Адамның жеңіп ӛтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің ӛзінің объективтік
қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бӛгеттерді, басқа адамдардың
қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Ішкі кедергілер - бұлар адам ӛзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық,
шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа
бірдеңелермен
шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға
кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге
құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің
арқасында құтылады.
Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып
табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам ӛмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті ӛмірде,
әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек.
Соғыстағы немесе
еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді.
Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті ӛмір қойған
міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан кӛмек күтіп,
қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып,
керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші
жетпейді.
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы ӛмір сүріп
қана қоймай,
сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық
психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай,
сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті ӛлімнің келуін
де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезінде ӛлімші болып жарақаттанған ұшқыш
ӛліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы
жарақаттанған жандардың ӛзімен бірге ӛлетінін түсінген. Міне сӛйтіп ерік күшінің
кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам ӛз
қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін
түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстарын
тек танып, не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды,
сонымен бірге, оны қажетіне орай ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа,
іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз кӛп. Бұларды үлкен
екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын
қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті
қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені кӛтеріп алу
қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс
арқылы сыртқы ортаны
ӛзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-
қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі
кедергілерді жеңе білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік