95
4.
ЖАЛПЫ ОРТА ШЖМ-ДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«
Ғылымда естілетін ең қызықты
фраза - жаңа ашылған жаңалықтарды
білдіретін фраза – «Эврика!» емес, «Ал міне
қызық!...».
Айзек Азимов
Баланың бүкіл өмірі жасы мүмкіндіктерін ескере отырып, келесі жас
кезеңіне көшуге итермелеуді ескере отырып ұйымдастырылуы тиіс. 15-18 жас-
үлкен мектеп жасы (жасөспірімдер).
Оқу-жаттығу жоғары сынып білім алушыларының басты қызмет
түрлерінің бірі болып табылады. Жоғары сыныптарда білім аясы кеңеюде, білім
алушылар сабаққа саналы түрде қарауды бастайды
Бұл жаста білім алушылардың екі түрі кездеседі: біреуі өз мүдделерін
біркелкі бөледі, басқалары бір ғылымға деген қызығушылығымен
ерекшеленеді.
Мұндай айырмашылық себеп сипатымен анықталады.
Бірінші орынға
білім алушылардың өмірлік жоспарларымен, олардың болашақта ниетімен,
дүниетанымымен және өзін-өзі анықтаумен байланысты себептер ұсынылады.
Ересек жасөспірімдік жас пен жастық шақ – ол тұрақтану кезеңі, кешегі
бала ересекке айналады. Ол үшін негізгі міндет – өзінің «менімен» анықталып
алып, әлемдегі өз орнын табу. Бұл жаста жасөспірімдердің бойында
құрдастарымен қарым-қатынас жасап, араласу басты болып табылады. Оларға
өз құрдастары ұжымындағы әлеуметтік мәртебе маңызды. Бұл ретте оқу
қызметі, ата-аналармен және мұғалімдермен қарым-қатынас жетекші болып
табылмайды. Жыныстық-жеке қарым-қатынас бірінші кезекте болады.
Жасөспірімдік және жастық шақ жаста психикалық танымдық үдерістерді
дамыту жалғасады. Зияткерлік салада дерексіз, теориялық ойлау басым
болады. Логикалық жады дамиды. Ол механикалық жадты екінші орынға
ығыстырады. Бұл жаста ойлау стилінде көрініс табатын жеке қызмет стилі
қалыптасады. Әлемнің жалпыланған түсінігіне беталыс туындайды.
Жасөспірімдер қоршаған адамдарға және болып жатқан құбылыстарға баға
береді.
Ересек мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін зерделей
отырып, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар жасөспірімдер мен
жастардың дамуының негізгі заңдылықтарын анықтады. Алайда, соңғы 10-20
жылда қоғамда, жалпы білім беру жүйесінде небір өзгерістер болды.
Ересек білім алушы саналы қойылған мақсаттарды басшылыққа ала
бастайды, белгілі бір салада білімді тереңдетуге ұмтылады, өздігінен білім
алуға ұмтылады. Білім алушылар қосымша әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс
96
істей бастайды, қызығушылық танытқан дәрістерге қатыса бастайды, қосымша
мектептерде сабақ алады.
Өз құрылымы бойынша ересек білім алушылардың ынталары жеке тұлға
үшін бағалы, жетекші ниеттерінің бар екендігімен сипатталады. Жоғары сынып
білім алушылары мектепті аяқтаудың жақын қалғандығы және өмір жолын
таңдау, білімдерін одан әрі жалғастыру немесе таңдаған мамандығы бойынша
жұмыс істеу, зияткерлік күштердің дамуына байланысты өз қабілеттерін
көрсету қажеттілігі сияқты себепетрді көрсетеді.
Жоғары сынып білім алушылары үшін физикалық және ақыл-ой
жүктемелеріне дайын болу тән. Жоғары сынып білім алушыларының ойлары
болашаққа бағытталған. Бұл жаңа әлеуметтік ұстаным олар үшін ілімнің
маңыздылығын, оның міндеттері мен мазмұнын өзгертеді. Олар оқу үдерісін
болашақта оларға беретіні тұрғысынан бағалайды. Мектептегі сабақтарға
басқаша қарайды. Өзін-өзі анықтау, өзінің өмірлік жолын таңдау міндеті
бірінші кезектегі маңызды міндет ретінде ересек оқушының алдында тұрады.
Ересек мектеп жасында кәсіби және оқу мүдделерінің арасында өте берік
байланыс орнатылады. Жасөспірім бойындағы мамандық таңдауды оқу
мүдделері анықтайды. Жоғары сынып білім алушыларының бойында
керісінше: мамандық таңдау оқуға қызығушылығын қалыптастыруға, оқу іс-
әрекетіне деген қарым-қатынасты өзгертуге ықпал етеді. Өзін-өзі анықтау
қажеттілігіне байланысты оқушылардың бойында айналасындағыны және өзін-
өзі түсіну, болып жатқан оқиғаның мағынасын табу қажеттілігі туындайды.
Жоғары сыныптарда білім алушылар теориялық, әдіснамалық негіздерді, түрлі
оқу пәндерін меңгеруге көшеді.
Жоғары сыныптарға ауысумен және бағдарламаның күрделенуімен
өмірлік жолға қатысты алдағы таңдау мен кәсіби өзін-өзі анықтауға
байланысты психоэмоционалдық жүктемелер артады. Көпшілігі бұған дайын
емес болуы әбден мүмкін. Бұл жүйке-психикалық тұрақсыздық пен мінез-
құлықты реттеу бойынша көрсеткіштердің төмендеуін түсіндіреді.
Құндылықтар жүйесі қайта ойластырылуда. Дәл осы арқылы моральдық
нормативтерге бағдарлану көрсеткіштерінің төмендеуін түсіндіруге болады.
Білім алушы тұлғасының дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайларда өтеді,
олар отбасы мен жақын айналаны, сондай-ақ білім беру ортасын
қалыптастырады. Сондықтан жоғары сынып білім алушылары тұлғасының
бейімделу сипаттамаларының төмендеуі оқу орнының білім беру ортасының
ерекшелігіне байланысты. Оқу үдерісі үшін әртүрлі пәндер бойынша білімді
жүйелеу, пәнаралық байланыстарды орнату тән болып табылады. Бұл табиғат
пен қоғамдық өмірдің жалпы заңдарын меңгеру үшін негіз жасайды және
ғылыми дүниетанымның қалыптасуына алып келеді. Жоғары сынып білім
алушысы оқу үрдісінде әртүрлі ой операцияларын сенімді пайдаланады,
логикалық пайымдайды, есте сақтайды. Егер жасөспірім қандай да бір
құбылыстың не екенін білгісі келсе, онда жоғары сынып білім алушысы осы
сұраққа әртүрлі көзқарасты түсінуге, пікір құруға, шындықты анықтауға
тырысады. Егер ақыл-ойға сауалдар болмаса, оларға қызықсыз болады. Олар
97
зерттеу және тәжірибе жасауды, жаңа түпнұсқа және жаңалық тудыруды жақсы
көреді, тек теория мәселелерімен ғана емес, талдаудың өзі, дәлелдеме тәсілімен
қызықтырады. Білім алушыларға оқытушы әр түрлі көзқарастар арасындағы
шешімді таңдауға мәжбүр еткені, қандай да бір тұжырымдарды негіздеуді талап
еткені ұнайды. Олар мұғалімдермен таласқа түсіп және өз ұстанымын табанды
түрде қорғайды.
Жоғары сынып білім алушылары жасөспірімдерге тән сезімдер
көріністеріндегі төзімсіздікті, импульсивтілікті жеңеді, сүйікті кітаптар,
жазушылар, композиторлар, сүйікті әуендер, суреттер, спорт түрлері және т. б.
пайда болады және сонымен қатар кейбір адамдарды жаратпаушылық, белгілі
бір сабақ түрлерін ұнатпау және т.б.
Білім алушының қоғамға деген бағыты, қоғамға, адамдарға пайдасын
тигізу ниеті күшейе түсуде. Бұл туралы ересек жастағы білім алушылардың
қажеттілігінің өзгеруі куәландырады. Бастауыш сынып білім алушыларының 80
пайызында жеке қажеттіліктер басым, тек 20 пайызда білім алушылар басқа,
бірақ жақын адамдар үшін пайдалы нәрсе жасауға ниет білдіреді.
Жасөспірімдердің 80% -ы жеке қажеттіліктері үшін басымдық береді, ал тек
20%-
ы жақын адамдар үшін пайдалы іс жасауға ниет білдіруде.
Жасөспірімдердің 52 пайызы басқа адамдар үшін жақсылық жасағысы келеді
тек, өздерінің айналасындағы адамдарға ғана. Жоғары сынып білім
алушыларының көпшілігі мектепке, қалаға, ауылға, мемлекетке, қоғамға көмек
көрсетуді қалайды.
Жоғарғы сыныптағы білім алушының дамуына құрдастары зор ықпал
жасайды, жас кезеңдеріне қарағанда ересектермен қарым қатынасы жоғары.
Ересек адаммен дос болуды қалау, туындаған және өзініне қойылған
мәселелерді анықтау, шешу кезінде өте қиын болуы мүмкін екендігі
түсіндіріледі. Осындай сұрақтар құрдастар арасында қызу талқыланады, бірақ
мұндай талқылаудың пайдасы салыстырмалы: олардың өмірлік тәжірибелері
аз болғандықтан үлкендердің тәжірибесі қажет болады.
Жоғары мектеп жасындағы білім алушылардың әлеуметтік және
психологиялық қасиеттері, ең алдымен сыныптастар арасында және басқа
тұлғалардың тұлғалық көзқарастары арасында қалыптасады. Жоғары сынып
білім алушылары адамның моральдық сипатына өте жоғары талаптар қояды.
Жоғары сынып білім алушыларының өзін-өзі бағалауы және басқа
адамдарға қойылатын талаптарды танудың жоғары деңгейін көрсетеді. Оларда
жаңа ерекшелік айқын көрінеді - өзінің мінез-құлқын қатаң және объективті
түрде бақылауға, өзін-өзі сынауға көмектеседі. Жоғары сынып білім
алушылары жасөспірімдерге қарағанда жинақы болады.
Осылайша, жасөспірімдер жасындағы тән ерекшеліктер: ішкі еркіндік,
этикалық идеализм және максимализм, эстетикалық идеализм, шындықты
тануға және қайта жасауға ұмтылу, әуестенудегі риясыздық, қайырымдылыққа
және сенушілікке, шындықты қабылдаудың көркемдік, шығармашылық сипаты
болып табылады.
98
Бұл қоршаған ортаға деген қарым-қатынастың эстетикалық
критерийлерін
белгілеу,
басым
құндылықтарды
таңдау
негізінде
дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру жасы. Қабылдау этикалық
нормаларға сәйкес келмейтін барлық әсерлерді бұзатын этикалық кедергінің
болуымен сипатталады.
9-
сыныптан жоғары сыныптарға ауыстыру ауызша логикалық
(тұжырымдамалық) ойлау, операциялық және қысқа мерзімді есте сақтау, көңіл
бөлу, саналы ақпараттарды және психикалық үдерістерді оңтайландыру
тәсілдерін көрсетеді.
Сәйкесінше, жоғары сынып білім алушыларының жалпы
зияткерлік даму деңгейін көтеруді де атап өтуге болады. Мұндай түбегейлі
өзгерістер бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |