тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы айырмашылықты түйсіне
алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100
люкстік шамға бір люкс қоссақ,
жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның кӛз рецепторы үшін
айыру табалдырығы болып табылады. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші
орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса хор
аздап артады. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз
күшін
сезгіштіктің
тӛменгі
абсолюттік
табалдырығы
деп
атайды.
Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін
сезгіштіктің
жоғарғы абсолюттік табалдырығы
дейді.
Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің тӛменгі табалдырығына жетпесе,
онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Абсолюттік табалдырықтың
күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші
неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік
соғұрлым жоғары, ӛткір болады.
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді
тәуелділік бар екені анықталды. Мұны – психофизикалық заңдылық деп атайды.
Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан неміс физиологі Эрнест Вебер (1795-1878ж.)
және неміс физигі Густав Фехнер (1801-1887ж.) Сондықтан бұл заңдылықты Вебер-
Фехнер заңы деп атайды. Осы заң бойынша тітіркендіргіштің күші
геометриялық
прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші
арифметикалық прогрессия жолымен ӛседі.
Достарыңызбен бөлісу: