Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы
оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай
кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге
ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге
де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды оқуға арналған кішкентай
компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы
жасалған. Бұл мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз
жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Электронды кітаптың басқа құрылғылардан басты
артықшылығы бұл қазіргі кең таралған мәтін форматтарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC,
CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітаптардын мазмұнын ғана емес,
қажетті материалдардың, құжаттардың, сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді
жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі
нұсқаларында МРЗ форматтағы аудиофайлдарды да ойнату мүмкіндігі бар. Аталған кітаптағы
ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады. Мысалы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға
жуық кітап сақтауға болады. Ал аккумулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен Қазақстанда
барлық ғылым саласы бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың
депозитарийі болып бекітілген, яғни диссертациялардың міндетті данасын алады. Диссертациялар
қолжазба құқығында сақталады және Қазақстанның ғылыми мұрасы ретінде ерекше қорғалатын
құжаттар қатарына жатады. Қордағы диссертациялар түпнұсқа және микрофиша түрінде
сақталады.
Сонымен қатар қор Қазақстан және ТМД елдері ғалымдарының докторлық, кандидаттық
диссертацияларының авторефераттарымен (МАГАТ келісім-шарты бойынша) толықтырылып
отырады.
Диссертациялар оқырмандарға ғылыми мекеменің ресми бланкісіне жазылып, мекеме
басшысының қолы қойылған қатынас хат негізінде беріледі. Хатта ғылыми жұмыстың тақырыбы
көрсетіледі.
Диссертация бөлiмiнде Ресей мемлекеттiк кiтапханасынын диссертациялык виртуалды оқырман
залын
on-line
желiciнде
қолдануға
болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Ресей мемлекеттік кітапханасының арасында
25.01.2013 ж. жасалған № 095/04/0049 Келісім шартының б.5 п.5.2 пп. 5.2.5. негізінде «Шартқа
сәйкес пайдалануға берілген шығармалар мен олардың бөлімдерінің сандық және баспа түріндегі
көшірмелерін жасауға рұқсат берілмейді», яғни диссертацияларды қағазға басып шығару
мүмкіндігі
қарастырылмаған.
Бүгінгі таңда РМК Диссертациялық электронды кітапханасында ғылымның барлық салалары
бойынша Ресей мен шетелдерде қорғалған 836 206-ға жуық диссертациялар мен
авторефераттардың толық мәтіні жинақталған.