кейін ActivInspire бағдарламасы таңдалынған нұсқаны қабылдайды. Бұл тест
алынып болғанан соң оқушылардың берген жауаптары Microsoft Excel
бағдарламасына экспортталады да, қай оқушы қандай уақытта қанша пайызға
дұрыс орындағанын тізім бойынша анық көрнекі ретінде көре аламыз. Бұл
біріншіден мұғалімнің уақытын үнемдесе, ал екінші жағдайда оқушылар
өдерінің білім дәрежесінің әділ бағаланғанын лезде көре алады. Сонымен қатар
нәтижелерді оқушының аты-жөні бойынша немесе сұрақтар бойынша
сұрыптауға болады
(3 – сурет).
3 – сурет. Тест нәтижелерінің Excel бағдарламасындағы қортындысының бейнесі.
Суреттегідей бейнеленеді қызыл түске боялса қате дегенді, ал жасыл түске
боялса дұрыс жауап дегенді білдіреді.
Интерактивтік тесттер алу мұғалімге төмендегідей мүмкіншіліктер береді:
✓
өтілген тақырып бойынша алынған тест арқылы оқушылар сапалы түрде
меңгергендігін бағалауға;
✓
сұрақтарға оқушылардың жауап қайтару әрекеттерін көруге;
✓
сабақта пікірталастарды ұйымдастыруға;
✓
тест сұрақтарына жауап беру кезінде уақыт бойынша шектеулер қоюға;
✓
тестің нәтижесін дереу алуға;
✓
оқушылармен біріге отырып тест нәтижелеріне сараптамалауға және
қатемен жұмыс істеуге [4].
Достарыңызбен бөлісу: