Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет97/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   127
Тірек сөздер: 
негіз, түбір, сөзжасам, морфема, сөзжасамдық талдау, термин. 
Сөзжасам – қазақ тілінің жаңа сөздер жасап, сөздік қорды үнемі байытып 
отыратын негізгі жүйесі, яғни жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелер 
жиынтығы. 
Сөзжасам мәселесін алғаш сөз еткен лингвист-ғалым – А. Байтұрсынұлы. 
Ол: «Туынды сөз дегеніміз – бастапқы тұлғасы да, бастапқы мағынасы да 
өзгерген сөз; мәселен, бастық, шашақ, қолтық», - деп анықтама берген. [1, 182] 
Алайда, ғылыми еңбектерде, нормативтік грамматикаларда «Негізгі сөз» 
тақырыбы «Негізгі түбір», «Түбір», «Түбір сөз» деген терминдермен жарыса 
беріліп, тұрақтандырылмай келген. 
Оның себебі, сөзжасам мен морфологияның ара-жігін дұрыс 
ажыратылмауында. Яғни, түбір, жұрнақ деген терминдер екі саланың да 
объектісі болып жүрді. Әрине, сөзжасам мен морфологияның бір-бірімен 
байланысы бар. 
Бірақ, сөзжасам сөздердің құрамын өзгертіп, оның мағыналық құрылмына 
өзгеріс енгізсе, морфология сөздердің құрамын, грамматикалық сипатын 
зерттейді. Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына 
топтастырып 
жіктеп, 
олардың 
құрамын 
айқындау, 
грамматикалық 
категорияларын саралау болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа 
туынды атау туғызады. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, 
сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады. 
Қазақ тілі сөзжасамы тіл білімінің дербес саласы ретінде қаралғанда, ол 
оның басқа салалармен байланысын жоққа шығару деп түсінбеу керек. 
Біріншіден, тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты қажет етпейтін 


196 
ешбір тілдік құбылыс жоқ. Екіншіден, әр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге 
дейін морфологияның, кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың 
байланысына негізделгенін естен шығаруға болмайды. 
Жаңа сөздің жұрнақ арқылы жасалуын мойындасақ, жұрнақтың сөз 
құрамында қолданылуын, ал сөздің құрамы морфологияның объектісі екенін 
мойындау керек. Сонымен бірге жұрнақ қосымшалар тобына жататын 
болғандықтан, ол жағынан да морфологияға байланысы байқалады. Сөз тудыру 
әр сөз табына қатысты, ал сөз таптары – морфологияның негізгі объектісі. Міне, 
бұл арада тағы да байланыс анық көрініп тұр. Морфология мен сөзжасамның осы 
байланысы олардың соңғы кезге дейін бір құрамда қаралуына негіз болды. Бірақ 
сөз тек жұрнақ арқылы ғана жасалмайды. Ол басқа тәсілдермен де жасалады. 
Мысалы, бір сөз бен екінші сөздің тіркесі үшінші атаудың жасалуына негіз 
болады. 
Профессор Б.Б. Жахина «Сөзжасамды оқытуға қосымша» атты оқу 
құралында тілдік материалдардың өзіндік ерекшеліктеріне қараша іріктеуде 
мынадай ғылыми заңдылықтардың басшылыққа алынатындығын көрсеткен: 
1.
Тақырып пен терминнің анықтығы, сәйкестігі. 
2.
Тілдік материалдың ғылыми дәлдігі. 
3.
Тілдік тақырыптың ішкі мазмұнын аңғарту қажеттігі. 
4.
Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерінің сыныпқа лайықтылығы. 
5.
Өзіндік белгілерінің өтілетін материалдарға тән екендігі. 
6.
Өзіндік белгілерінің өмір қажетіне жаратылуы. 
7.
Тілдік белгілерінің күнделікті сөйлеу тәжірибесінде қажеттілігі. 
Осы тұрғыдан келгенде ғалым «Негізгі түбір», «Түбір», «Түбір сөз» 
терминдерінің орнына «Негізгі сөз» терминінің енгізілуі керектігін айтты. [2, 11] 
Себебі, «Негізгі» деген сөздің өзі басқа туынды сөздер түрінің, яғни, басқа 
ұғым атауларының жасалуына «ұйытқы», «негіз» болады дегенді білдіреді. 
Терминнің, яғни тілдік тақырыптың өзі айтып тұрғандай басқа жаңа сөз, жаңа 
ұғым атауларын жасауға негіз болады. Мысалы, ек, егін, егіндік, егінші деген 
сөздердің негізі – ек; өн, өнім, өнімді, өндіргіш сөздердің негізі – өн. 
Оы тұрғыдан келгенде, ғалым «Негіз сөзге» теориялық тұрғыдан мынадай 
анықтама береді: «Жаңа сөз, жаңа ұғым атауларын жасауға ұйытқы болатын 
сөздің түрі негізгі сөз деп аталады.» [2, 37] 
Ғалымдардың «Негіз» сөзге берген теориялық анықтамасын жүйелей келе, 
бұл терминнің осыдан ертерек те айтылып жүргені белгілі болды. Бірақ, оқытуда 
да, ғылыми еңбектерге де енгізілмегенін байқауға болады. 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбекте: «Сөзжасамда негізгі сөз 
бен негіз сөздің қарама-қарсылығы (оппозициясы) көңіл бөлерлік мәселе. Негізгі 
сөз деп – туынды түбір жасауға қатысқан лексикалық мағынаны сөз аталады. Ал 
негіз болудың басты шарты – оның лексикалық мағынасының болуы. 
Лексикалық мағынасы бар сөздер туынды сөздер жасауға негіз болады», 
- делінеді. [3, 29] 


197 
А.Қалыбаева, Н.Оралбаева 1986 жылы жазған еңбектерінде түбір, негіз 
деген терминдерді қазақ тілі топырағына сәйкестендіре қолдану қажет болады 
деп, негіз сөзге мынадай анықтама береді: «Негіз деген – ең алдымен туынды 
түбірдің баламасы. Оның үстіне нөл көрсеткішті сөзформаға да балама болады.» 
[4, 36-39] 
Бұған қарсы пікірді А. Салқынбай: «Кей зерттеулерде сөз тудырушы 
негіздерді туынды түбір деп атау кездеседі. Дегенмен, туынды сөз терминімен 
шатастырмау үшін, әрі қабылдауға жеңіл болуды көздегендіктен, біз бұл 
терминді қабылдамаймыз. Туынды түбір термині мен туынды сөз термині бірін- 
бірі жоққа шығарады. Туынды сөз бар жерде туынды түбір бола алмайды. 
«Туынды» деген сөздің өзінің негізгі мағынасы екінші бір зат атауының пайда 
болғандығын айқындап тұр. Ал түбір сөз әуелгі түбір, бастау дегенді танытады. 
Демек, түбір сөздің өзі туынды бола алмайды», - деп берген болатын. [5, 40] 
К. Аханов та негіздің түбірден айырмашылығы – сөздердің әр түрлі лесика-
грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика- грамматикалық 
тобының формаларына ортақ болып келеді – деп түсіндірген. Мысалы, бас 
морфемасы зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің бәріне бірдей ұйытқы, 
бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат 
есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз – бастық, ал бастап, 
бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне 
бірдей ортақ негіз – баста. Басқа, басқарып, басқарғалы, басқарған, басқарар, 
басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады. [6, 23-29] 
Яғни, қорытынды – түбір морфема – сөздердің қандай лексика- 
грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың 
бәріне ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын элемент, ал негіз – 
белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр 
түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқы. 
Түбір морфема сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі 
лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен 
жұрнақтың қосындысынан жасатады. Мысалы, күйші, малшы, достық, таулы, 
өрле, бағала және т.б. 
Негіз бір ғана морфологиялық элемент – таза түбірден де құралуы мүмкін. 
Мұндайда, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді бірліктер 
бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: от, өт, бел, без, жер, жел, тас, ай, күн және 
т.б. 
Сондай-ақ, өте сирек жағдайда туынды түбір құрамында тілде жеке 
қолданылмайтын негіз сөздер де кездеседі. Мұндайда негіз сөздің лексикалық 
мағынасы анық байқалмайды. Бірақ бұл тілдің қазіргі кезеңіне, дәуіріне, 
сатысына байланысты. Мысалы: ұял, ұят, оян, жұбан, жұбат, шалқала, момын, 
момақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя, дұба, мом 
элементтерінің қазір лексикалық мағынасы анық көрінбейді. Олар қазір тілде 
жеке лексикалық единица ретінде қолданылмайды, сөздік қорда ол сөздер 
сақталмай, қолданудан шығып қалған. Сондықтан олардың лексикалық 


198 
мағынасы байқалмайды, бірақ осы туынды түбірлер жасалған кезде олардың 
лексикалық мағынасы болған. 
А. Ысқақов болса, бұл негіз сөздерді өлі түбірлер я көнерген негіздер деп 
атайды. [7, 92] 
Жалпы тіл білімінде одан әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы ең 
кіші лекскалық единица сөздің негізі (корень слова) саналады. Ол негізгі бөлшек 
лексикалық мәнді беруші грамматикалық көрсеткіш қана, онда грамматикалық 
мағына болмайды және зерттеу әдістерінің қай түрімен тексерсе де, оның 
құрамынын жұрнақ немесе жалғау тәрізді үстеме морфема табылмайды. Ал, 
сөздің түбірі (основа), құрамы, тарихи қалыптасуы жағынан мұнан өзгеше болып 
келетіні туралы А. Хасенова түсіндіріп кеткен болатын [8, 41] 
Сөзжасамдық талдау үлгісін жасаған ғалым Б.Б. Жахина да негіз сөздің 
ерекшеліктерін көрсеткен болатын: 
1.
Негізгі сөздің өз ішінде бөлшектенбейтіндігі аңғарылуы тиіс. Яғни, 
негізгі сөздердің дыбыстық құрамы әр түрлі болғанмен, бір ғана лексикалық 
мағынаны білдіріп, бір ғана ұғым атауы болатындығы сондықтан сөз жасайтын 
құранды бөлшектерге бөлінбейтіндігі бір бүтін, дербес сөздер екендігі 
аңғарылуы тиіс. 
2.
Басқа жаңа сөздердің түрлерін жасауға негіз болатындығы аңғарылуы 
тиіс. 
3.
Әрі сөз жасауға негіз болған басқа сөздердің мағыналарымен ұштасып 
жататындығы аңғарылуы тиіс. Сондықтан да бір негізден тараған сөздер негіздес 
сөздер (бұған дейін түбірлес сөз деп келген) деп аталатындығы да түсіндірілуі 
тиіс. [2, 37] 
Көріп тұрғанымыздай, екі ғалымның да негіз сөздің ерекшеліктері туралы 
айтылғаны сәйкес келеді. 
Сөзжасамдық құрылым негізгі екі элементтің (негіз сөз бен сөзжасамдық 
формант) қосындысынан тұрады. Ал туынды сөздің морфемдік құрылымы 
бірнеше мағыналы бөлшектерден құралуы мүмкін. Себебі, туынды сөздің басты 
белгісі – өзін негіздеп тұрған сөз жасаушы тұлғамен мағыналық және тұлғалық 
жағынан байланыстылығында. 
Жалпы сөзжаса сөз мағынасын жалпы лексикалық мағына ретінде емес, 
сөзжасамдық мағына ретінде қарайды. Анығырақ айтсақ, ол туынды сөздің 
мағынасының қалай жасалғанын зерттейді. Туынды лексикалық мағынаның 
қандай негіз сөздің мағынасы арқылы жасалғанын анықтамайынша, 
сөзжасамдық мағынаны белгілеу мүмкін емес. Мысалы, ақта деген туынды сөздің 
мағынасы оған негіз болған ақ деген сөздің мағынасы арқылы дәлелденеді. Сол 
сияқты көйлекшең, таулы, өнерпаз сияқты туынды сын есімдердің мағынасы 
оларға негіз болған көйлек, тау, өнер сөздері арқылы анықталады. Өйткені осы 
негіз сөздердің мағынасы олардан жасалған көйлекшең, таулы, өнерпаз деген 
сөздердің мағынасы байланысты. Туынды сөз бен негіз сөздің мағыналық 
байланысы сөзжасамдық мағынаның негізгі 


199 
белгісіне жатады. Мұның бәрі сөзжасамның негіз сөзден туынды сөздердің 
жаслау жүйесін зерттейтінінің дәлелі болып табылады. 
Тілде қалыптасқан заңдылық бойынша туынды сөздің морфемдік құрамы 
негіз сөздің морфемдік құрамынан күрделі болу керек. Басқаша айтқанда, 
туынды сөздің құрамындағы морфемалардың саны нешіз сөздің морфема 
санынан көп болады. Бұл ерекшелік туынды сөз бен негіз сөзді ажыратудағы 
негізгі белгілердің бірі. 
Сонымен қатар мағыналық жағынан да осы ерекшелік көріну керек. 
Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағыасынан 
жасалатындықтан, оның туынды мағынасынан жасалатындықтан, оның туынды 
мағынасына негіз сөздің мағынасы айғақ болады. Малшы, етікші, өлеңші деген 
туынды түбірлер мағынасының жасалуына мал, етік, өлең деген заттардың аты 
негіз болған. Бұл жансыз заттардың атының негізінде малды бағатын адам, етікті 
тігетін адам, өлеңді айтатын адам деген сияқты олардан тараған мамандық атауы 
жасалған. 
Осы тұрғыдан келгенде, жоғарыда айтып кеткендей, жаңа сөз жасауға негіз 
болатын сөзге қойылатын талап оның лексикалық мағынасы болу керек. 
Демек, туынды түбірлер екі морфемадан тұрады. Оның бірі – негіз сөз, 
екіншісі – көмекші морфема. Негіз сөз туынды түбірдің жасалуына негіз болып, 
туынды лексикалық мағынаға арқау болады. 
Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеген З. 
Бейсенбаева сөзжасамдық талдау мен морфемдік талдаудың ара-жігін ажыратып 
көрсетті. «Сөзжасамдық талдаудың мақсаты – түбірдің немесе негіздің 
сөзжасамға қатысын, қандай тәсіл арқылы (жаңа сөздің) жасалатынын анықтау. 
Морфемдік талдаудың мақсаты – сөздің қандай морфемдерден тұратынын 
анықтау. Соның нәтижесінде сөздің қандай мағыналы бөліктерден 
(морфемдерден) тұратынын білеміз. Сөзжасамдық талдаудың тәсілі негіз сөзді 
анықтау, қандай тәсіл арқылы жасалғандығын білу, туынды сөзді сөзжасам 
мағынасына, тізбегіне, ұясына, типіне, нормасына қарай талдау.» [9, 76] 
Сөзжасамдық талдауда сөзді соңынан бастап талдаймыз. Мысалы, 
баспагер деген сөзді талдауда бірден түбірді бөліп алсақ (бас), онда баспагер сөзі 
бастан пайда болды деп түсініп қалуымыз мүмкін. Баспагер сөзіне негіз сөз баспа, 
бұл туынды сөз –кер қосымшасы арқылы жасалған, яғни синтетикалық тәсіл. 
Баспа-гер. Бұл сөз баспамен айналысатын адам деген ұғымды білдіреді. Туынды 
сөздің жасалу тәсілін, негізін анықтап алғаннан кейін, сөзжасам мағынасын 
табамыз. Ол кәсіпті білдіреді. Сөзжасамдық мағынасы: баспа- баспагер. 
Сөзжасмдық тізбегі: бас-баспа-баспагер. Сөзжасамдық ұясы: бас- басшы; баспа-
баспагер; басыл-басылым, т.б. Барлық саны 20-дан асады. Сөзжасамдық нормаға 
сай, өйткені туынды сөз белгілі бір атаулық қызмет атқарып тұр. 
Сол сияқты суретші сөзіне сөзжасамдық талдау жасап көрейік. Туынды 
сөзге негіз сөз – сурет. Суретші белгілі бір кәсіпті білдіреді, -шы қосымшасы 
арқылы жасалған. Мағынасы: мамандық, кәсіпті білдіру. Қатынасы: сурет- 
суретші. Ұясы: сурет-суретші-суреткер. Тізбегі: сурет-суретші-суретшілік. 


200 
Нормаға сай. Морфемдік талдауда сөзді морфемдерге жіктейміз. Мысалы: 
суретші сөзін морфемдік талдауда алдымен мағынаны бөлшектерді тауып 
аламыз. Яғни түбірі: сурет, -ші қосымша. Нәтижесінде суретші сөзі мағыналы екі 
бөлшектен тұратындығын анықтаймыз. 
Қорытындылайтын болсақ, негіз термині – сөзжасам мәселесі. Өйткені, 
өзінің лексикалық мағынасынан-ақ бір нәрсе жасауға тірек, фундамент деген 
ұғымды бере алатынын және «негіз» бір ғана сөзге емес, бүтіндей сөзжасамдық 
ұя жасауға қабілетті термин болып табылатынын көретінін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет