осы өлкені жайлаған, алапат апатқа ұшырап, қырғын тапқан кісілердің қаңқа сүйектері сияқты» [1].
Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романы М.Әуезовтің
«Көксерек» романы мен Ш.Айтматовтың «Жан пида» романдарымен ұқсас
болып келеді. «Көксерек» пен «Жан пидадағы» қасқыр, «Шақан-Шерідегі»
жолбарыс. Бірі қасқыр, бірі жолбарыс, бірі адам, бірі хайуан. Бірақ үшеуінің де
тағдырлары ұқсас, қайғы-қасіреті бір. Ақ – табиғаттың бейнесі, адам оған зиян
келтіруші- қоғам бейнесі.
Романды басқа шығармамен салыстыру мақсатында қазақ, қырғыз
әдебиетімен емес, шетел әдебиетімен салыстыруды жөн көрдім. Ол әйгілі
Канадалық жазушы Янн Мартелдің «Пи өмірі» атты романы. Роман жайлы бізге
қажет қысқаша ақпаратты айтатын болсақ: Писин Молитор Патель атты
16 жасар үнділік бала өзінің әкесі – Сантуш Патель зообақшасында жануарларды
бақылап жүреді. Мектептен кейін көптеген діни кітаптар оқып, индуизм,
христиан, мұсылман діндерін қатар ұстанады. Үнді елінде саяси төңкеріс болып,
Писин әкесі жаңа билікке шыдай алмай, Канадаға көшуді шешеді. «Цимцум»
жүк кемесі апатқа ұшырап, Писин 40 аптадай құтқару қайығында жолбарыспен
бірге күн кешеді[2].
Романдар арасында
айырмашылықтар көп емес: Біріншіден, Шақан жолбарыстар тұқымын жоюды көздесе, Писин
керісінше 40 апта бойы жалғыз өзі емес, қасында тірі жан болатындығына әуел
бастан-ақ қуанған болатын.
Екіншіден, Писин теңізден балық аулап, жолбарысты тамақтандырып,
онымен бейімделуге тырысады. Жолбарысты өзімен қатар тірі жан ретінде
қабылдайды.
Үшіншіден, Шақан психикалық бұзылыс кезінде өзін жолбарыс
ретінде санап, «жолбарысша» сөйлесе, Писин жолбарыспен адам тілінде сөйлесе
бастайды.
Төртіншіден, Писин ет тағамдарын жемейтіндіктен, оның алғаш суда
тіршілік ететін тіршілік иелерін қорек үшін өлтіруі ол үшін қиын болады. Шақан
болса үлкен жолбарыстар түгілі, шөнжіктерді де аямастан жоя бастайды.
Бесіншіден, Писин жолбарысқа іштей риза болады. Сол ауыр кезде
жалғыздықта қалса теңізден шыға алмасын өмірінің соңына дейін есте сақтап
жүреді. Шақан керісінше жолбарыс кесірінен өмірінің соңына дейін дерлік
жабайы, өлі өмірмен тірлік құрады. Әрине, екеуінің тағдыры бірдей емес, сонда
да жақын. Ол жайлы біз романдар арасындағы