50
отырып түсіндіру, аудиториямен көру байланысын орнату қажет.
Дауыс монотонды болмауы керек; сөйлеудің қандай да бір сәттерін бөліп
алу керек, қаттырақ және жәй сөйлеу, тез және баяу сөйлеу және т.б.
Дауыс пен артикуляциялық аппаратты орнату үшін 3-5
рет кез-келген
жаңылтпаш айту керек. Мысалы:
Көк шәйнекте ақ қалпақ, ақ шәйнекте көк қалпақ.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Ораторлық өнердегі тағы бір маңызды ұғым – метахабарлама.
Елестетіп
көріңіз: баяндамашы аудитория алдына шығады.
Ол әлі де бір сөз айтпады, ал өз денесімен аудиторияға «Мен толқыдым»
немесе «Мен сенімдімін», «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» немесе «Сіз
мені жалықтырдыңыз», «Қазір қызықты болады» немесе «Қазір
қызықсыз
баяндама болады» деген ақпаратты таратады.
Зерттеулерге сүйенсек, таныстырылым кезінде тыңдаушыларға әсер ету,
негізінен, бейвербалды коммуникациядан тұрады:
55% –
дене қимылы (тұрысы, қозғалысы, мимикасы),
шамамен 38 % – дауыс (түс,
интонация, ритм, тембр),
бұл сөздер шамамен 7% сөзге келеді.
Метахабарлама шартты түрде үш санатқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: