61
болғаны анық байқалады.
Ерекшелігі белгісіздік, болымсыздық, өздік
есімдіктерінің аталмауында.
Ғалым есім сөздердің жекеше, көпше, тәуелдік,
септік формасында түрлену жүйесін көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілі грамматикасындағы есім сөздерді саралауы
А.Байтұрсыновтың ғылыми пікірімен үндесетінін көреміз.
Ғалым-тілші қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: 1) Түбір
сөз; 2) Туынды сөз (туғын сөз; 3) қос сөз; 4)
қосалқы сөз; 5) Қосымшалар. Ал сөз
таптарының 9 түрін белгілейді: Сөздер мағанасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді:
1) Зат есім; 2) Сын есім; 3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Етістік; 6) Үстеу; 7)
Демеу; 8) Жалғаулық; 9) Одағай[1].
«Тіл – құралдың» үшіншісі –«Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атпен 1923
жарық көрді. Бұл оқулықта сөйлемді:Сөйлем дегеніміз – сөздің басын
құрастырып, біреу айтқан ой, –
деп анықтай келе, сөйлем түрлерін болымды,
болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң және жайылма сөйлем,
жай сөйлем,
құрмалас сөйлем деп,сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер,
бастауыш, баяндауыш, бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағымен байланысуы,
анықтауыш,
толықтауыш, пысықтауыш, аталған сөйлем мүшелері болатін сөз
таптары қарастырылады [1].Тіл –
құралдағы ғылыми пікірлер, тіл білімі
терминдері түсінікті, дәлідігімен ерекшеленеді.
А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» біріншікітабі – 7 рет, екіншісі – 8 рет,
үшіншісі 6 рет басылып шыққан. «Әліп-би. Жаңа құрал». Әліппе Қызылорда
баспаханасына 1926 жылы бұрынғы «Оқу құрал. Қазақша алифбаға» жалғасты
құрал ретінде қайта жазылған. Кітап 14 жылдан соң қайта өңделіп, 1926 жылы
басылып шыққан. 1928 жылғы оқулық ішкі мұқабасында 3-інші рет
басылғандығы айтылады. Ұлттық кітапхананың
сирек қорлар бөліміндегі
тіркемеде осы оқулықтың 1924, 1926, 1927 жылдары жарық көргендігі туралы
ақпарат бар. 1926 жылғы нұсқа 1992 жылғы «Тіл тағылымы»атты жинаққа енді.
1998 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай, әр соңғы басылымның
жетпіс жылдығына арнап, «Рауан» баспасынан 1000 таралыммен жарық көрді.
Бұл жинақтың ерекшелігі – сол тұстағы жазу
емлесі қаз-қалпында сақталып,
беттің төменгі жағына қазіргі жазуға түсірілген нұсқасы берілген. Төте жазудан
көшіріп, редакциясын басқарған Ұлықман Асылов. Бұл кітаптың бүгінгі
оқушыға берер зор көмегі сол – ғасыр басындағы ұлт зиялылары қолдаған жазуды
дөп басып, нақ тануға мүмкіндік береді.
Ұлт ұстазы «Тіл құралдың» сөз басында оқулықтың еркшелігін көрсетеді:
«Тіл- құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұнды да әуелгі кезде сондай
жат көрінер, өйткені қазақта бұрын болмаған жаңа зат». «Тіл-құрал» тек мектеп
оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі
қазақ тілі атты ғылым саласының қалыптасуына негіз болды.
Ел есінде ұлт ұстазы болып танылған Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу
құралы» мен «Тіл құралдары» атты еңбектері қазақ тіл білімін қалыптастырды,
кейінгі зерттеу еңбектеріне негіз болды.
Қазақ тілтаным тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны айрықша.