1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»


-дәріс тақырыбы: Әдебиет пәнінен жүргізілетін жазба жұмыстары. Әдеби



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата18.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#118769
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция

13-дәріс тақырыбы: Әдебиет пәнінен жүргізілетін жазба жұмыстары. Әдеби 
тақырыпты оқыту жүйесіндегі тіл дамыту.
Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталас, 
айтыс сабақтары, баспасөз конференциялары, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы 
ерекше.Ал, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының 
орны ерекше.Мысалы, 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасын» оқып болған 
соң, қорытынды ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сот бас қылмыстылар-
Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушы, куәлер, билер, төбе билер 
сайланады. Олардың сөздері мақал-мәтелдерге, термелеп айтатын сөздерге құрылады. 
Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.Мысалы, куә 
Бақтығұл: 
«Қайран, тектім-ай, алпамсадай арысым едің...Кескен теректей құладың ғой, қу 
жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, соққы мазағына ұшыратты, дертке шалдықтыртты, 
керек десе лақ құрлы қалжа да бермеді ғой. Жылқының шетінде інім Тектіғұл өтті, әйелім 
Қатила саралаетек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты..» 
Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, саралаетек,күң деген сөздерге түсінік беруге 
болады. 


Ізденгіш мұғалім тіл дамытуды оқушыға жеңіл, қызықты әдіс-тәсілдермен 
өткізеді.Тіл дамыту жұмыстары көбіне мәтінмен жұмыс түрінде жүргізіледі. Сабақ 
барысында меңгерілмей қалған кейбір мәселелерді осы сәтте талддауға болады. Мысалы, 
майлы бояумен салынған көркем суретті көрнекілік ретінде қолданып, күз туралы 
өлеңмен салыстыра сабақ жүргізуге болады. Бұл сабақ- сабақ-гармония деп аталады. 
Мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырмалар берді: 
а) Сурет бойынша күз көріністеріне суреттеме беру.Мына сөздерді пайдалану: 
алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.
ә) Сурет пен өлеңді салыстыру. 
б) Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар 
ма? 
Осы сабақ арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуға болады. Олар дың 
әрқайсысы өз ойларын көркемдеп жеткізуге тырысады. Ақын суреттеген күз бейнесінен 
де өзгеше теңеулер табуға тырысады. 
Ал, І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде музыка пәнінің 
мұғалімімен бірлесіп, тіл дамыту жүргізу тиімді. Поэмада аты атлып, сөзбен кестеленген 
күйлерді күйтабақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге 
болады: 

Осы күйден не ұқтың, қандай әсер алдың ? Сол туралы шағын пікір-толғау айт немесе 
шағын эссе жаз. 

Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе ? Ойыңды поэмадан үзінді алып, 
дәлелде. 

Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып,, олардың күй тілін 
жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда. 
Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ биология, тарих, т.б сабақтармен 
байланыстырып жүргізуге болады. 
Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар 
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл 
бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстап оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы 
негізінде ұйымдастырылады. Әдеби- шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар 
«Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе 
соңғы кездерде тәжірибеген енгізілген. 5-8 сыныптарда мектеп кітапханасымен бірігіп 
жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты 
қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соны үйретеді. 
Үйірменің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Оқушылар 
драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабардар алады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің, 
М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог 
дайындалып, сабақта ұштастырылады. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен 
бірлесе отырып «Алтын сақа», «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмелері жүргізіледі. 
Әдеби конференциялар тақырып бойынша жүйелі түрде өткізіледі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны 
әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткеізген жөн. Сабақ 
бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 
– 8 сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды 
тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін 
сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшаң – теңіз, себебі ондай сабақтар 
баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5- 8 сыныптардағы сабақтан тыс 
оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын 
арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, 
жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ – викторина, 
саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта » атты кездесу сабағы немесе « Алақай, 


Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз! » атты әңгіме сабақтары, т.б сабақ түрлері 
әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 8 – 9 сыныптардағы сабақтан тыс 
оқулар.Оқу бағдарламасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері 
ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру керек. Мұнда 
да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық 
мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, 
пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары 
негізге алынуы керек. Сондай – ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық 
үлгілерін оқыту, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің 
асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби 
әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар 
сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.Кабинетте, кітапханада жо,ары сыныптар үшін 
«Әлем әдебиетінің асылдары», «Адамзаттың Айтматовы» , «М.Әуезов әлемді аралып 
кетті» сияқты кітап көрмелерін ( көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай – ақ осы кітап 
көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу 
әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, «Адамзаттың 
Айтматовы» тақырыбын ( бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, 
семинар түрінде өткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет