жылылықты түйсінетін
руффини
жасушалары, екіншісі - тӛмендеп,
салқындықты түйсінетін
Достарыңызбен бөлісу: